280
Негізгі түсініктер, құбылыстардың өзгеру заңдылықтары туралы өзіндік ұғым,
табиғат заңдарын қолдану тәсілдері оны зерттеу кезінде туындады.Қазіргі
уақытта жаратылыстану ғылымы белсенді әрекеттердің өрісі болып табылады
және оларға негізделген заманауи технологиялар адам өмірінің жаңа бейнесін
қалыптастырады. «Жаратылыстану» білім саласы заманауи жаратылыстанудың
негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық принциптерін, олардың басты
бағыттары және әлемнің жалпы бейнесіндегі жалпы мәдени жағдайын
зерделейді.
Жалпы орта білім деңгейіндегі «Жаратылыстану» білім саласы оқу
пәндерінің мазмұны дүниетанымдық сипатымен ерекшеленеді, сонымен қатар
білім алушылардың бойында табиғат, табиғи құбылыстар, процестер,
заңдылықтар туралы түсініктерін, Жер адам өмір сүретін планета ретінде,
әлемнің ғылыми бейнесінің астрономиялық құрамы туралы кешенді, жүйелі
және әлеуметтік-бағытталған көзқарастарын дамытады.
Оқытудың мақсаты - органикалық дүниенің құрылысы мен тіршілік
әрекеттерінің ерекшеліктері туралы және білім алушыларда тірі организмдердің
жасушаға дейінгі құрылысы, тіршіліктің құрылым деңгейлері және
биологиялық әртүрлілігі Жер табиғатындағы тұрақты дамудың бейнесі екендігі
туралы негізгі түсінік қалыптастыру.
Оқытудың міндеттері –білім алушыларда органикалық дүниені оқып
білуге танымдық қызығушылықты дамыту және білім алушыларда география,
химия, физика, математика және басқа да «Жаратылыстану» білім саласындағы
пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді
қалыптастыруға қажетті жағдай туғызу.
«Жаратылыстану» білім саласы құрамына география, биология, физика,
химия пәндері кіреді, оларға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі төмендегідей:
«География»
қоғамдық-гуманитарлық бағытында:11-сыныптарда – аптасына 1 сағат,
оқу жылында – 34 сағат;
жаратылыстану-математикалық бағытында:11-сыныптарда – аптасына 2
сағат, оқу жылында – 68 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: