Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
117
Тәсбихті сүннет намазынан кейін тарту қате ме?
Жалпы, парыз
намаздардан кейін зікір айтып, дұға
жасау – сүннет. Алла елшісінің (с.а.у.) бұған қатысты
сахих хадистері жеткілікті. Мысалы, Әбу Һурайрадан
(р.а.) жеткен Мүслімдегі риуаятта Алла елшісі былай
дейді:
«Кім де кім әрбір намаздан кейін 33 рет
«Сұбханаллаһ», 33 рет «Алхамдулиллаһ», 33 рет
«Аллаһу әкбар» десе, бәрін қосқанда тоқсан тоғыз
болады, ал жүзіншісінде «Лә иләәһа иллаллаһу
уахдаһу лә шариика ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-
хамду уа һуа алаа кулли шаийн қадиир», деп, айтса,
теңіз толқынының көбігіндей күнәсі болса да,
кешіріледі»
237
. Басқа бір риуаятта:
«Кім де кім парыз
намаздарының артынан «Аятүл күрсіні» оқитын
болса, келесі намазға дейін оны Алла қорғайтын
болады»
238
, – деп, айтылған.
Сондай-ақ, басқа бір
хадисте Ғұқба ибн Амр былай дейді:
«Алла елшісі
(с.а.у.) әрбір намаздан кейін «Фалақ» пен «Нас»
сүрелерін оқуымды бұйырды»
239
.
Жоғарыдағы риуаяттардан байқағанымыздай, намаз-
дан кейін зікір тартып, дұға тілеу –
Алла елшісінің
(с.а.у.) маңызды сүннеті. Ал, бұл айтылғандардың
237
Сахих Мүслім, 1-том, 418-бет. «Дәру Ихиа'ит-турасил-араби» баспасы,
Бәйрут.
238
Сүлейман ибн Ахмет ибн Айуб Әбіл-Қасым әт-Табарани, әл-Мұғжамұл-
кабир, 3-том, 83-бет. «Мәктабутуз-заһраа» баспасы, 1983 ж.
239
Ахмет ибн Ханбал Әбу Абдиллаһ
әш-Шайбани, Мұснаду Ахад ибн
Ханбал, 4-том, 155-бет. «Муссисату Қуртуба» баспасы, Мысыр.