Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет62/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   142
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

ІІІ. Жҥзеге асыру кезеңі 
Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық 
ӛзгерістерге жүзеге асыруын қамтамасыз ету.
Бұл кезеңнің мазмұны:
1) Педагогикалық 
ұжымның 
инновациялық 
мүмкіндіктерін дайындық кезеңі бойынша аралық 
диагностикалау;
2) Бағдарлама бойынша теориялық білімді Д. Колб 
әдісімен тақырыптық семинарлар, іскерлік 
ойындар, практикумдар, тренингтер түрінде 
жүргізу, оны келесі семинарға дейінгі аралықта 


175 
тәжірибеде 
бекіту, 
талдау, 
әріптестерімен 
талқылау; 
Бағдарлама бойынша практикалық, ғылыми-әдістемелік 
жұмыстарды тӛмендегі бағыттарда жүргізу: сабақтарға 
қатысу, талдау сияқты дәстүрлі әдістемелік қызметтер,
сонымен қатар, матрицалық түрдегі шығармашылық 
зертханалар, тәжірибе алаңдары, филиалдар, ғылыми – 
кеңесшілік топ; оқу зертханаларында тәжірибелік 
жұмыстарды шыңдау. 
Ұжымдағы іс әрекеттердің мазмұндық ӛзгерістері: 
сыныпішілік, сыныпаралық, ұжымдық жобалар жасалуы; 
білім беру жобаларымен қатар, тәрбиелік, әлеуметтік мәнді 
жобалар жасалуы; білім алушылар мен педагогтар және ата- 
аналардың қатысатын бірлескен жобалар пайда болуына 
жағдайлар туғызу; 
Басқару 
құрылымының 
ӛзгеруі, 
матрицалық 
құрылымдар пайда болуы, педагогтар ұжымының, білім 
алушылардың, 
ата–аналардың 
түрлі 
тақырыптардағы 
инновациялық жобаларға белсенді қатысуы.
IV. Бақылау -бағалау кезеңі
Мақсаты: Педагогикалық ұжымның инновациялық 
дамытудағы күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі 
сәйкессіздіктерді анықтау. 
Мазмұны:
1.Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудың 
қорытындыларын бағалау кӛрсеткіштері:
– Педагогтардың жаңалықтарға кӛзқарасы, оларды 
қабылдай алуы;
– Жаңалықтарды меңгеруге даярлығы;
– Ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі;
– Педагогтардың шығармашылық белсенділігі;
– Ӛзара қарым қатынастарының деңгейі.
2. Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудан
күтілетін 
деңгей 
мен 
қалыптасқан 
деңгейлердегі 
сәйкессіздіктердің себептерін анықтау 
3. Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытуды 
одан әрі жалғастыру бағдарламасын жасау.
Берілген параметрлер мен ӛлшемдер бойынша
педагогикалық ұжымның жобалау қызметі нәтижесіндегі 


176 
кӛрсеткіштерді салыстыру арқылы күтілетін деңгей мен 
қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтауға 
болады. Ол үшін педагогикалық ұжымда жүргізілген 
сауалнамалар мен құрастырылған жобалардың нәтижелері 
жинақталады. Сонымен қатар, олардың ӛлшемдері түрліше 
болғанымен, нәтижесін есептеудің коэффициенті зерттеу 
қорытындыларын жүйелеу үшін ӛзара сәйкестендірілді.
Нәтижелік кӛрсеткіштер тӛмендегі бағалар бойынша 
анықталады: Мысалы, толық сәйкес – 3 балл, ішінара сәйкес 
–2 балл, сәйкес емес–1 балл. Жобаның сәйкестік формуласы:
К = Кф : Км. Аталған нәтижелерді бағалауда тӛмендегі
коэффициенттік кӛрсеткіштер пайдаланылады: ӛте тӛмен –
К < 0,45; тӛмен– 0,45 < К < 0,65; жеткілікті– 0,65 < К < 0,85; 
қажетті – К > 0,85.
Осы коэфициенттердің әр ұжым бойынша мақсаттық- 
бағдарлы жобалардан бұрынғы және одан кейінгі 
кӛрсеткіштері тәжірибелік эксперимент барысында 
эксперименттік және бақылау топтарында анықталып, 
салыстырылады. 
Жобаны ұйымдастыру және жүзеге асыру ұжымның 
басқа мүшелеріне түрткі болатын  белсенді топтар құруды  
қажет етеді және олар уақытша жұмыс топтары ретінде 
ұйымдастырылып, белгілі бір жобалау қызметі аяқталғанда 
таратылуы тиіс деген тұжырымы дәлелденді. Ол жобаның 
тиімділігі оның ӛлшемдері арқылы, педагогикалық ұжымның 
белгілі 
бір 
жетістіктерінің 
кӛрсеткіштері 
негізінде 
дәлелденіп, онын ұйым тәжірибесіне ендіру аяқталған соң, 
шығармашылық топ таратылды. 
Жобалауды ұйымдастыру барысында педагогикалық 
жүйені 
басқару 
матрицалық 
немесе 
иерархиялық– 
матрицалық 
түрде 
ұйымдастырылуы, 
кӛптеген 
шығармашылық 
және 
зертханалық 
топтар 
мен 
филиалдардың кӛлденең басқарылуы қажет болды. Сӛйтіп, 
аталған түрлі қызметтер уақытша басқару құрылымдары 
арқылы жүргізілді. Оның басты ерекшелігі–басқарудағы 
дәстүрлі және жүйелік элементтер мен басқарушы органдар 
арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді мақсатқа сай 
үйлестіре отырып, мақсаттық-бағдарлы іс-әрекеттерді 
ұйымдастыруы. 


177 
Жобалау 
технологиясын 
жүзеге 
асыру 
жоба 
жетекшілері ретіндегі басқарушылардың үйреншікті іс-
әрекеттері 
мен 
қажеттіктеріне 
ӛзгерістер 
ендіреді. 
Басқарушылардың арнайы дайындықтан ӛтуі кез келген 
деңгейдегі семинарлар мен тренингтерде берілген жобалау 
технологиясын пайдалана отырып, мәселелерді анықтауда, 
шешімін табуда ұжымдық әрекеттерді ұйымдастыра алуына 
мүмкіндік береді. 
Ӛйткені, олар енді тек әрекетті жоспарлау, бақылау, 
бағалау 
ғана 
емес, 
педагогтардың 
шығармашылық 
белсенділіктерін кӛтеру, жүйелі және желілі ойлауға үйрету 
қызметтерін атқаруы тиіс болады. Осы мақсатта дәстүрлі 
басқарудағыдай әкімшілік жиналыстары орнына семинарлар 
мен тренингтер жүргізіледі. Семинарларда жобалау 
тұжырымдамасы мен жоспарлары, жоба барысында пайда 
болған мәселелерді талдау, шешім қабылдау, жобалардың
жүргізілуін бақылау, бағалау жүзеге асырылады. 
Бұл ӛзгерістер иерархиялық түрдегі жоғарыдан тӛмен 
қарай басқарудың орнына, басқарылатын кіші жүйелердің 
немесе элеметтердің әрқайсысының мақсатын орындауды 
кӛздейтін жүйеаралық кӛлденең байланыстардың болуына 
негізделеді.
Әкімшілік жиналыстан семинар мен тренингтердің 
негізгі 
ерекшелігі–оларды 
басқарушы 
ғана 
талдап, 
қорытынды жасамайды, талдау мен шешім қабылдау 
ұжымның барлық мүшелерінің қатысуымен орындалады. 
Сондықтан, педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін 
кӛтеру, жүйелі және желілі ойлауға үйрету рефлексиялық 
іскер ойындар арқылы да жүзеге асырылады.
Бірлескен ұжымдық әрекеттер негізінде жобалардың
іске асырылуы жариялылық пен белсенділік жағдайында 
орындалып, олар ӛз кезегінде ұжым мүшелерінің нәтижелі 
қызмет 
атқаруға, 
ортақ 
мүддені 
іске 
асыруға 
қызығушылықтарын арттыратыны сӛзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет