Оқу-әдістемелік құрал 4 ГлОссарИЙ тәрбиеші – балаға қамқорлық жасауға жауапты ересек адам (ата-ана, отбасы мүшесі немесе
басқа біреу)
Ойын – балалар заттарды ұстап, когнитивті даму үдерісінде жаңа дағдыларды игеруге тырыса-
тын тәсілдер
дене массасының индексі (дсИ) немесе салмақ-бой индексі – баланың дене массасының
жатқан күйіндегі (2 жасқа дейінгі балалар) денесінің ұзындығына килограмға шаққандағы немесе
тұрған қалпындағы бойына шаршы метрмен өлшегендегі (2 жастан асқан балалар) арасалмағы
қарым-қатынас жасау – баланың әлеуметтік, эмоционалдық және тілдік дамуын білдіретін
белгілерді, ым және сөздерді қоса алғанда, ата-аналар мен балалардың бір-біріне жіберетін
ишара - тәсілдері
Жетістіктер торлары (моторлық дамуда) – дені сау балалардың моторлық даму кезеңдеріне
қол жеткізетін жасының қалыпты айырмашылықтарының шегі
қайырымдылық – баланың сигналдарына дұрыс әрі жағдайға байланысты жауап қайтару
қабілеті
қосымша тамақ – балаға 6 ай толған соң емшек сүтіне қосымша берілетін тамақ
Баланың дамуы – баланың когнитивті, тілдік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын, оқуға
көзқарасын қоса алғанда, баланың қабілеттері пайда болатын кезең, ірі және ұсақ моторика да-
миды
Бүлдіршін жастағы балалық – пайда болған кезеңінен мектепке барғанға дейінгі кезеңі
Физикалық даму – балалық шақтың әр кезеңінде баланың бойының, дене салмағының, жеке-
леген дене мүшелерінің және биологиялық өсіп-жетілуінің өсу үдерісі
сезімталдық – тәрбиешінің баланың мұқтаждықтары мен тілегін білдіретін сигналдарын, оның
қимылы мен шығаратын дыбыстарын түсінуі
5 БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ