219
сағат.
Оқу пәнінің мазмұны негнегзгі орта білім деңгейіндегідей 4 бөлімді
қамтиды:
1)
Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері:
тірі ағзалардың көптүрлілігі:
қоректену:
заттардың тасымалдануы;
тыныс алу;
бөліп шығару;
қозғалыс;
координация және реттелу.
2)
Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму:
көбею;
жасушалық айналым;
өсу және даму;
тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары;
селекция негіздері;
эволюциялық даму.
3)
Ағза мен қоршаған орта:
биосфера, экожүйе, популяция;
адам қызметінің қоршаған ортаға әсері.
4)
Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар:
молекулалық биология мен биохимия;
жасушалық биология;
микробиология және биотехнология;
биомедицина және биоинформатика.
Жаңа бағдарламада жаңадан қосылған бірқатар тақырыптар бар, олар:
Миелинденген нейрондарда әрекет потенциалын бастамалау және оның
трансмиссиясы
Қартаю теориялары
Тереңдетіп оқытуға арналған қосымша тақырыптар да бар:
Бұлшық ет талшықтарының ультрақұрылымы;
Ақуыз трансляциясы мен биосинтезі.
Жаңартылған білім бағдарламасының
ең бірінші ерекшелігі пән
мазмұнының спиральды берілуі.
Негізгі бөлімдер жылдан жылға қайталанып, әрбір бөлім бойынша оқу
мақсаттары білім алушылардың жас ерекшеліктері
ескеріле отырып
күрделенетініне назар аудару керек.
Әрбір бөлімдегі оқу мақсаттары білім алушылардың жас ерекшеліктерін
ескере отырып, оқудың әр кезеңінде маңызды түсініктер жүйелі түрде
қайталанып отырады.
Жаңа оқу бағдарламасы бойынша тәжірибе жұмыстарын орындау кезінде
білім алушылар алған деректердің негізінде жаңалықтар ашады, табиғаттағы
заңдылықтарды өз беттерінше табады. Толымды тәжірибелерді жүргізу кезінде
білім алушылар жоспарлау мен өз зерттеу сұрағына
жауап табу мақсатында
220
өзінің зерттеу жұмысын жүргізуді үйренеді.
Төменде 78-кестеде оқу пәнінен зертханалық жұмыс саны көрсетілген.
78-
кесте. «Биологияия» пәні бойынша зертханалық жұмыс саны
Зерханалық
жұмыстардың саны
ЖМБ 10 сынып
ҚГБ 10 сынып
Зертханалық жұмыс
8
5
Модельдеу
4
1
Нәтижесінде білім алушылар биология сабақтарында практикалық
тапсырмаларды орындау үшін білім мен дағдыларды қалыптастыруға
бағытталған қоршаған ортаны зерттейді.
Төменде 79-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) саны көрсетілген.
79-
кесте. «Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
10
сынып
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалау саны
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
ЖМБ
2
3
3
3
ҚГБ
2
3
3
3
Достарыңызбен бөлісу: