Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
124
Жұманың алғашқы төрт рәкағат сүннет намазын
оқуға қатысты қандай дәлел бар?
Ханафи, Шафиғи мәзһабтарында, сондай-ақ,
Ханбали мәзһабындағы бір көзқарас бойынша, жұма
парызының алдында төрт рәкағат сүннет
намаз
оқылады. Ал, Мәлики мәзһабында жұманың алдында
бекітілген сүннет намаз болмағанымен,
жалпы нәпіл
намаз оқуға рұқсат бар.
Жұма намазының алдында сүннет намаз бар
дейтіндер, ең әуелі, жұма
намазының бесін намаздың
орнына жүретіндігін алға тартады. Сондықтан,
жұма намазындағы екі рет азан шақыру,
хұтба оқу,
парыз намазының төрт рәкағаттан екі рәкағатқа
түсуі секілді арнайы шариғи дәлелдермен бекітілген
ерекшеліктерінен бөлек өзге мәселелерде жұма намазы
бесін намазы секілді оқылады.
Имам әл-Бухари өзінің
сахих хадистер жинағында
«Жұма намазының соңындағы және алдындағы сүннет
намаздар» деп арнайы тарау арнағанымен, жұма нама-
зының соңғы сүннетіне байланысты хадисті ғана
келтіріп, ал алдыңғы сүннеті жайлы ешқандай хадистен
дәлел келтірмеген. Оның орнына бесін намазының алды
мен соңында оқылатын сүннет намаздары жайлы айтып
кеткен.
Имам әл-Бухаридің бұлай етуінде жұма намазын
бесін намазына «қияс», яғни салыстыруы жатыр.
Яғни, бесін намазының
алдында және соңында