Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі



Pdf көрінісі
бет30/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   84
Байланысты:
aefc7ac18e9a228b86d72ab2b0bffea3

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
48
Намазда талтайып тұру қайдан шыққан? 
Бүгінде мұсылмандардың арасында пайда болған 
«сәләфизм» бағытындағылар намаз оқып тұрған сәт-
терінде аяқ арасын тым алшақ ұстап, талтайып тұрады. 
Олар аталмыш әрекеттеріне дәлел ретінде сахаба 
Нұғман ибн Бәшир және Әнәс ибн Мәліктен жеткен ри-
уаятты көлденең тартып, оны сүннет деп есептейді.
Алайда, аты аталған ардақты сахабалардың риуаят 
еткен деректі талдайтын болсақ, намазда әлгіндей 
тұрудың қате екеніне көз жеткіземіз.
Ендеше, бұл риуаяттарға аз-кем талдау жасап кө-
релік. Нұғман ибн Бәшир және Әнәс ибн Мәліктен жет-
кен риуаят төмендегідей:
...اثلاث مكفوفص اوميقا:)ملس و هيلع للها ىلص(لاقف:ريشب نب نامعنلا 
ِهِب ِحا َص ِبعَكِب ُهَبعَكُ قِزلُي ،اَّنِم َلُجَّرلا ُتيَأَر.
يِّنإف ،مُكَفوُف ُص اوُميقأ“ )ملس و هيلع للها ىلص( يبنلا نع ،سنأ نع 
و ،ِهِب ِحا َص ِبَكنَمِب ُهَبَكنَم ُقِزلُي اَنُدَحَأ َناَك َو ”.يرهَظ ِءاَرَو نِم مُكاَرَأ 
ِهِمَدَقِب ُهَمَدَق.
Сахаба Нұғман Пайғамбарымыздың «Саптарыңды 
түзеңдер» деп үш рет айтты...», – дейді. Ал, сахаба 
Әнәстің хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сапта-
рыңды түзеңдер. Сөзсіз, мен сендерді артымнан да 
көріп тұрмын», – деген
88
.
88
Фатхүл Қадыр. Сахих Бұхари, 76-бап, №725 хадис.


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
49
Сахаба Нұғман жоғарыдағы хадисті риуаят еткен 
соң өз сөзімен «انم لجرلا تيار دقلف – Шындығында, біздің 
арамыздан «кейбіреулер» тобығын өзгенің тобығына 
тигізе тақайтынын көретінмін...» десе, сахаба 
Әнәс хадисті риуаят еткеннен кейін: «قزلي اندحا ناكو –
арамызда «кейбіреуі» иығын қатарлас адамның иығына, 
ал тобығын тобығына тигізетін» - деп, өзінің сөзін 
қоса айтқан. Яғни, бұл – хадис емес, жеткізуші рауи 
сахабаның сөзі.
Аты аталған сахабалардың сөздері намазда аяқты 
алшақ ұстау керектігіне негіз бола алмайды. Неге 
десеңіз, қос сахаба жеткізген хадистерді зер салып 
қараған адам мынадай тоқтамға келеді: 
1. Сахаба Әнәс риуаят еткен хадисті Әбу Һұрайра да 
риуаят еткен
89
. Алайда, ол «аяқтарын тақайтын» деген 
сөзді қолданбаған. Ендеше, осы хадисті естіген Әбу 
Һұрайраның қасында тұрғандар аяқтарын тақамайтын.
2. Қос сахабаның «кейбіреуі» деген сөздерін бөліп-
жарып, әдейі тырнақшаның ішіне алып айтуымыздан 
аңғарғандарыңыздай, ол сөз – сахабалардың барлығы 
бірдей аяқтарын бір-біріне тигізе тақамағандығына 
дәлел бола алады. Егер Пайғамбарымыздың бұйырған 
бұйрығы болса, яки, Өзі жасаған ісі болса, өзге саха-
балар да солай етер еді. Себебі, Алланың елшісі: «Мен 
қалай намаз оқыған болсам, сендер де солай оқыңдар», 
– деген. 
89
Һәйсәми, Мәжмәғуз-Зәуаид – 1/202-бет, №2493 хадис. Бұл хадисті 
жеткізу тізбегі қуатты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет