Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Қазақ әдебиеті» пәні (жаратылыстану-математикалық және



Pdf көрінісі
бет115/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

«Қазақ әдебиеті» пәні (жаратылыстану-математикалық және 
қоғамдық-гуманитарлық бағыттар) бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 
Төменде 66-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 
бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


194 
66-
кесте. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып 
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан 
2-
тоқсан 
3-
тоқсан 
4-
тоқсан 
10-
сынып 




Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні 
мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас 
мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, 
шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының
келесі мәселелерін қарау ұсынылады: 
1. 
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау 
мен критериалды бағалау; 
2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау. 
3. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі; 
4. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары; 
5. 
Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі; 
6. 
Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны 
шешу жолдары; 
7. Тыңдалым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер;
8. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы; 
9. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер; 
10. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары; 
11. Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен 
сабақтастырудағы шеберлік; 
12. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру; 
13. 
«Эссе жазу стратегиясы туралы»; 
14. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі. 
Негізгі білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» 
пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны 
мұғалімді де, оқушыны да оқу әрекетіне белсенді қатысуға, өз пікірін айтуға, 
өзінің сөйлеген сөзіне дәлел келтіруге, кейіпкерлер арқылы өмірлік 
ситуацияларды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша ойлайтын 
тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік 
іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2019-2020 оқу жылында 
аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз: 
2019 жылғы 9 шілде – қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, 
жазушы, публицист, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл 
(1889 - 1931); 
15 қазан – қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 
жыл 
(1924-1991); 
15 қазан – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, 
жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл 
(1894-


195 
1939); 
22 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ 
әдебиетіне зор үлес қосқан тұлға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 95 жыл 
(1924); 
15 қараша – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Бейімбет 
Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938) 
25 желтоқсан 
– 
халық жазушысы, қазақ ақыны, журналист, Қазақстан 
Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Фариза Оңғарсынованың 
дүниеге келгеніне 80 жыл 
(1939 - 2014); 
2020 жылғы 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба 
қазақ әдебиетінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, 
аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл (1845 -
1904). 
2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай 
Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және 
мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 30 
мамырда «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» 
Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы жарық көрді. Қаулыда 2020 
жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына 
арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу, Абай 
Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым 
және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық 
түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру 
жөнінде тапсырмалар берілген.
5 қазан – ақын, жауынгер, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, 
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, КСРО және ҚазКСР Мемлекеттік 
сыйлықтарының лауреаты, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», II дәрежелі «Отан 
соғысы», «Құрмет Белгісі» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Жұбан 
Молдағалиевтың туғанына 100 жыл (1920 - 1988). 
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге 
асады: 

базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, 
мұражайларда; 

таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен 
олимпиадалар жүргізу; 

оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; 

кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. 
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген 
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге 
үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім 
алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет