Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
56
Қиямда Құран оқу (қырағат)
1. «Қиямда» тік тұрып, парыз намаздарының «әуелгі
екі рәкәғатында»
ең аз дегенде қысқа болса, үш аят,
ұзын болса, бір аят оқу – парыз. Құранда:
«(намазда)
Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар»
100
, – делінген.
Осыған сүйеніп, Әбу
Ханифа жеңіл келген бір аят
оқу парыз десе, Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед
үш қысқа аят не бір ұзын аят оқу парыз деген. Ендеше,
Құран аяты мүлдем
оқылмаған намазды қайта оқу
керек
101
.
Хадистен
дәлел келтірер болсақ, «Сахих Бұхари»
атты хадистер жинағында
келтірілген риуаятта Пай-
ғамбарымыз (с.а.у.) бір кісіге намаз үйретіп жатып,
былай дейді:
َّمُث , ِنآ ْرُقْلا ْن
ِم كعم َر َّسَيَت اَم ْأَرْقا َّمُث , ْرِّبَكَف ِةلا َّصلا ىَلإ َتْمُق اَذإ
ًاعِكاَر َّنِئَمْطَت ىَّتَح ْعَكْرا
«Намазға тұрғаныңда ифтитах тәкбірін ал.
Кейін Құраннан жеңіл келгенін оқы да рүкүғқа бар,
рүғүғты толығымен жаса!...»
102
.
2. Парыз намаздарының «әуелгі екі рәкәғатында»
«фатиха» сүресі мен қосымша (зам) сүресін оқу (кемі
қысқа үш аят) – уәжіп. Екеуінің біреуі оқылмай қалса
(Фатиха мен зам сүре), намаз соңында сәһу сәждесін
жасау керек.
100
«Мүзәммил» сүресі, 20-аят.
101
Маусули
әл-Ханафи, Ихтияр, 1/194-бет.
102
Сахих Бұхари, №724 хадис.