Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары, мәтінді оқыту кезеңдері, күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын мәселелер әдістемелік нұсқау хаттың «5-9-сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тарауында берілген. Бағдарламада әртүрлі оқыту сатыларында өмірлік маңызды міндеттерді
шешу үшін қажетті дағды мен қабілеттерді бірізді және кезеңдік дамыту
жүреді.
Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және
стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысуды жүргізу, түйіндеме,
мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу
дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін
тигізеді.
Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың деңгейі мен
қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған дұрыс.
Тілдік бірліктер мен құрылымдарды, яғни грамматиканы оқыту
коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім тіл
туралы білім қалыптастырудан гөрі тілдік қолданыс, грамматиканың
функционалдығына назар аударуы тиіс.
«Қазақ тілі» пәні (жаратылыстану-математикалық және қоғамдық- гуманитарлық бағыттар) бойынша жиынтық бағалау саны Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған.
Төменде 64-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
64-
кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
10-
сынып
2
2
2
2
Ескертпе: Тілдік пәндерде бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу
187
қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым
және жазылым).