18
Акросомная реакция — акросомалық реакция;
ұрықтану кезеңінде сперматозоид басының
жұмыртқа жасушасына жанасуы кезінде акросо-
ма
қабықшасының еріп, акросомалық жіпшелердің
жұмыртқа жасушасы қабықшаларына ену реакци-
ясы. Электронды микроскопиялық зерттеуге дейін,
акросома ұрықтану
процесі кезінде жұмыртқа жа-
сушасы қабықшаларын қандауыр тәрізді тесіп өтеді
деген жаңсақ ұғым болған. Шын мәнінде, жұмыртқа
жасушасындағы ұрықтану
төмпегінің пайда болуы
осы акросомалық реакцияға байланысты.
Аксон (грек. axon – білік, ось) – аксон, нейрит; цито-
плазмасында нәруыз түзуші органеллалары болмай-
тын нейроциттің жіп тәрізді ұзын өсіндісі. Аксон —
жүйке толқынын нейроцит денесінен, яғни перика-
рионнан (нейроциттің ядро орналасқан бөлігі)
басқа
нейроциттерге немесе орындаушы мүшелер жасуша-
ларына өткізеді. Аксонды “нейрит” — деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: