7
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ
Бойы (денесінің ұзындығы).
Бала туғаннан бастап 2 жасқа дейін «денесінің ұзындығы» де-
ген термин қолданылады, ал 2 жастан асқан соң «бойы» деген термин қолданылады. Дені сау,
айы-күні жетіп туған нәрестенің денесінің ұзындығы туған кезде 46-56 см болады. Өсу — үздіксіз
үдеріс. Түрлі жаста бұл үдерістің жеделдеуі немесе баяулауы мүмкін.
Туғаннан кейін бойы өте
тез, бірден өсе бастаған баланың әдетте кейінгі айларда өсуі бірте-бірте баяулай бастайды.
Алғашқы 6 айда бала 16 см, кейінгі 6 айда 8 см өседі.
1 жастағы баланың бойы шамамен 75 сантиметрге өседі және 4 жаста туған кездегі денесінің
ұзындығынан 2 есеге артық, 100 сантиметрді құрайды. 4 және 10
жас аралығында баланың өсуі
салыстырмалы түрде баяу әрі бірқалыпты, бұл кезеңдегі бойдың өсуі жылына 5-7 см болады.
Баланың бойы жыныстық жетілу басталған кезде жеделдейді.
Бас шеңбері.
Баланың бас шеңберінің өзгерістерін бақылау оның физикалық дамуына
дәрігерлік бақылау жасаудың ажыратылмас компоненті болып табылады.
Дені сау баланың
басының өсуі оның миының өскенін көрсетеді. Туған кезде баланың бас шеңбері орташа алғанда
34-36 см болады. Бас шеңбері алғашқы айда неғұрлым тез (3-5 см) өседі. Бас шеңберінің орта-
ша мәні 3-айда 40,5 см, 6 айда — 43 см, 12 айда — 46 см болады. 6
жастағы баланың бойы ере-
сек адамның бойының 70%-ын құрайтын болса, осы баланың бас шеңбері ересек адамның бас
шеңберінің 90%-ын құрайды. Баланың өсуі мен дамуы үздіксіз жүріп отырады.
Әу баста баланың
басы тез өседі. Алғашқы 6 айдан кейін кеуде шеңбері тез өседі. 9-12 айдан бастап аяқ-қолдары
мейлінше тез өсе бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: