кәссәлаам, тәбааракта иа зәл-жәлаали уаликраам»
дұғаларына шамалас қысқа зікірлерді айтқаннан
кейін орнынан тұратын да мешіттің бір бұрышындағы
бөлмесіне барып, намаздың соңғы сүннетін сонда
оқитын. Артынан жоғарыда келтірілген, айтылуы
ұзақ уақыт алатын зікір, дұғаларды оқитын. Ал, соңғы
сүннеті жоқ «таң» мен «екінті» намаздарында Алла
елшісі (с.а.у.) намаз оқып бола салысымен зікір айтып,
дұға ететін. Алла елшісінің: «Кім де кім таң намазын
жамағатпен оқығаннан кейін күн шыққанша Алланы
зікір етіп отыратын болса, содан кейін екі рәкағат
намаз оқыса, толық қажылық пен ұмраның сауабын
алады. Толық, толық, толық»
241
, – деген хадисі осы
айтқанымызды нақтылай түспек.
Тарқатып түсіндірер болсақ, «Алла елшісі (с.а.у.)
намазда сәлем бергеннен кейін тек «Аллаһумма әнтас-
241
Мұхаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 2-том, 481-
бет. «Дарул-ихиаайт-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.
Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
120
салаам уа минкәс-сәлаам, тәбааракта иа зәл-жәлаали
уал-икраам» дейтіндей уақыт қана отыратын», деп,
келетін хадис ақырғы сүннеті бар парыз намаздарына
байланысты айтылған, ал парыздан кейін сүннеті жоқ
«таң» мен «екінті» намазына мұның қатысы жоқ.
Яғни, «Аятүл күрсіні» және 33 рет «Сұбханаллаһ»,
33 рет «Алхамдулиллаһ», 33 рет «Аллаһу әкбар», «Лә
иләәһа иллаллаһу уахдаһу лә шариика ләһ, ләһул-мулку
уә ләһул-хамду уа һуа алаа кулли шаийн қадиир» сынды
айтылуы ұзақ уақыт алатын зікір, дұғалардың «парыз
намазынан» кейін айтылатындығын білдіріп келген
кейбір риуаяттарды ханафи ғұламалары соңғы сүннеті
жоқ парыз намаздардан кейін, деп, түсінген. Сондай-
ақ, хадистердегі «парыз намазынан кейін» деген сөз
тіркесі зікір мен дұғаның міндетті түрде парыз намаздан
кейін айтылады, деп, жансақ ұқпау керек. Себебі, парыз
намаздардың бекітілген сүннеттері сол намаздардың
маңызды бөлігіне жатады. Себебі, бұл сүннет намаздар
«тәһәжжүд», «сәске» намаздары секілді мақсаты
өз алдына бөлек намаз емес, парыздардың алдында
немесе артында бірге орындалады. Мысалы, «бес
уақыт намазымды оқыдым» деген кезде, әдетте
парыз намазбен қатар сүннеттері де оқылғандығы
білдіріледі. Міне, сондықтан хадистердегі айтылуы
ұзақ уақыт алатын дұғалардың «парыз намазынан
кейін» оқылады дегенін ханафи ғалымдары сүннетімен
бірге парыз намазынан кейін, деп, түсінген. Бұл жайлы
|