22
Амидопирин – амидопирин; дененің ыстығын қай-
таратын фермент.
Амидостомоз – амидостомоз; қаз бен үйректің ішқұрт
ауруы.
Амидофос – амидофос;
оқыраға қарсы қолданылатын
дәрі.
Амизил – амизил; түйнемеге қарсы қолданылатын дәрі.
Амилаза – амилаза; крахмалды қарапайым құрамына
ыдыратын дәрі.
Амилоидоз – амилоидоз; нәруыздың зат –
амилоидтың
ұлпаларда түзіліп, жиналуы.
Аминазин – аминазаин; тыныштандырғыш дәрі.
Аминокислоты –
амин қышқылдары; құрамында кар-
боксил және амин топтары болатын органикалық
қосылыс, белоктардың мономерлері.
Аминотрансферазы – аминотрансферазалар: фермент-
тер тобы.
Амитоз (amіtosіs; грек. a – жоқ; mіtos — жіп) – амитоз;
бөліну кезінде жасуша ядросында күрделі
өзгерістер
болмайтын жасуша бөлінуінің сирек кездесетін түрі.
Амитоздық бөліну кезінде жасуша хромосомалары
көрінбейді және бөліну ұршығы түзілмейді.
Амнион (грек. amnіon — сулы қабық) – амни-
он, қағанақ; қағанақты омыртқалы жануарлар
ұрығын (құрсақтағы шарананы,
іштегі төлді,
жұмыртқадағы балапанды) сыртынан тікелей
қаптап жатқан жұқа қабырғалы, қуысы қағанақ
сұйығына толған, пішіні
көпіршікке ұқсас ішкі
ұрық қабығы.
Амниотическая жидкость — амнион сұйығы, қағанақ
сұйығы; қағанақтың
ішкі бетіндегі эктодерма
(сыртқы ұрық жапырақшасы) жасушалары бөлетін
сұйық.
Амниоты (грек. amnіota — амниоттар) — амниоттар;
ұрықтық даму кезеңі (эмбриондық кезең) ішкі ұрық
қабығы – амнион (қағанақ)
қуысындағы сұйық орта-
23
да өтетін жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлар.
Амниоттарға (қағанақтыларға) ұрықтары құрлықта
дамуға бейімделген бауырымен жорғалаушылар,
құстар және сүтқоректі жоғары сатыдағы жануарлар
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: