елдің талаптары мен шарттарына бейімдеу үрдісі. Локализация
бойынша жұмыс əртүрлі профилдегі мамандардың санын: аударма-
шыларды, инженерлерді, программистерді жұмысқа жұмылдыруды
қажет етеді.
Информатика жəне білімді ақпараттандыруды оқытудың
əдістемелік жүйесін дайындау жəне оқу мекемесінің ақпараттық
білім ортасын мемлекеттік тілде құру, сонымен қатар олармен байла-
нысты білімді ақпараттандыру мəселелері педагогикалық, ғылыми-
əдістемелік зерттеулердің өзекті мəселелері болып табылады.
Локализацияланған программалық құралдар, білім беру үрдісінің
абсолютті атрибуты бола отырып, бұл үрдіске қатысатын нақты ны-
сан ретінде талқылауға түседі.
Аталған мəселелер біздің республикамызда информатика жəне
білімді ақпараттандыруды оқыту əдістемесінің бұрыннан бар прак-
тикасы білім мақсатына арналған программалық құралдарды лока-
лизациялауды тездету қажеттігін көрсетеді.
Білім беру мақсатында программалық құралдарды локализация-
лау бойынша мемлекеттік деңгейде сенімді қадам жасау қажеттілігі
туындауда, сондай-ақ Microsoft компаниясымен біріге отырып,
осы мақсатта Қазақстан арнайы кəсіпорын ашу арқылы жəне осы
саладағы сəйкесінше мамандарды жұмысқа тарту арқылы жүзеге
асыруына болады. Қазақстан Microsoft компаниясымен тығыз бай-
ланыста локализацияланған программалық құралдарды апробация-
дан орталықтандырып өткізуі қажет, оларды барлық нормативтік-
құқықтық, технологиялық, оқу-əдістемелік материалдармен оқыту
жəне сонымен қатар оларды оқу үрдісінде ҚР оқу мекемелері бойын-
ша, нұсқаулар мен терминологиялық материалдарды қоса алғанда,
міндетті қолдану негізінде тарату. Бұл бағытта арнайы жұмыстар
жүргізілуде.
Қашықтықтан білім беру технологияларын дамыту жəне қолдану
өспелі жағдайда өтіп жатыр. Бұл саладағы прогресс Отандық
білім беру жүйесін реформалау мен жетілдірудің, сондай-ақ оны
халықаралық білім беру кеңістігінде халықаралық талаптар мен
интеграцияға сəйкес келтірудің маңызды факторы болып табылады.
Қашықтықтан білім беру Елбасы Н. Ə. Назарбаев атап кеткен-
дей, Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті елу елінің қатарына
қосылуының стратегиялық мақсатына сəйкес келетін білім беру
саласының негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырылуы қажет.
19
ҚР білім беру жүйесін реформалау аясында жаңартылған
нормативтік-құқықтық база құрылған, оның негізі төмендегі
құжаттарды қамтиды:
- ҚР «Білім туралы» заңы, 2007 жылдың шілдесінде қамтылған;
- 2008-2012 жылдарға арналған техникалық жəне кəсіби білім
беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;
- 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы.
Бұған қоса, қашықтықтан оқытудың нормативтік-құқықтық
базасы дайындалған. Дербес алғанда, «Қашықтықтан оқытудың
техникалық жəне программалық құралдары» СТРК 34.016-2004
ҚР Мемлекеттік стандарты, ҚР Мемлекеттік білім беру стандарты
«Ақпараттық технология. Электрондық басылым» СТРК 34.017-
2005, ГОСО ҚР 5.03.004-2006 «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру.
Негізгі ұсыныстар» Мемлекеттік 19 ЖОО эксперимент түрінде
қашықтықтан оқытуға дайындауға рұқсат етілген.
2020 жылға дейінгі Мемлекеттік білім беру бағдарламасында
білім беруді ақпараттандыру мəселелері, соның ішінде қашықтықтық
білім беру технологияларын енгізу алдыңғы қатарлы технологиялар
ретінде қарастырылған.
IT-технологиялармен қашықтықтан оқытуға негізделген қазіргі
білім беру жеке мемлекеттің аумағынан тыс аймақты да қамтуға
болатындай, ашық, «қабырғасыз жəне шектеусіз» білім ретінде си-
патталады. Бұл кез келген адамға орналасқан жеріне жəне мекен-
жайына қарамастан, əлем бойынша жоғары сапалы білімді алуға
мүмкіндік беретін үлкен жетістік. Екіншіден, бұл кез келген ел үшін
өзін халықаралық ортада көрсетуге, өзінің мəдени жəне саяси əсерін
таратуға, өзінің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға үлкен мүмкіндік.
Қазақстан үшін жоғары сапалы қашықтықтан білім беру жəне
ашық білім беру технологияларын енгізу маңызды əлеуметтік
мəселені шешу де болып табылады. Біздің республикамыз
тұрғындардың аздығына қарамастан үлкен территорияны қамтиды.
Тұрғындардың көпшілігі ауылда жəне қалада, облыс жəне аудан-
нан қашық тұрған жерлерінде өмір сүреді. Кейбір мекенжайларда
шағын комплектілі мектептер бар. Тек қана бастауыш сыныптары
ғана бар мектептер де жоқ емес. Шалғай жерлерде шағын шаруа
қожалықтары мен мал шаруашылығы фермаларының бас көтеруіне
байланысты жанұялық топтар пайда болып, шаруа қожалықтары
алыс жерлерде орналасқандықтан, кейбір балалар мектепке бара ал-
20
мауда. Мұндай жағдайда халыққа міндетті жалпы орта білім беру-
мен қамтамасыз ету күрделі мəселеге айналады. Бұған мүгедек жəне
мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоса келтіруге болады.
Осыған ұқсас мəселелер кəсіби білім беру саласында да
байқалады. Техникалық кəсіби білім беруді (колледждер мен ЖОО)
ұйымдастыру жоғары біліктілікті оқытушылар бар үлкен қалаларда
шоғырланған. Қала маңындағы аймақтарда халықтың толық кəсіби
білім алу мүмкіндігі туралы түсінігі қанағаттандырылмайтын
барлық категориядағы мамандардың тапшылығы байқалуда.
Бұл тұрғылықты жері мен денсаулығы белгісі бойынша
ерекшелігі бар арнайы категориядағы азаматтардың конституциялық
құқығын бұзу элементі байқалатын маңызды əлеуметтік мəселе.
Мұны түсіне келе, мемлекет аталған мəселені шешу үшін барлық ша-
раларды қолдануда. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы бағыт ретінде
қашықтықтан білім беру технологияларын ендіру қарастырылуда.
Бұл жағдайда алдыңғы қатарда жоғарғы білім беру
бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беруді ұйымдастыру
мəселесі тұрғысынын практика көрсетуде. Қазіргі кезеңде көптеген
ЖОО-да қашықтықтан оқыту элементтері қазіргі ақпараттық тех-
нологиялар мен телекомуникациялық жүйелер негізінде енгізілген.
Электронды жəне білім беру ресурстары электронды оқытушы
жүйелер, виртуалды зертханалар жəне тренажерлер, электронды
оқулық жəне т.б. түрінде дайындалуда жəне енгізілуде.
Қазіргі таңда практикалық тұрғыдан қашықтықтан оқыту
элементтерін енгізуге мүмкіндік беретін ЖОО-лардың жеке Ин-
тернет желісінде сайты бар. Тек қана кейбір ЖОО белсенділігі
төмендігі ғана үлкен мəселе болып қалуда, сондай-ақ олар жеткілікті
дамытылған ресурстық базаның болмауын ақпараттық техноло-
гиялар мен қашықтықтан оқыту саласындағы жоғары дəрежелі
мамандардың тапшылығымен түсіндіреді.
Қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу бойынша алдыңғы
қатарлы ЖОО ретінде, Қ. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ, Д. Серікбаев
атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті,
Атырау мұнай жəне газ институтын, Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетін, Казпотребсоюз экономикалық универ-
ситетін, М. Əуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік
университетін атауға болады.
Жалпы орта білім беру жүйесінде арнайы жетістіктер де жоқ
емес. Мектеп мазмұнының 60% пəндері қазіргі күні сандық форматқа
21
ауыстырылған. Салыстыру үшін айтсақ, Эстониядағы көрсеткіш
80%, Голландияда - 96%.
Онлайн режимінде оқыту жүйесін енгізу туралы Елбасының тап-
сырмасын орындау мақсатында, 2007 жылы мемлекетіміздің 1600
мектебі интербелсенді кабинеттермен жабдықталды, 2008 жылы
1000 мектеп қамтамасыз етілген болатын. Үш тілде интербелсенді
сабақтар өткізу үшін қазақстандық ресурстарды дайындау туралы
жұмыстар жүргізілуде. Білім беру үдерісінде интербелсенді техно-
логияларды қолдану бойынша педагогикалық кадрларды жоспарлы
дайындау жүзеге асырылды.
2007 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының
Президенті еліміздің 1000 жалпы білім беретін мектептерінің
оқушылары үшін интербелсенді сабақ өткізді. Былтырғы оқу
жылынан бастап республиканың ең үздік мұғалімдері осындай
сабақтарды апта сайын өткізе бастады. Қазіргі таңда мемлекеттік
органдар министірлік деңгейінде Елбасының жолдауына байланыс-
ты интербелсенді сабақтар жүргізуде. Жақын уақытта «Жылдың
ең үздік оқытушысы» грантының иегерлерінің интербелсенді
сабақтарын жүргізу жоспарлануда.
Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы аясында рес-
публикада қазақстандық білім беру порталы дайындалды. Оның
негізгі мақсаты – барлық тұрғындардың ҚР Білім жəне ғылым
министрлігімен қатынастық байланысын қамтамасыз ету, аймақтар
арасындағы ақпаратпен алмасуды жүзеге асыру, ақпараттық өзара ал-
масу маңызды процедураларын автоматтандыру. Портал арқылы оқу
теледидарындағы білім беру бағдарламаларын Интернет негізінде
жеткізуді жүзеге асыруға болады.
Қазіргі таңда министрлікте техникалық жағынан дамыған ел-
дерде қолданылып, жүзеге асырылған бастауыш мектепте арналған
«1 оқулық:1 компьютер» электрондық оқыту білім беру моделін
енгізу мəселесі қарастырылуда. Аталған модель оқушымен компью-
тер қарым-қатынасы «бірде бір» болатын оқытушы ортаны құруды
ұсынады. Мұнда арнайы дайындалған ноутбук компьютерін қолдану
қарастырылған.
Электронды жəне қашықтықтан оқыту саласында жинақталған
тəжірибені ескере отырып, білім беуді ақпараттандыруға қатысты
2020 жылға арналған білім беруді дамыту бағдарламасының
негізгі бағыттары айқындалған. Аталған бағдарламада 2020 жылы
қазақстандық білім беру жүйесі бірыңғай əлемдік ақпараттық-білім
22
беру кеңістігінің бір бөлігі ретінде қызмет ететіндігі болжанған. Білім
беру үрдісін технологияландыру қамтамасыз етілген, оның оқытудың
жеке траекториясына байланысты бағдарлануы, ашықтығы жəне қол
жетімділігі қарастырылған.
IT технология саласындағы əлемдік жетістіктердің негізінде
білім беруді ақпараттандыру қазақстандық білім берудің
инновациялық алдыңғы қатарлы дамуының құралы болып табы-
лады. Осыған орай стратегиялық мақсаттары ретінде білім беруді
ақпараттандырудың негізгі бағыттары бойынша тізбектелген
жүйелік саясат анықталған. Бұл бағыттарға: нормативтік-құқықтық
қамтамасыз ету, компьютерлендіру жəне компьютерлік паркті
жаңғырту; программалық қамтамасыз ету, білім беру мен басқаруды
ұйымдастыруды интернеттендіру; отандық сандық білім беру ре-
сурстарын дайындау; мониторинг жүйесін атвоматтандыру, білім
беру ұйымдарын талдау мен басқару, педагогикалық жəне басқару
кадрларын дайындау жатады.
Компьютерлендіру саласындағы стратегия білім беру прак-
тика қажеттіліктерін ескере отырып білім беру мекемелерін
қазіргі компьютерлік техникамен қамтамасыз етудің əлемдік
көрсеткіштердің жетістігіне бағдарлануда.
Программалық қамтамасыз ету саласында Open Source
Communitu ашық əлемдік қауымдастығының идеологиясы,
принциптері мен құралдарына негізделетін, əлемдік алдыңғы
қатарлы елдер мақұлдаған өнімдерді, программалық құралдарды
қолдану мақсат етілуде.
Барлық деңгейдегі білім беру жəне басқару мекемелерін
интернеттендіру саласындағы саясат əлемдік ақпараттық-
қатынастық білім беру ортасын дамытуға бағытталған. Білім беру
жəне басқару ұйымдарын интернет желісіне əртүрлі каналдар
негізінде (спутниктік, ерекшеленген, мобильдік, кең жолақты, сым-
сыз жəне т.б.) жоғарғы қолжетімді қабілеттілікпен 100%-ға қосу
қамтамасыз етілуі тиіс.
Интернетке жəне ғылыми-білім беру желі жүйесіне Wi-Fi жəне
Wi-Max технологиялар негізіндегі білім беру ұйымдары аймағында,
əрі қарай республика масштабында білім беру мекемелері террито-
риясы зонасын сымсыз қолжетімділік аймағын құру жоспарланып
отыр. Интернет-ресурстарына ұялы телефон байланыстары арқылы
қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Web-технологияларды
енгізу мен дамыту қарастырылуда. Аймақтық ақпараттық-білім
23
беру корпоративтік компьютерлік желілерін бірыңғай жалпы
республикалық ақпараттық білім беру компьютерлік желісіне инте-
грациялау қолға алынды.
Интернет желісі құрылымында жеке дамыған инфрақұрылымы
бар жəне Қазақстан қашықтықтан білім беру жүйесіне бейімделген
жеке білім беру контенті бар, қазақстандық білім беру сегменті
жүзеге асырылуы тиіс.
Отандық сандық ғылыми-білім беру ресурстарының индустри-
ясын құру алдыңғы қатарлы өзекті стратегиялық міндеттердің бірі
ретінде қарастырылады. Қазақстанда білім беру жүйесінің қажетті-
ліктерін қанағаттандыратын жəне қойылған біліктілік талаптарына
жауап беретін жеке электрондық білім беру ресурстары өнеркəсібі
болуы қажет. Мəліметтерге сүйенсек, ұйымдардың кəсіби жəне
техникалық білім беруде қазіргі электрондық білім беру ресурста-
рына қажеттілігі оқытудың кəсіби жəне арнайы цикліндегі пəндер
бойынша 2780 бірлікті құрайды. Колледждердің кəсіби жəне арнайы
цикл пəндері бойынша қажеттілігі – 7455 бірлік, ЖОО-да базалық
жəне профильдік цикл пəндері бойынша 5347 бірлікті құрайды.
Барлық ресурстар үш тілде – қазақ, орыс жəне ағылшын дайын-
далуы қажет.
ҚР Білім беруді ақпараттандырудың стратегиялық бағыттары-
ның бірі – жоғары технологиялық автоматтандырылған мониторинг,
білім беру ұйымдарын талдау жəне басқару жүйесін құру. Ол тиімді
құжаталмасуды жəне білім беру ұйымдарының есеп беру форма-
сына, сəйкесінше, стратегиялық мəліметердің жүйелік базасын
сүйемелдеуді қамтамасыз етуі қажет. Білім беру жүйесінің жағдайын
тұтастай жəне өндірістік-білім беру іс-əрекетінің əрбір бағыты бо-
йынша сапалы мониторингілеу қамтамасыз етілуі тиіс.
Білім беруді ақпараттандыру саласында кілттік рөл педагогика-
лық жəне басқарушы кадрларға беріледі. Стратегиялық мақсаттарға
сəйкесінше ол IT-технологияларын кəсіби іс-əрекетінде кеңінен
қолдануға бағдарлануы керек. Орта, техникалық жəне кəсіби, жоғары
білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды дайындаудың оқу
жоспарына IT-технологиялары негізінде білім беру əдіснамасы курс-
тарын енгізу ұсынылады. Аталған стратегиялық бағыттар білім
беруді ақпараттандырудың, қашықтықтан жəне ашық білім берудің
барлық практикалық аспектілерін қамтиды. Бұл мəселені кешенді
түрде шешудің куəлігі болып табылады.
|