Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет170/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

 
«Биология»  
қоғамдық-гуманитарлық бағытында:11-сыныптарда – аптасына 1 сағат, 
оқу жылында – 34 сағат; 
жаратылыстану-математикалық бағытында:11-сыныптарда – аптасына 2 
сағат, оқу жылында – 68 сағат. 
«Физика» 
қоғамдық-гуманитарлық бағытында:11-сыныптарда – аптасына 1 сағат, 
оқу жылында – 34 сағат; 
жаратылыстану-математикалық бағытында:11-сыныптарда – аптасына 2 
сағат, оқу жылында – 68 сағат. 
 
«Химия» 
қоғамдық-гуманитарлық бағытында:11-сыныптарда – аптасына 1 сағат, 
оқу жылында – 34 сағат; 


281 
жаратылыстану-математикалық бағытында:11-сыныптарда – аптасына 2 
сағат, оқу жылында – 68 сағат. 
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламаларында білім 
алушылардың тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын дамыту 
мақсатында практикалық және зертханалық жұмыстар қарастырылған.
Төмендегі 106- кестеде 11-сыныптарда «Жаратылыстану» білім саласы пәндері 
бойынша жүргізілетін тәжірибеге бағытталған жұмыс түрлері және көлемі 
көрсетілген. 
106-
кесте. «Жаратылыстану» білім саласы пәндері бойынша жүргізілетін 
тәжірибеге бағытталған жұмыс түрлері және көлемі 
Пәндер
11 – 
сынып
Зертханалық 
жұмыстар 
Практикалық 
жұмыстар 
ЖМБ 
Биология


Химия


География 
ҚГБ 
Биология


Химия


География 
11-
сыныптарда физиканы оқыту барысында жүргізілетін тәжірибеге 
бағытталған жұмыс түрлері және көлемі келесі 107-кестеде көрсетілген. 
107-
кесте. Физиканы оқыту барысында жүргізілетін тәжірибеге 
бағытталған жұмыс түрлері және көлемі 
Бағыты 
ҚГБ 
ЖМБ 
Сынып
11 
11 
зертханалық жұмыстар 


практикалық жұмыстар 
20 
бақылау жұмыстары 


физикалық практикумдар 
10 
Оқыту процесінің басты мақсатыбілім алушылардың оқу пәндері 
бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану және тәжірибеге 
бағытталған біліктілігі мен дағдыларын дамыту болып табылады. 
Сабақта жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстар талдауға, 
жинақтауға, бағалауға, болжауға, есептеуге, түсіндіруге, құбылыстар мен 
процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтауға, жобалық 
тапсырмалар орындауға, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталған. 
Мұғалімдерге білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту 
үшін: 


282 
− 
жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, адам қызметінің 
экономикаға, технологияға, әлеуметтік және этикалық ортаға әсерін түсіну; оқу, 
жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақтан және сыныптан тыс іс-
әрекеттер барысындағы қауіпсіздікті сақтап жұмыс істеу дағдыларын 
қалыптастыру; 
− 
оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, өздігінен 
білім алуға талпынулары үшін қажетті жағдайлар жасау; 
− 
тірі жүйелерге, маңызды классикалық және заманауи жетістіктерге 
қатысты ғылыми танымдық әдісін меңгерту; 
− 
адамның қызметі және табиғи себептердің ықпалының нәтижесінде 
олардың өзгерістері мен жүйелердің құрылымы, жұмыс істеуі, дамуы туралы 
білімді меңгерту; 
− 
пәнді бейінді оқыту негізінде білім алушылардың болашақ 
мамандығын өз бетімен таңдауға дайындау; 
− 
өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту ұсынылады..
Практикалық және зерттеушілік жұмыстар, зертханалық тәжірибелер 
орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар 
орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-
экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну 
тереңдетіледі. Білім алушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері, 
қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың 
салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары 
тиіс. 
Физика, химия, география және биология пәндерінің мұғалімдері 
кабинеттердің жабдықталуын және оқытудың электрондық құралдарын ескере 
отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың 
тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады. Зертханалық және практикалық 
жұмыстарды орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) 
сыныптың барлық білім алушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады.
Географиядан сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі, 
зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және қауіпсіздікті сақтау сұрақтары 
қарастырылуы тиіс.
Осы білім саласы пәндерін зерделеу кезінде білім алушылар қоғамның
экономиканың және табиғаттың өзара байланысы туралы, Жерде тіршіліктің 
болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының 
мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың қоршаған ортаға және 
тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың әсерінен тірі табиғатты 
қорғау шаралары, табиғи ортаны өзгертудің (сонымен қатар, білім 
алушылардың өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апаттың салдары 
туралы нақты түсінік алулары тиіс. Білім алушылар Жердің, материктің, елдің, 
өзінің туған өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысты жақсы түсінулері 
тиіс. 
Білім алушылардың жеке жобалық-зерттеу жұмыстарының үлгілік 
тақырыптары: 


283 
– 
Судың сапасын жақсарту жолдары; 
– 
Жыралардың дамуын зерттеу; 
– 
Өлкенің өнеркәсіптерінде таза технологияларды дамыту жобалары; 
– 
Биогаз энергетикасы; 
– 
Жергілікті жердің гидрографиясын зерттеу; 
– 
Судың кермектігін анықтау; 
– 
Сағызды зерттеу; 
– 
Чипсыны зерттеу; 
– 
Шайдың сапасын зерттеу; 
– 
Сүттің сапасын зерттеу; 
– 
Темекіні зерттеу; 
– 
Сабынның сапасын зерттеу; 
– 
Адамның еңбекке қабілеттілігіне музыканың әсерін зерттеу; 
– 
Бөлме ауасының шаңмен ластануын зерттеу; 
– 
Ағаштар мен бұталардың қабығын зерттеу; 
– 
Адам денсаулығының атмосфераның жағдайына тәуелділігін зерделеу; 
– 
Мектептегі жұмыс үстелдерінің жарықтануын зерттеу; 
– 
Өз пәтеріндегі энергияны үнемдеу мүмкіндіктерін зерттеу. 
Бұл жоғары сынып білім алушыларының география, физика, химия, 
биологияны зерттеудің озық тәжірибесінқалыптастыруға мүмкіндік береді, 
математикалық және ақпараттық сүйемелдеулер маңызды құралдар болып 
табылады. 
Бұл мектептегі жаратылыстану ғылымын тереңдетуге және түрлендіруге, 
жоғары сынып білім алушыларын одан әрі кәсіби оқытуға дайындауға және 
инновациялық өзгерістер кезеңін дамытуға мүмкіндік береді. 
Сабақтарда газеттердің, журналдардың, фильмдердің, бейне-таспа 
материалдары, веб-сайттар мен әдебиеттердің материалдарын қолдану 
ұсынылады. 
Пән бойынша академиялық лексика қалыптастыру үшін сабақта 
терминологияны қолдану жұмыстарын жүйелі жүргізіп отыру қажет. Білім 
алушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша және 
жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім жетістігін 
бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына көңіл 
аудару қажет.
Сапалық және сандық есептерді шешуге тең дәрежеде көңіл бөлу керек, 
өйткені құбылыстардың, процестердің терең мәнін түсіну және оларды шешу 
дағдыларын қалыптастыруға қол жеткізу қажет. 
Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып барлық оқу құралдары 
және техникалық жабдықтарды білім алушылардың дұрыс пайдалануы 
маңызды болып табылады. Біздің мемлекетімізде «жасыл» экономикаға ауысу 
саласындағы саясат жүзеге асуда, осы үдерістің бөлігі ретінде қазірден бастап 
білім алушылардың «таза» болашақты құруға қадамдар жасауын қамтамасыз 
етуіміз керек. Сондықтан мектеп мұғалімі, білім алушыларға қоршаған ортаны 
қорғау ісіне өз үлесін қосуға шақыруы қажет. Ол үшінтөменгі ұсыныстарды 
ұсынамыз: 


284 
1. 
Жабдықты ажыратыңыз! Мысалы, егер сіз бөлмеде болмасаңыз 
бөлмедегі жарықты сөндіріңіз, сондай-ақ егер оларды сол сәтте 
пайдаланбасаңыз құралдарды розеткада қосылған күйінде қалдырмаңыз. 
2. 
Синтетикалық аспаптардан/құралдардан бас тартыңыз! Біздің 
барлығымыз әр түрлі химикаттарды пайдаланумен жаңа тазалау құралдарын 
пайдалана отырып, ыдыс-аяқты жууға дағдыланғанбыз. Дәл осындай құралдар 
бірінші кезекте қоршаған ортаға, сондай-ақ адамның өзіне де зиян келтіреді. 
3.
Энергияны үнемдеңіз. Тіпті қазірден бастап үйге күн жылытқыштарын 
сатып алуға және орнатуға, сондай-ақ энергия үнемдегіш шамдарды 
пайдалануға болады. 
4. 
Қоқысты сұрыптауды бастаңыз! «Жасыл» экономикаға ауысудың 
маңызды бағыттарының бірі қалдықтарды кәдеге жарату, сондай-ақ оларды 
қайталама өнім ретінде пайдалану болып табылады. 
5. 
Электрондық тасымалдағыштарды пайдаланыңыз! Қағазды пайдалану 
кесілген ағаштардың үлкен санын талап етеді. 
6. 
Экологиялық таза өнімдерді сатып алыңыз! Бұл біздің әрқайсымыздың 
денсаулық жағдайымызды айтарлықтай арттырады, сондай-ақ экологиялық таза 
ауыл шаруашылығын құруға көмектеседі. 
7. 
Жаяу көбірек жүріңіз. Пайдаланылған газдар табиғатты ластаудың 
маңызды көздерінің бірі болып табылады. Пайдаланылған газдың шығуының 
сәл де болса азаюын біздің әрқайсымыз жасай аламыз. 
8. 
Браконьерлікке жол жоқ! Адамдардың заңсыз әрекеттерінен өсімдіктер 
мен адамдардың сирек түрлері қазіргі кезде мүлде жоғалып кетті. Табиғаттың 
бірегейлігін сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз. 
9. 
Табиғатты қорғайық! Өзіңнен кейін қоқысты қалдырмау, ағаштардың 
бұтақтарын сындырмау немесе гүлдердің байламдарын үзбеу сияқты 
ережелерді қарапайым сақтау табиғат жағдайында маңызды көрініс табады. 
«Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарындағы сын тұрғысынан 
ойлау келесі дағдыларды дамытуды қарастырады: мәнмәтінді есепке ала 
отырып тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену. 
Сондықтан білім алушылардың бақылау, талдау, пайымдау және түсіндіру 
дағдыларын қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін білім 
алушыларды: 
– 
пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға; 
– 
олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар 
қоюға; 
– 
тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда негізгі 
дереккөздерді салыстыруға және талқылауға; 
– 
жеке тәжірибесінің молаюына қарай өзінің көзқарастары мен 
болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады. 
География, физика, химия, биология сабақтарындағы пәнаралық 
байланыстар қоршаған әлемдегі процестер мен құбылыстардың өзара 
байланысын көрсете отырып, бір пәнді оқу барысында басқа пән бойынша 
білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды дамытуда ерекше 
рөл атқарады.


285 
Дидактика тұрғысынан пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқытудың 
ғылыми деңгейін артырады, оқу материалының мазмұнына, мұғалім 
қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар білім алушылардың өз 
беттерінше жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді. 
Сонымен қатар, пәнаралық байланысты белсенді пайдалану, 
жаратылыстану бағыты пәндерін оқыту процесінде оңтайландыруға және білім 
алушыларға түсетін оқу жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. 
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің сабақтарында пәнаралық 
байланысты қолдану ғылыми-жаратылыстанудың негізін құрайтын – «Өмір», 
«Адам», «Табиғат кешені», «Экономика және экология», «Зат», «Дене», 
«Энергия», «Күш», «Қозғалыс» және «Даму» ұғымдарының қалыптасуында 
маңызды рөл атқарады. 
Жоғары сыныптардағы география, биология, химия, физика сабақтарында 
пәнаралық проблемалық жағдаяттар жасап отыру қажет, мысалы: 
кездейсоқтық, дәлелдеу, жоққа шығару, болжау жағдаяттары. 
Мысалы, «География» оқу пәнінің «Табиғатты пайдалану және 
геоэкология», «Геоэкономика», «Геосаясат», «Елтану» және «Адамзаттың 
ғаламдық проблемалары» бөлімдерін өткенде зілзалалар жағдайында және 
қауіп-қатер ахуалында қауіпсіздікті сақтау, күтпеген жағдайды болжау және 
осы жағдайларда өзін ұстау ережелерін талқылауға болады, білім алушылардың 
қауіпсіздікті сақтау мәдениетін қалыптастыруға баса назар аударылады.
Пәнаралық байланыстар зерттеудің (эксперименттік әдіс, жобалық және 
модельдеу әдісі және т.б.) жалпы әдістерінде қолданылуы мүмкін. Мұғалімге 
пәнаралық байланыстың: бұрынғы, жалғаспалы және келешекті түрлерін 
қолдану ұсынылады. 
Бұрынғы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар курстың материалын 
оқу барысында, басқа пәндерден бұрын алынған білімдерге сүйенуді 
қарастырады (мысалы, жаратылыстану, география, биология курстарынан 
алынған білім). 
Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген 
сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін 
қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары – 
биологияда оқылады және т.с.с). 
Перспективалық пәнаралық байланыстар материалды бір пәннен оқу, сол 
материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады (мысалы, 
атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда бұрын 
оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге 
сүйенеді. 
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінде «Геосаяси жағдай», 
«Геоэкономикалық жағдай», «Тұрақты даму», «Даму стратегиялары», 
«Индустриалды-инновациялық реформа», «Жасыл экономика», «Жасыл 
энергетика», «Ел шаруашылығы», «Ғылымды қажет ететін технологиялар», 
«
Таза технологиялар» терминдерінің ғылыми-теориялық және практикалық 
мәнін зерделеу, аймақтық және жергілікті аспектіде олардың қолданбалы 
ерекшелігін түсіну, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру 


286 
контексінде жаһандық геоэкономикалық кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан 
ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы ғылыми негізделген көзқарас 
қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік 
мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қамтып отыру тиіс. 
Білім алушылар оқу бағдарламасын меңгеру барысында АКТ қолдану 
дағдыларын дамытады. «География» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келесі 
веб-ресурстар ұсынылады: 
www.earthquakes.usgs.gov
 
www.rgo.ru
 
www.geo2000.nm.ru
 
www.geo.historic.ru
 
www.www.geografia.ru/
 
www.geographic.org
 
www.mygeog.ru
 
www.e–cis.info 
www.geography.about.com
 
www.hobitus.com 
www.imf.org 
www.kisi.kz
 
www.meteosputnik.ru 
www.mfa.gov.kz 
www.oecd.org
 
www.stat.gov.kz 
www.theodora.com 
www.un.kz
 
www.un.org 
www.undp.kz 
www.unesco.kz
 
www.unesco.org 
www.unmultimedia.org 
www.volcanodiscovery.com
 
www.worldbank.org 
Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін 
түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті 
өмірімен, денсаулықты сақтаумен, техника мен технологияны дамыту үшін 
қажетті ғылыми-жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта 
проблемаларымен байланысты болуы тиіс. Сабақтың сапасын арттыру үшін 
мұғалім: 
– 
оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды 
пайдалану; 
– 
білім алушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында 
компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдану; 
– 
пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыру; 

есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалану; 
– 
виртуалды практикумдар және зертханалық жұмыстар жүргізу қажет. 
Төмендегі 108- кестеде ғылыми-жаратылыстану циклі пәндерінің (оқыту 
бағыты бойынша) сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру 
бойынша ұсынылатын қызметтердің түрлерінің мазмұны келтірілген. 
108-
кесте. Ғылыми-жаратылыстану циклі пәндерінің (оқыту бағыты 
бойынша) сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру 
бойынша ұсынылатын қызметтердің түрлерінің мазмұны 
Ұсынылатын 
қызметтердің 
түрлері 
(жобалаудың 
параметрлері) 
Білім беру бейіндері бойынша 
ЖМБ 
ҚГБ 

Оқылатын тақырыптар 
бойынша 
шағын 
зерттеулер. 
Сабақ барысында негізгі 
бөлімдер және тақырыптар 
бойынша 
жүйелі 
презентация жасау. 
Жекелеген сабақтарда 
жекелеген тақырыптар 
бойынша презентация. 


287 

Карталар, 
кестелер, 
сызба-нұсқалар, көрнекі 
құралдармен жұмыс. 
Талдау, 
өз 
бетінше 
шешімдер әзірлеу, жаңа 
сызбалар, жаңа білім. 
Талдау, 
қорытындылау. 

Түрлі 
күрделілік 
деңгейіндегі 
практикалық, 
зертханалық жұмыстар. 
Жоспарлы, 
жаттықтырушы, 
дамытушылық, іс-әрекеттік. 
Жоспарланған, 
іс-
әрекеттік. 

Статистикалық 
материалдармен жұмыс . 
Әрдайым, негізгі бөлімдер 
және тақырыптар бойынша, 
міндетті түрде көрнекі-
графикалық бейнелеу. 
Әрдайым, 
негізгі 
тақырыптар бойынша. 

Мерзімді 
баспасөз 
материалдарын, 
қосымша материалдарды 
зерделеу. 
Әрдайым, 
жаңа 
білім 
сабақтарындағы 
презентация, 
олардың 
функционалдық маңызы. 
Білім алушы үшін 
жаңа 
білім 
сабақтарындағы 
презентация, олардың 
функционалдық 
маңызы. 

Үй 
тапсырмасының 
тәжірибелік 
бағыттылығы. 
Жүйелі, үнемі, іс-әрекеттік. Жүйелі, жүйелі іс-
әрекет, 
өзін-өзі 
тәрбиелеу міндеттері. 
Сонымен қатар білім алушылар арасында жаратылыстану ғылымдары 
мен жаратылыстану сауаттылығына деген қызығушылықты қалыптастыру үшін 
STEM-
ді оқыту элементтерін ұсынамыз.
Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік 
жағдаяттарда география, физика, химия және биология пәндерінен алған 
білімдерін қолдану біліктілігін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және 
жаттығуларды кеңінен қолдануға назар аударылады. Оқу тапсырмаларын 
әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, 
халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын 
тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.
Олар білім алушыларда ойлау әрекетінің, зерттеу белсенділігінің және 
дербестіктің ерекше стилін қалыптастырады. Мысалы, қоршаған ортаға зиян 
тигізбейтін үй үлгісінде табиғи жарықты басқару жүйесі істен шығуы мүмкін, 
бұл мәселені шешу үшін мәселенің себебін табуға, оны шешудің қадамдар 
дәйектілігін жасауға, математика, физикадан білімдерін қолдануы және оны 
шешу үшін табиғи материалдардың сипаттамаларын білуі керек. 
STEM бағдарламаларын іске асыруда ақпараттық технологияларды 
пайдалану перспективасын асыра бағалауға болмайды. Бүгінгі таңда 
медицинада, құрылыста, химияда, физикада, биотехнологияда және басқа да 
ғылыми аймақтарда ақпараттық технологияларды белсенді қолданатын оқу 
орындарының түлектеріне сұраныс артып келеді. STEM сабақтарында 
есептеулерді жобалау үшін компьютерлік бағдарламаларды қолдану білім 
алушылардың жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады ал, көптеген 
жобаларда материалдық модельді құрастырмас бұрын электрондық прототип 
жасалады. Әрбір білім алушыға қол жетімді тиісті бағдарламалық жасақтаманы 
қолданып, түпкілікті өнімнің техникалық сипаттамаларын және тиімділігін 


288 
электрондық прототипі арқылы тексеруге болады.Мысалы, тығыздық, 
температура, қысым және кинетика заңдылықтары сияқты су эквиваленті 
туралы деректерді пайдалана отырып, шынайы жағдайлар үшін терең теңіздегі 
зерттеу станциясының сипаттамаларын тексеруге болады. 
Мектептерде STEM оқытуды қолданудың қаншалықты мүмкіндіктері 
бар? Интернетте практикалық тәжірибеге негізделген әдістемелік ұсыныстар 
табуға болады. 
Интеграцияланған бағдарламаларды жүзеге асыру үшін, мысалы, 
элективті инжиниринг және робототехника, биотехнология немесе 
нанотехнология, сондай-ақ әртүрлі бағыттағы топтар мен секциялар қосымша 
білім беруді қолдана алады. Орта білім беру стандарттары аясында STEM 
оқытуды жүзеге асыру үшін ғылыми-жаратылыстану пәндерін кіріктірудің 
жолдары ұсынылады.
Біріншіден, бірнеше пәнді (химия, биология және физика) кіріктіруге 
мүмкіндік туады. Мысалы, тіршілік үшін судың рөлі және физикалық қасиеті, 
молекуладағы химиялық байланыстары, құрамы туралы білімдерін талап 
ететін тапсырмалар енгізілген, биология, химия және физика пәндерінің 
мұғалімдері жоспарлаған, биологиялық, химиялық, физикалық көзқарастағы су 
қасиеттерін зерттеу тақырыбындағы сабақтар. Тағы бір мысал, адам қаңқасын 
зерттеуде 
графикалық 
редакторларды 
пайдалану 
биология 
мен 
информатиканың кірігуі болып табылады немесе фотосинтез процесі және 
жарықтың қасиетін оқуда физика мен биологияның кіріктірілуі.
Екіншіден, білім алушылардың бірнеше пән бойынша білімі мен бірнеше 
пән мұғалімдерінің кеңестерін пайдалана отырып, оқу жобаларын құру арқылы 
STEM бағдарламаларын іске асыру мүмкін болады, мысалы, математика, 
физика және информатика бойынша білімдерін қажет ететін бейнероликтерді 
жазу үшін тіркелген ауданы бар ұшқышсыз әуе көлігінің үлгісін жасау.
Үшіншіден, әдетте екі-үш аптаға созылатын жазғы мектеп сабақтарының 
әлеуетін ескеру керек. Мұғалімдер топтағы білім алушыларға белгілі бір уақыт 
пен бірнеше пәндер бойынша дағдыларды қажет ететін ғылыми тәжірибені 
практикада қолдануға тапсырма бере алады. Мысалы, бұршақ өсімдігін немесе 
белгілі бір биіктіктегі басқа да қарапайым өсімдіктерді өсіруге арналған 
тапсырма. Сонымен қатар, ересектер кәсіби қызметпен айналысатын, ғылыми-
зерттеу әлеуетін дамыту және сыни ойлау дағдыларын дамытатын, топырақтың 
құрамын есептеп анықтайтын және суару режимін жоспарлайтын, өсімдік 
бағанында қашықтықты есептеген кезде, командалық жұмыс тәжірибесін алуда 
интеграцияланған оқытуды ұйымдастыру маңызды. Креативті ойлау және 
белсенділік қарқыны бағытын таңдау мүмкіндігі болғанда әр білім алушының 
жеке қабілеттері ескеріледі. 
Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА
сайтында келесі әдістемелік нұсқаулар орналастырылған: 
1. STEM білімді енгізу – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясы, 2017. – 160 б. 
2. PISA, TIMSS 
зерттеулерінің тапсырмалары негізінде білім 
алушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту. Оқу-


289 
әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 40 б. 
3. PISA-
2015 халықаралық зерттеуге дайындықты әдістемелік және 
ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік жинақ. – Астана: Ы. 
Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 118 б.
4. TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге білім алушыларды 
дайындауға арналған есептер жинағы. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы 
ҰБА, 2016. - 59 б.
5. 12-
жылдық мектеп жағдайында білім алушылардың функционалдық 
сауаттылығын бағалау әдістемесі. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин 
атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 43 б. 
6. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы 
мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері. Әдістемелік 
құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 38 
б. 
7. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 
жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы. Әдістемелік 
құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 41 
б. 
8. Ғылыми жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық 
тапсырмалар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 80 б. 
9. Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру 
жағдайында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. 
Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясы, 2013. – 45 б. 
Осы нұсқаулықтар Академия сайтында (
www.nao.kz

орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет