Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет82/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

Шетел тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
5-9-
сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды. 
«Шетел тілі» пәнінен оқу жұмысын ұйымдастыруда келесі ұсынымдар 
беріледі: 
1. Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған 
«Independent project» юнитына назар аудару қажет. Жоба жұмысы арқылы 
мұғалім мақсаттар мен сөйлеу дағдыларының түрлеріне бағытталған 
қалыптастырушы бағалауды жүргізе алады. Жоба жұмысының түрі мен 
мазмұны (тақырыптық мазмұны, іс-әрекет түрлері, күтілетін нәтижесі, бағалау 
түрлері және т.б.) мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестіктерде талқыланады.
2. «Reading for pleasure» бөлімінде оқу дағдысын дамыту үшін әдістемелік 
нұсқауларды белсенді қолдану керек. Көркем және оқу әдебиет мәтіндерімен 
жұмыс жасау ағылшын тіліне оқытудың міндетті элементі болып табылады 
және білім алушылардың алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік береді. 
Шетел тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің үлкен 
білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар. Бұл жұмыс шетел тілі 
туралы білімді арттырып қана қоймай білім алушының мәдениеттану ой-өрісін, 
шығармашылық белсенділігін, эстетикалық талғамын тереңдетуге мүмкіндік 
береді, өзге елдің тілі мен мәдениетін үйренуге деген қызығушылығын 
арттырады. Міндетті курспен қатар толық практикалық, тәрбиелік, дамыту 
мақсаттарын жүзеге асыруға толық жағдай жасайды.
Шетел тілін сыныптан тыс оқытуды моделдеу іс-әрекетінің негізгі тәсілдері: 
• 
тақырыптық ойын кештері; 
• 
елтануға арналған үйірмелер; 
• 
шетел тілдері апталығы; 
• 
бейнеклубтар, тілдік орталықтар; 
• 
шетел тіліндегі театрландырылған қойылымдар және т.б.
Тілдік құзыреттілікті бағалауда ескерілетін жағдайлар: 
1. Білім алушылардың тілдік қателерін атап өту керек және олардың 
назарын жіберген қателеріне қарапайым тәсілмен аудару қажет, алайда егер 
білім алушы өз білімін көрсете алған болса, қателердің бағалауға әсері болмауы 
керек. Білім алушының ең басты мақсаты – өз ойын қарапайым сөзбен бере 
білуі, бұл жағдайда грамматикалық талаптар дұрыс сақталмауы мүмкін. Уақыт 


132 
өте келе оның өзіндік сөйлеу дағдысы қалыптасады, нақтыланады әрі 
дұрыстала түседі. 
2. Сұраққа жауап беру барысында білім алушылар бірінші тілді қолдана 
алады. Олардың шектеулі сөздік қоры мен мақсатты тіл бойынша білімдерінің 
аздығы сөз сөйлеу мен жауап беру кезінде кедергі болуы мүмкін болғандықтан, 
оқудың бірінші сатысында (кем дегенде ішінара) бұл рұқсат етіледі. Сондықтан 
барлық білім алушылар мақсатты тілге қашан көшуге болатынын келісіп 
алғаны жөн және келісілген уақыттан бастап бірінші тілді қолдану тоқтатылуы 
керек. 
3. Мұғалім ережеге сәйкес ауызекі сөйлеу тілінде кеткен қателерді 
перифраз көмегімен дұрыстайды, бірақ білім алушыға дұрыс түрін қайталату 
міндетті емес, себебі ол айтқалы жатқан ойын үзіп және өзге тілде өз ойын 
сенімді жеткізе алмай қалуы мүмкін. 
4. Егер бір рет жіберілген қате тағы да қайталанса, сәйкес тақырыпты 
түсіндіру соңында мұғалім дұрыс үлгідегі сөздерге мысалдар келтіреді және 
қажет болған жағдайда оның грамматикасына баса назар аударады. Бұдан өзге, 
сынып білім алушылары немесе мұғалім барлығы ынтымақтасқан іс-әрекет 
негізінде кейбір тақырыптарға байланысты лингвистикалық мазмұндағы 
сөйлемдерге мысалдар келтіре алады. 
5. Жазба жұмысты тексеру барысында тілдік қателер ескерілмейді (егер 
білдіретін ойы мен мәтіні түсінікті болса), бірақ педагог оны өзінің 
түсініктемесінде көрсетеді. 
«Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 
және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 45-
кестеде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің 
нақты саны көрсетілген. 
45-
кесте. «Шетел тілі» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып 
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан 
2-
тоқсан 
3-
тоқсан 
4-
тоқсан 
5-
сынып 




6-
сынып 




7-
сынып 




8-
сынып 




9-
сынып 




«Шетел тілі/Ағылшын тілі» бойынша қорытынды аттестаттау 
Қорытынды аттестаттау білім беру стандарты мен оқу бағдарламасында 
белгіленген талаптар шегінде білім алушыларда оқылатын шетел тілінің 
практикалық меңгеру деңгейін бағалауға арналған. Білім алушыларды 
қорытынды аттестаттау объектісі коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру 
болып табылады. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты білім алушылардың 
негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 
пән бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру дәрежесін анықтау болып 


133 
табылады. 
Қорытынды аттестаттау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы 
бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік 
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген 
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын 
іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне 
ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің 
үлгі қағидалары, сонымен қатар Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен 
өткізу бойынша Нұсқаулыққа сәйкес өткізіледі.
2019-
2020 оқу жылында Шетел тілі мұғалімдерімен әдістемелік жұмысты 
жоспарлау кезінде педагогикалық қызметкерлердің мүдделері мен 
сұраныстарын, олардың кәсіби шеберлігі мен дағдыларын ескеру қажет. 
Шетел тілі мұғалімдерінің тамыздағы пәндік секцияларында төмендегі 
сұрақтарды талқылау ұсынылады:
1. Негізгі орта мектепте жаңартылған білім мазмұны аясында шетел тілін 
оқытудың ерекшеліктері.
2. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында шетел тілі пәнінен әдістемелік 
бірлестіктердің жұмысын жоспарлаудың ерекшеліктері.
3. 2019-
2020 оқу жылында шетел тілін оқытуда мұғалімдердің тәжірибе 
алмасуы мен семинарларын жоспарлау.
Жаңа оқу жылында шетел тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік 
отырыстарында төмендегі сұрақтарды қарастыру ұсынылады:

шетел тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастыруда заманауи 
тәсілдерді іске асыру;

қалыптастырушы бағалауды өткізу;

шетел тілін оқытуда шығармашылық бастамаларды енгізу және сабақтан 
тыс қызметті ұйымдастыру;

шетел тілі пәні бойынша бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға 
дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет