Екінші ондық көлеміндегі сандармен арифметикалық
амалдарға үйрету әдістемесі.
Екінші ондық кӛлеміндегі сандарды үйрену барысында оқушылар
разрядтан ӛтпейтін және ӛту арқылы жасалынатын қосу және алу
амалдарымен танысады.
Разрядтан ӛтпей жасалынатын амалдар:
1. 10 + 4 = 14
2. 11 + 6 = 17
3. 12 + 7 = 19
4. 13 + 7 = 20
1. 14
– 4 = 10
2. 17
– 6 = 11
3. 19
– 7 = 12
4. 20
– 7 = 13
Қосу мен алу амалдары параллельді оқытылады.
7+5 =
5 = 3 + 2
7 + 3 = 10
10 + 2 = 12
12
– 2 =
12
– 1 = 11
11
– 1 = 10
39
Бұл – разрядтан ӛту арқылы қосу мен алу.
Қосу барысындағы алгоритм:
Екінші қосылғышты екі санға бӛліп, бірінші қосылғышқа қосып 10-ға
жеткізу. Алғашқы қосылғышқа енді екінші қосылғышты қосып, екінші
ондық санды шығару.
Алу барысындағы алгоритм:
Азайтқышты екі санға бӛліп (біреуі азайғыштың бірлігіне тең болу
керек), азайғыштан бірлікті алу қажет. Алынған 10 санынан қалған санды
алу керек.
Екінші ондық кӛлеміндегі сандармен жасалынатын қосу мен алу
амадарын ӛту алдында бірінші ондық кӛлеміндегі сандарды қосу мен алу
кестесін қайталау қажет. Сонымен қоса, сандар құрамын екі таңбалы
сандардың ондық құрамына тоқталу қажет.
100 көлеміндегі сандарды нөмірлеу және
арифметикалық амалдарды өту міндеттері.
Т.В.Варенова мен В.В.Эктің бақылаулары мен арнайы зерттеулері
бойынша тұрмыстық және ӛндірістік іс-тәжірибе зияты зақымдалған
оқушылардан жүздікті жақсы білуін, ауызша және жазбаша нӛмірлеуін
игеруді, есеп шығару тәсілдерін ауызша және жазбаша шығаруды талап
етеді. Жүз кӛлеміндегі сандарды ӛту мен олармен жасалынатын
амалдарды білу математикалық білімдерді, басқа пәндерді меңгеруде
және еңбекке даярлау түрлері бойынша кәсіби іскерлік пен дағдыларды
меңгеруінің негізі болып саналады.
Жүз кӛлеміндегі сандардың нӛмірленуі мен арифметикалық
амалдардың оқытылуы III концентрацияның есебі болып саналады.
Жүздік кӛлеміндегі сандарды ӛту міндеттері:
1. 100-
ге дейін тура және кері ретпен санауға үйрет. Бірліктермен
және ондықтармен санау барысында оқу құралдарын қолдану қажет.
2. Ондық жүйесінің пайда болу негізі туралы ұғым беру, оның
заңдылықтарына тоқталу: қарапайым санау - 10 бірліктен жаңа санау
бірлігі - ондық құралады; 10 ондықтан 1 жүздік құралады.
3. Реттік сандармен қолдануға үйрету.
4. Әр сандардың сан қатарында орнын белгілеуге үйрету. Оны
ұғыну.
5. Сандардың ондық құрамын түсінуге үйрету: санды, разрядтық
қосылғыштарға жіктеу және разрядтық қосылғыштардан санды
құрастыру.
6. Сандарды салыстыруға үйрету.
7. Жүз кӛлеміндегі сандардың нӛмірін жазуға үйрету. Санадағы
цифрлардың орнын анықтау.
8. Жүз кӛлеміндегі сандармен жасалатын қосу мен алу есеп
тәсілдерін үйрету және амалдарды тексеру үшін қосу мен алуды
орындау.
9. Қосу мен алудың белгісіз компоненттерін табуға үйрету.
40
Аталмыш тарауды ӛту барысындағы зияты зақымдалған
оқушылардың меңгеру ерекшеліктері мен қиындықтары?
Жүз кӛлеміндегі сандарды ӛту барысында зияты зақымдалған
оқушылардың қиындықтары қатарына мыналар жатады:
1. Санаудың ондық жүйесінің негізін меңгеруде кездесетін
қиындықтар.
2. Ондықтардың атауларын жаттауда қиналады. Олардың
бірізділігін сақтап, тура және кері санауда қиналады. Мысалы: «50» - 15,
«80» - 18. Одан кейін келесі ондыққа ауысу кезінде де қиналады.
Мысалы, жиырма тоғыз (29), жиырма он (2010).
3. Сандағы цифрларды жазуды меңгеруде кездесетін қиындықтар:
ең алдымен бірліктерді, сосын ондықтарды айтады.
4. «100» санының құрамын түсінуде қиналады.
5. Екі таңбалы сандармен жасалатын арифметикалық амалдарды
орындау барысында қиналады: саусақтармен санайды, бір-бір
бірліктерді қосып санайды, кӛрнекіліктерге сүйенеді.
6. Жүз кӛлеміндегі сандармен жасалатын есеп дағдыларын
меңгеруде қиындықтарға ұшырайды. Олар кӛбіне бір таңбалы сандарды
қосу мен алуды игермегендігімен байланысты болады.
7. Санда разрядты қосылғыштарға жіктеуде қиналады.
Жүз кӛлеміндегі сандарды нӛмірлеудің әдістемесі:
В.В.Эк бойынша 100 кӛлеміндегі сандар нӛмірленуін ӛту кезеңдері:
1. Ондықтар қатарына және 100 санына үйрету.
2. Сандарды ондықтар мен бірліктер арқылы табу (сан құрамын
қарастыру).
3.
Бірліктерді қосу мен алу бойынша жүз кӛлеміндегі сан қатарымен
танысу.
4. Екі таңбалы сандардағы бірліктер мен ондықтардың алатын
орны.
5. Ӛлшеу барысында алынатын сандарды ӛту.
Әрбір оқушы мұғалімнің жетекшілігімен ондықтарды –
таяқшалар жинағын даярлайды. Таяқшаларды санап, оларды бамаларға
жинап, 10 түйін жасайды. Одан кейін оларды бір-біріне қосып санайды.
Ондықтар мен бірліктер санын атайды. Мысалы, 5 ондық = 50 бірлік.
Сандарды кестеде кӛрсетеді. Содан жаттығулар жүргізіледі. Ондықтар
қатарын бекіту үшін мұғалімнің айтып тұруы бойынша 1 ондықтан қосып
отырып, оларды сандары бар карточкалармен алмастырып отырады.
Алынған қатар санын оқушылар ауызша оқып, сандағы ондықтарды
атап, кӛршілес сандарды анықтап, оларды ӛзара салыстырады.
Оқушылар мұғалімнің нұсқауы бойынша бірнеше ондық
(таяқшалар түйіні) пен бірліктерді (жеке таяқшаларды) алып, санды
құрастырады. Оны атап, шотта және абакта кӛрсетеді. Шотта ондықтар
астынан санағанда 2-сымда орналасады. Сандарды жазуға кірісер
алдында мұғалім ондық пен бір таңбалы саны бар карточканы алуын
сұрайды. Бір таңбалы сан ондығы бар карточкада «0» санының орнына
41
қойылады. Сонымен, толық екі таңбалы сан пайда болады. Сандардың
құрамы шот пен абакта жаттықтандырылады. Сандарды жазу бары-
сында қиындықтарға ұшырайтын кейбір оқушыларға разрядты түспен
белгілеп қолдануды немесе бірліктерді бір сызықпен, ондықтарды екі
сызықпен сызу тәсілін ұсынуға болады.
Оқушыларды санды разрядтарға бӛлуді жазудың әртүрлі
әдістерімен таныстыру қажет.
55
55
55 = 50 + 5
50
5
5
онд.
5
бірл.
55
– 5 онд. 5 бірл.
Бұл кезеңде оқушылар санақ таяқшаларымен қолданады. Екі
ондыққа (бума таяқшаларға) бір-бірден қосылып отырып сан қатары
жазылып отырады. Басқаша айтқанда, үшінші ондық кӛлеміндегі сандар.
10 таяқшаны қоса отырып, оқушылар тағы 1 ондық таяқшаларын
жинақтап, бумаға байлайды. Сонымен балаларда 3 бума таяқша немесе
3 ондық немесе 30 саны пайда болады. Осыған ұқсастырып 100
кӛлеміндегі сандар қатары жинақталады. Сандық қатарының жеке
үзінділерін немесе барлық қатарын дәптерге жазуға болады.
Бірліктерді қосып санау шотта да жаттықтандырылады. Оқушы-
ларды бірліктерді біртіндеп алуға үйретуге кірісу барысында мұғалім
қолдарына 1 жүздікті алуын сұрайды (10 бума). Оны 10 ондыққа ауысты-
руын сұрайды (үлкен буманы шешіп, ондықтарға бӛлу). Бір ондықты
алып, оны 10 бірліктерге ауыстырамыз (1 ондық таяқшаларын шешеміз).
Одан кейін жүздіктен 1 таяқша алынып, қалған сан аталынады – 99. Осы
процесс 90 санын алғанға дейін жалғастырылады. Ол тағы да 10 бірлікке
ауыстырылып, бір-бір таяқшадан алынып, әрі қарай кері санауға үйре-
теміз. Мұғалім балалардың зейінін ең алдында қанша ондық болданына
аударады. Одан кейін бірліктер қайдан алынып, ондықтың қайда
жоғалып кеткенін түсіндіреді. Бұл жерде де жұмыс шотпен бекітіледі. 3-
сымдағы 2 сүйекше 2-сымдағы 10 сүйекпен алмастырылады. 2-сымдағы
10 сүйекше 1-сымдағы 10 сүйекпен алмастырылады.
Бірінші жүздік кӛлеміндегі сандар қатарын ӛту «демонстрациялық
шаршы»
кӛмегімен
жүргізіледі.
«Демонстрациялық
шаршымен»
жасалатын жаттығулар:
-
Мұғалім шаршыдағы жеке сандарды, жолдарды, бағандарды
жауып, оқушылардан атауын сұрайды;
-
Бос торды толтыру;
-
Қатардағы және бағандағы санның «кӛршілерін» атау;
-
Сандарды салыстыру;
-
Берілген саннан 1 санға (1 ондыққа) кӛп (кем) санды жазу;
-
Екі берілген сан арасындағы санды жазу;
42
Осы құрал кӛмегімен тақ және жұп сандары да анықталады.
Демонстрациялық шаршыда жұп сандарды түсті қарындашпен бояуға
болады. Жұп сандардың екі бірдей бӛліктерге бӛлінетін қасиеті заттық-
сарамандық іс-әрекет орындау барысында бекітіледі.
Бұл сұраққа алдында уақыт бӛлінген болса да, бірақ балалар-
дың ерекшеліктерін, меңгеру ерекшеліктерін есепке ала отырып, бұл
тақырып бойынша екі таңбалы сандардағы бірліктер мен ондықтардың
алатын орны бойынша жұмыстарды міндетті түрде жүргізу қажет. Негізгі
жұмыс разрядтық кестемен жүргізіледі. Келесі жаттығуларды ӛткізуге
болады:
-
берілген санды разрядтық кестеге жазу;
-
разрядтық кестедегі санды оқу;
-
берілген саннан 1 бірлікке (ондыққа) артық (кем) санды жазу;
-
берілген саннан бірнеше бірлікке (ондыққа) артық (кем) санды
жазу;
-
разрядтағы кестедегі берілген сандарды салыстыру.
Нӛмірлеуді үйрену тең сандық топтарын санау барысында алына-
тын сандар қатарымен танысумен аяқталады: 2, 5, 4, 3. Екі еселеніп
санау тақ және жұп сандарды ӛту барысында оқытылады. 5 сан қосып
отырып санау демонстрациялық шаршыдағы 2 бағандағы алынатын сан
қатарында қарастырылады. Бұл бағандарды жеке сызып алып
қарастыруға болады. Бұл сандар қатарындағы сандарды жақсы есте
сақтауын қамтамасыз етеді. 4-ті қосу арқылы санауды 2 және тағы 2-ні
қосу арқылы үйретуге болады. 3-ті қосу арқылы алынатын сандарды
келесі жолмен жасауға болады: 20 кӛлеміндегі сандарды ауызша айтып,
қалғандарын демонстрациялық шаршыдан табады. Оқушылар санау
барысында алынатын сандарды шаршыда 2-3 тордан кейін орналасуын
анықтайды. Бұл сандар жеке жазылып, есте сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |