Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет9/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
5c152369b2040ab6348b7da0c60eb71a

Отыз басты от-ана –
Батырлардың анасы.
Қырық басты қыз-ана –
Қыдырлардың анасы.
Отың сенің шикінің
Барлығын да дәм еткен.
Демің сенің қатқанды
Елжіретіп еріткен.
Көктен түсіп от-ошаққа пана бол,
Қу бәлені, қайсар жүрек ана бол,
Көл суында кір-батпақты жуасың,
Ақ жаңқамен кіндік кесіп, туасың.
Тау басында – қызығың мен сайраның,
Толқын шашты Ұмай-ене жайладың.
Ұмай-ене – қырық пәк қыз таласы –
Сен – ішінде тазасы да, данасы!
Ақ Тәңірдің мекенінен бер медет!
Кемпірқосақ бойыменен дөңгелеп,
Ай сияқты, түстің Үлкен Тәңірден,
Құрбан шалар темір төске өрмелеп.
Аяғыңды қозғалтпас.
Азуларың сорайған –
Қиялаған құз-жартас.
Сүйегің ауыр темірден,
Терісі – серіппедей керілген.
Айқайың – күннің күркірі,
Тітіретер орманды,
Тітіретер бар маңды!


100
Ұмай-ене, толқын шашып төгіліп,
Түстің көктен алтын садақ иіліп.
Жаңа туған сәбилерді шошытпа,
Ұмай-ене, қойныңа сал, жарылқа!
Киіміңнің етегіне паналат,
Оң қолтықтың астына алып саялат.
Оң төсіңнен өмір беріп бағарсың,
Сұмырайдың сұқ көзінен қағарсың.
 Жақындатпа жын-шайтанды қасына,
Жел-құздар да бәле болар басына.
Балаларды сақта сойқан, кесірден,
Емсін ақ сүт анасының төсінен.
Өсірерсің ізгілікпен аялап.
Өмір беріп, шуағыңды саялат!
Қорға дәйім көк егінін арпаның,
Тамырларын бекіт биік аршаның.
Құдай-ана, үмітімді жалғашы,
Ұлы Дала аналарын қорғашы!
Үлкен Тәңірге жалбарыну
Уа, Ұлы баба Үлкен Тәңір!
Бөркің биік жиектері ызылған,
Әсем түсті зерлі баумен сызылған.
Үш баспалдақ тартылады тағыңа,
Тағың сенің – бар өмірге мағына!
Желден жүйрік арғымақты жараттың,
Азық болар хайуанатты жараттың.
Әйел беріп табиғаты өзгеше,
Адамзатты ұрпақ жайып тараттың.


101


102
Жерімізді қайтардың сен түнектен,
Жебе тартса жетпейтұғын түбектен.
Естілмейтін ешбір дыбыс, әуен де,
Жердің жүзін жайнаттың сен бір демде.
Ұлы әке, жаратқаның – адамың,
Әсем жандар нұр кешуін қаладың.
Үш зерлі бау құпиялы бөркіңде
Тербеледі асау желдің еркінде.
Аянбаймыз сен үшін жан жебелеп!
Жалған дүние қызықтары не керек?
Күнәға ол апарады! Не керек?
Саған – мадақ, сенсің әке-шешеміз.
Сыйынамыз! Медет тілеп өтеміз!
Ұмай Ана және Аю батыр
сте жоқ ескі заманда алып Алтай тауын қоныстанған бір 
қауым жұрт болыпты. Олар жыныс орманды жамылып, аң 
аулап, жеміс-жидек теріп жеп күнелтеді екен.
Бір жылы қыс ерекше қатал болыпты. Құрық бойы қар жауып,
ел ауыр апатқа ұшырапты. Бірнеше ай толассыз жауған қар тө-
ңіректегі тіршілікке қажетті нәрселердің бәрін тұтастай басып 
қалған. Содан адамдар да, жан-жануарлар да аштық пен суықтан 
қатты күйзеліп, қырылыпты. Тірі жан иесі атаулыдан тек жалғыз 
Аю батыр деген кісі ғана аман қалыпты.
Ол өзі аулаған аюдың терісін жамылып, аюдың терең апа-
нында өмір кешетін болғандықтан ел оны Аю батыр атап кеткен 
екен. Сол бір сұрапыл қыста Аю батыр өзінің қараңғы тас үңгіріне 
тығылып, қысқа дайындаған азық қорын талғажу етіп, жан сақтап 
қалыпты.
Күндердің бір күнінде толассыз жауған қар тоқтапты. Сонда 
үңгірінен шыққан Аю батыр: «Маңайда тірі қалған жан бар ма 


103
екен?» – деп жұтаған қауымның жұртын кезіп келе жатыпты. Бір 
кезде ол үлкен көк бөрінің бірдеңені қар астынан қазып шығарып 
жатқанын көреді. «Мынаның жегелі жатқаны адамның денесі 
емес пе екен, айырып алайын» деген оймен айғайлап жыртқышқа 
ұмтылады. Ол таяп келгенде көк бөрі тапқан олжасын тастай са-
лып, көк сағымға айналып көкке ұшып кетеді. Батыр жақыннан 
келіп қараса, ақ қардың бетінде айдай сұлу бір қыз жатады. Бұл 
бөстекке оранған бойы қар астында ұйықтап қалған Айсұлу атты 
ару екен. Өкпесі бүлкілдеп, тірі жатыр. Уыздай денесіне бөрінің 
тісі тимепті.
Қуанышы қойнына сыймаған Аю батыр айдаладан тауып алған 
Айсұлуды көтеріп, тас үңгіріне әкеледі. Қыздың бойына жан кі-
ріп, көзін ашуын күтіп ұзақ отырады. Бірақ Айсұлу терең ұйқыға 
батқан адамдай еш қимылсыз сұлық жата береді. Күте-күте шыда-
мы таусылған Аю батыр үңгірдің аузына шығып, жан-жағына көз 
салады. Айнала аппақ. Тау да, тас та, орман да, жер де ақ мамыққа 
оранған. Құрық бойы қар басқан төрт тарап тып-типыл, тым-ты-
рыс. Жер бетінде қыбыр еткен жан жоқ.
Әбден дағдарған Аю батыр осыншама қалың қарды жауғызған 
Көкке қарап налиды. Сол сәтте ол өзіне қарай ұшып келе жатқан 
екі құсты – Ұмай мен Құмайды көреді. Олар бірте-бірте төмендей 
ұшып, үңгірдің аузында тұрған Аю батырдың басын сипай өтеді де, 
оның қасына екі кесек тас тастап кетеді. Тастың бірі ақ, енді бірі 
қызыл екен. Бұған таңданған Аю батыр екі тасты қолына алып, 
бірін-біріне ұрады. Бұлар соғылғанда жарқ етіп ұшқындар пайда 
болады да, үңгірдегі қу шөптер мен шірік қоқырға тиіп, тұтанып 
жана бастайды.
Осы кезде үңгірге құс бейнесінде ұшып кірген Ұмай ақ шаш-
ты анаға айналады да, қу шөпшектерді құшақтап әкеліп салып, 
жеңімен желпіп, отты маздатып жібереді.
Сәлден кейін бойы жылынған Айсұлуға ақырындап жан кі-
реді. Ол басын көтеріп, жан-жағына қарайды. Орнынан тұрып, 
өзін өлімнен құтқарған отқа, от анасы Ұмайға иіліп сәлем етеді, 
сыйынып, алғыс айтады.




106
Бұған сүйсінген Ұмай-Ене, екі алақанын отқа қақтап, 
Айсұлудың бетін сипайды. Сонан соң Айсұлуды Аю батырдың 
қасына жетектеп әкеліп, бір-бірінің қолдарын ұстатқызып:
– Енді екеуің бас құрап, түтін түтетіп үй болыңдар, өрен-
жарандарың көп болсын! Оттарың өшпесін! – деп бата беріп, 
көзден ғайып болады.
Орман-тауды ойсыратқан қалың қар түз тағылары – аң-
құстарды да ауыр апатқа ұшыратқан еді. Аң аулай алмаған Аю 
батыр мен Айсұлу әбден ашығып, өлім халіне жетеді. Олардың 
қолынан бар келгені отты үзбей жаға беру болды.
Бірде олар отырған жердің астынан дыбырлаған дыбыс есті-
леді. Байқап көрсе, үңгірдің қуысында қоянның іні бар екен. 
Суықтан бүрісіп жатқан қояндар оттың қызуы дарыған соң дене-
лері жылынып, орындарынан тұрып, қыбырлай бастапты. Соны-
мен бұлар «жер астынан жеті қоян тауып» алып, қатты қуанады. 
Солардың етін талшық етіп, қыстан шығады.
Қазақ қауымының «жерден жеті қоян тапқандай қуанды» де-
ген сөзі осыдан шығыпты.
Бірте-бірте қақаған қыс өтіп, қалың қар еріп, жер кеңиді. Аю 
батыр орман-тоғайды аралап, тау-тасты кезіп, аң-құс аулайды. «Аю 
да болса байым, үңгір де болса үйім» деп тас үңгірде қалған Айсұлу 
отын жинап, аң-құс еттерінен тамақ істейді. Бұлардың өмірі осы-
лай өтіп жатады. 
Күндердің бір күнінде Айсұлу өзінің аяғы ауырлап қалға-
нын байқайды. Ол бұл өзгерісін Аю батырға білдірмей, жасы-
рып жүреді. Бірақ күйеуі аулап әкелген аң-құстың етін, жеміс-
жидектерді жегісі келмейді. Жесе – құсады. Оны «дерт шалды» 
деп ойлап қайғырған Аю батыр аң аулаудан қалады. Ақырында 
бір күні Айсұлу өзінің жүкті екенін, айдындағы аққудың 
жұмыртқасына аңсары ауып жүргенін айтады. Оның жерік асын 
тауып әкелу үшін Аю батыр сапарға шығады. 
Бірақ асқар-асқар таулардан асып, тар жол, тайғақ кешулер-
ді басып, айдындағы аққудың жұмыртқасын қолға түсіру оңай-
оспақ іс емес еді. 


107
Күн артынан күн, ай артынан ай сырғып өтіп жатады. Аю ба-
тыр кешіге береді. Айы-күні толып, босанатын мезгілі жеткен 
Айсұлудың толғағы басталады. Жападан-жалғыз тас үңгірде 
қалған жас ару жылап-еңіреп, Жер мен Көктің бәріне сыйынады. 
Өзін өлімнен құтқарып үй еткен Ұмай-Енеге жалынып-жалбары-
нады. Сол сәтте Ұмай-Ене келіп, маңдайынан сипайды. Айсұлу де-
реу толғақтан айығып, егіз бала (бір ұл, бір қыз) туады. Ұмай-Ене 
жарық дүниеге келген кішкентай шақалақтардың кіндіктерін ке-
сіп, ақ жөргекке орап, Айсұлудың бауырына салады да «Сәбилердің 
бауы берік болсын! Дендері сау, өмірлері ұзақ болсын!» деген бата-
сын беріп кетіп қалады.
Аман-есен босанып, қол-аяғын бауырына алған Айсұлу мен жас 
нәрестелер сол баяғы тас үңгірде өмір кешіп жатады. Аю батырдан 
әлі күнге дейін еш хабар жоқ.
Бір күні әр түрлі мазасыз ойлардың шырмауына түскен Айсұлу 
егіз баласын емізіп отырады. Кенет сырттан біреудің тықырлаған 
аяқ алысы естіледі. Артынан іле «Бармысың, армысың!» деген да-
уыс шығады. 
Бұл ұзақ сапардан оралған Аю батыр еді. «Біреу еді ұмайым, 
екеу болды құмайым» деп, Айсұлу құшағындағы екі баланы 
батырға ұсынады.
Міне, осылай Айсұлу ару мен Аю батыр ұзақ та бақытты өмір 
сүреді. Айсұлу егіз-егізден құрсақ көтеріп, екеуі көп балалы бо-
лады. Олардың ұрпақтары да көбейіп, күшті, батыл, ештеңеден 
қорықпайтын үлкен рулы елге айналады. 


Еуразиялық скифтер (сақтар,
сахтар) жер бетіндегі ең байырғы
халықтардың бірі болған. Скифтер
жайында көптеген аңыздар мен
мифтер сақталған.
Ұлы Скифия мемлекеті Еділ мен
Дунайдың аралығында, орманды-далалы
атырапты алып жатқан. Бағзыдағы
Ұлы Дала Алтайдан Венгрия
алаптарына дейін созылғандықтан, бұл
халықты Батыс Ұлы Дала көшпелілері
деп атағанымыз әділетті болар еді.
Бұған Украина мен қазіргі Ресейдің
далалары жалғасады.
Скифтер көшпелі халық болғандықтан,
олардың мифтері қазақ мифтерін
түсінуге көмектеседі.*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет