128
1)
талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға
ықпал ететін әр түрлі тапсырмалар;
2)
кең ауқымды ауызша және жазбаша
дереккөздермен жұмыс жасау
арқылы білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған.
Оқу бағдарламасы шиыршық принципіне негізделіп жасалған. Бұл тәсіл
білім мен дағдыларды қоса алғанда, тереңдігі, көлемі мен күрделілігі бойынша
біртіндеп кеңейтілетін, белгілі бір уақыт аралығында (оқу
жылында немесе
келесі сыныптарда) мақсаттар мен тақырыптарды қайта зерделеуді көздейді.
Сөйлеу қызметінің дағдылары бойынша мақсаттарға жету прогрессияда ойлау
қызметінің дамуы «біледі, түсінедіден» «ажыратады, салыстырадыға» өтуін
жобалайды.
Білім, білік және дағдылары ең қарапайымнан жоғары ретті ойлау
дағдыларына дейін қалыптасады және дамиды
(Блум таксономиясы бойынша).
5-9-
сыныптарға арналған «Шетел тілі» оқу пәні бойынша
бағдарламалардың
мазмұны бұрын көрсетілгендей, әрбір жеке сыныпта
қарапайым дағдыларды қалыптастырудан бастап күрделі дағдыларға дейін
прогрессия түрінде құрылған әр қайсысы
оқыту мақсаттарына бөлінген
бағыттардан тұрады. Дағдыларының дамуына қарай сыныптан сыныпқа, бір
деңгейден екінші деңгейге өткен сайын мақсаттар күрделене түседі.
Оқу бағдарламасы, бөлімдері оқу жылында
меңгерілетін және мұғалім
тоқсанда өтетін тақырыптардың реті мен сағатын еркін бөліп қоя алатын,
ұзақ
Достарыңызбен бөлісу: