БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014



Pdf көрінісі
бет4/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Публикация на каз

қЫсқартулар тіЗімі
АЭЖ
ақуыз –энергетикалық жетіспеушілік
ДДСҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
АДТ 
А дәрумені тапшылығы
БЖАБЕ 
бала жастағы ауруларды біріктіріп енгізу
ДСИ
дене салмағы индексі
МБ 
медициналық бірліктер
ӨЖКЗ
өсу эталондарын көпшоғырлы зерттеу
СБИ 
салмақ-бой индексі
АМСЖ
алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем
ҚР 
Қазақстан Республикасы
АДА 
ауылдық дәрігерлік амбулатория
СА 
стандартты ауытқушылықтар
ЮНИСЕФ 
Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры


Оқу-әдістемелік құрал
6
1
 
БалалардЫҢ 
дамуЫНЫҢ НеГіЗГі 
кӨрсеткіШтері
Үйлесімді физикалық, эмоционалдық және интеллектуалдық даму — денсаулықтың басты 
көрсеткіштері. Дені сау бала ширақ, күш-қуаты мол, білімге құштар келеді. Ол қоршаған орта 
жағдайларына жеңіл бейімделеді. Оның үстіне бала жасының негізгі ерекшелігі оның өсу және 
даму қарқыны екенін ескеру қажет. Бала неғұрлым кішкентай болса, бұл үдерістер соғұрлым 
тез, жедел өтеді. 
Педиатрияда «физикалық даму» термині деп балалық шақтың түрлі кезеңдерінде баланың 
бойының, салмағының, жекелеген дене мүшелерінің өсуі мен биологиялық өсіп-жетілуі түсініледі. 
1.1.БалаНЫҢ ФИЗИкалЫқ даму 
кӨрсеткіШтеріНіҢ Жас ерекШеліктеріНе 
БаЙлаНЫстЫ кӨрсеткіШтері
Балалардың бойының өсуі мен дамуын дұрыс бағалау үшін баланың жасына сәйкес бұл пара-
метрлер физиологиясының ерекшеліктерін, сондай-ақ оларға ықпал ететін факторларды білу 
қажет.
Балалардың дамуының негізгі көрсеткіштері:

дене салмағы;

бойы/ұзындығы;

бас шеңбері;

психомоторлық дамуы.
дене салмағы
—баланың өсуі мен дамуының неғұрлым маңызды құрамдас бөлігі, баланың 
салмақ қосуының баяулап қалуы немесе тоқтап қалуы оның жеткіліксіз тамақтануының және 
өсуінде кемшілік бар екенінің бірінші белгісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет