65
жобалаудың мақсаты мен нәтижесі деп түсіндіреді.
Жалпылай келгенде, жоба – белгілі бір уақыт ішінде
жүргізілетін, нәтиженің
сапасына нақты талап қойылған,
ұйымдастыруға қажетті құралдары мен қолжетімдік
ресурстары айқындалған белгілі бір жүйені мақсатты түрде
ӛзгерту – деген (В. Н. Бурков, Д. А. Новиков) пікірге сай дей
аламыз, ӛйткені, бұл жобаның мақсаты мен нәтижесін
кӛрсетеді.
Жобаны құрастыру материалдары ретінде теориялар,
модельдер,
түсініктер,
таңбалар
мен
формулалар,
алгоритмдер мен парадигмаларды айта аламыз. Жобалаудың
түрлі салалардағы инструменталдық жүйесі
ретінде әрекет
теориясы алынады.
Жобалау әрекетінің педагогикалық мәнін ашу үшін
жобалауға негіз болатын
танымның және қалыптасқан
ортаны жаңартудың ерекше тәсілі туралы идеяларды
қарастыруымыз қажет болады, олардың бастылары:
алдын–алу идеясы – алдағы әрекеттерді жобалауға
бағытталған жобаға тән перспективалар;
әлеуеттердің
айырмашылық
идеясы
–
жоба
нысанының қалыптасқан жағдайы мен алдағы уақытта болуы
тиіс сипаттарының айырмашылығы;
бір
қадамнан–
келесі
қадамға–болашақтағы
қажеттіктердің бірте–бірте, ӛз кезеңімен жақындай беруі (Н.
А. Бернштейн);
бірлесу идеясы–жобалау барысындағы түрлі
бағыттағы
күштер мен ресурстарды біріктіре пайдалану жолдары;
кӛбейіп тарай беретін белсенді қатысушылар – (В. Х.
Килпатрик) бірлескен әрекеттер барысында мақсатты
орындауға деген қатысушылар белсенділігінің артуы.
Қазіргі
кезде
кӛптеген
ғалымдар
зерттеу
жұмыстарының
нәтижелері
сапалы
құрылған
білім
жобаларының ғылыми негіздемесі болуын, ал жобалардың
нәтижесі жаңа ғылыми идеялар мен жаңа зерттеу
бағыттарына негіз болуын дұрыс деп есептейді.
Дегенмен де, білім
беруде жобалау әрекетінің
идеядан–соңғы нәтижеге дейінгі толық циклі бойынша
жобаны таңдау, құрастыру ғана емес, идея берушілер мен
жобаны құрастырушылардың жобаны тәжірибеге ендіруге де
66
тікелей араласатын болғандықтан,
білім берудегі жобалау
әрекетінің құрылымы күрделірек болады. Оны инновациялық
жобалау тәжірибесінен айқын кӛруге болады.
Ғылыми–әдістемелік әдебиеттерде
жоба, жобалау
ұғымдарынан
тарайтын
түрлі
сӛз
тіркестері
мен
терминологиялық түсініктер кӛбеюде. Олар бір қарағанда
мәндес сияқты болғанымен әрқайсысының қолдану аясы бар,
сондықтан, жобалау әрекеті барысында пайда болуы мүмкін
қайшылықтарды болдырмау мақсатында нақтылауды қажет
етеді. Оларды тӛмендегі
сипаттары бойынша ажырата
аламыз:
Достарыңызбен бөлісу: