Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



Pdf көрінісі
бет64/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

75 
үстіңгі қабатына қаймақ жағады да, қасықпен өрнектеп, пісіреді. Берер 
алдында қаймақ немесе сүтті не қаймақты тұздық құяды. 
Көкөністі пісірме. Сабандап туралған сәбізді, қырыққабатты, шалқанды 
бөлек-бөлек шала қуырып, араластырып, жартылай шеңбер пішінінде 
жартылай қуырылған пиязды қосып, ұнтақ жармасын салып, қоюланғанша 
пісіреді. Алынған массаны қайнатылып езілген картоппен, жасыл бұршақпен 
араластырып, 50-40°С-қа дейін салқындатады. Жұмыртқаларды қосып
араластырады. Массаны дайын жайпақ табаға не табаға салып, қаймақ 
жағып, кепкен нан немесе ірімшікпен араластырылған кепкен нан сеуіп 
пісіреді. Берер алдында қаймақ немесе май не болмаса сүтті, қаймақта не 
қызанақ қосылған қаймақты тұздық құяды.
Көкөністі пудинг. Майда текшемен туралған сәбізді және туралған 
қырыққабатты сүт пен майға бөктіреді; майда текшемен туралған картоп, 
кәділерді қуырады; гүлді қырыққабатты қайнатады. Дайын болған 
көкөністерді араластырып, оларға жасыл бұршақ қосып, ұнтақ жармасын 
сеуіп, қоюланғанша пісіреді. Массаны 50-40°С-қа дейін салқындатып
сарыуыз бен шайқалған жұмыртқа ақуызын қосып, ептеп араластырады. Май 
жағылған жайпақ табаға не қалыптарға салып, кепкен нан себеді. Үстіңгі 
қабатына қаймақ жағып немесе үгітілген ірімшік сеуіп, пісіреді. Қаймақпен 
немесе сүтті не қаймақты тұздықпен береді.
Асқабақ пен алмадан әзірленген пудинг. Дайын асқабақты майда 
текшемен турап, сүтте маймен бірге дайын болғанша бөктіреді. Тұқымынан 
тазартылған алманы майдалап текшелеп турап, суда қантпен бірге бөктіреді. 
Асқабақты алмамен араластырып, артынша ұнтақ жармасын қосып, 
қоюланғанша пісіреді. Алынған массаны 50-40°С-қа дейін салқындатып, 
қантпен езгіленген жұмыртқа сарысын қосады. Араластырып, одан кейін 
ептеп шайқалған жұмыртқа ақуызын енгізеді. Массаны май жағылып, кепкен 
нан себілген жайпақ табаға салып, үстіңгі қабатын тегістеп, кепкен нан сеуіп, 
пісіреді. Берер алдында май немесе қаймақ не болмаса қаймақ тұздығын 
құяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет