Салаларының бірі ауыл шаруашылығы


Медикамент – медикамент, дәрі—дәрмек. Межклеточное вещество



Pdf көрінісі
бет115/240
Дата03.06.2022
өлшемі1,04 Mb.
#36248
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   240
Медикамент – медикамент, дәрі—дәрмек.
Межклеточное вещество – жазушааралық зат.
Межреберные мышцы — қабырғааралық бұлшықеттер.
Мезенхима (грек. mesos – ортаңғы, аралық) – мезенхи-
ма; организмнің дәнекер ұлпалары дамып жетілетін 
ұрықтық дәнекер ұлпасы.
Мезодерма – мезодерма; ортаңғы ұрық жапырақшасы.
Мезотелий (mesothelіum; грек. mesos — орташа, thelі 
— кеуділік емізікше) – мезотелий; дене қуыстарын 
астарлап тұртын сірлі қабықтарды сыртынан қаптап 
жатқан бірқабатты жалпақ эпителий.
Мейоз (грек. meіosіs — азаю) – мейоз; жыныс 
жасушаларының дамуы кезіндегі жасуша бөлінуінің 
түрі (хромосомалардың саны қалыпты жағдайдан екі 
есе азаяды).
Меконий – тоңғақ.
Меланин – меланин; қарақоңыр түсті пигмент (бояғыш зат).


140
Меланоз – меланоз; меланин алмасуының бұзылуы; ме-
ланоз пчел – ара меланозы (жұқпалы ауру).
Меланокарцинома – меланокарцинома; қарақошқыл 
пигментті қатерлі ісік.
Меланоциты – меланоциттер; терідегі пигментті жасу-
шалар.
Меланурия – меланурия; несеппен меланиннің бөлінуі.
Мелиоидоз – мелиоидоз, мандам.
Мембрана (лат. membrana — жарғақ) – мембрана, 
жарғақ; жасушаларды, олардың ядролары мен 
цитоплазмасындағы жарғақты органеллаларды 
шектеп тұратын жұқа қабықша. Жасушадағы зат 
алмасу процестері жарғақтың қатысуымен жүреді. 
Сондықтан, оны биологиялық жарғақ — деп те 
атайды. Биологиялық жарғақ — нәруыздар мен 
липидтердің молекулаларынан (липид 40%, бело-
ктар 60%) құралған. Оның орташа қалыңдығы 6 — 
10 нм. 
Мембрана клеточная – жасуша жарғағы. 
Мембранная структура жарғақтық құрылым
қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектел-
ген құрылым. Бұларға жасуша плазмолеммасы 
(цитоплазма қабықшасы) мен ядро кариолеммасы 
(ядро қабықшасы), Гольджи кешені, митохондри-
ялар, лизосомалар мен пероксисомалар, гранула-
лы (түйіршікті) және агранулалы (түйіршіксіз) 
эндоплазмалық тор және цитоплазмадағы 
көпіршіктер, қапшықтар, түтікшелер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет