«тежеліп қалған» секілді көрінсе: Баламен ойнау немесе қарым-қатынас жа-
сау үшін отбасын қосымша тапсырмаларды
орындауға итермелеңіз.
Баланың көру, есту қабілеттерін тексеріңіз.
Проблемалары бар баланы арнайы қызметтерге
жіберіңіз.
Отбасы мүшелерін балаға қол тигізу және
қозғалыстар арқылы, сондай-ақ онымен
сөйлесе отырып ойнауға және қарым-қатынас
жасауға итермелеңіз.
егер тәрбиешілер баламен ойнап, қарым – қатынас жасау үшін өздерінің жүктемелері көп немесе стрестік жағдайда жүрміз деп са- наса: Тәрбиешілердің өз сезімдері туралы айтқанын
тыңдаңыз, олардың сезімдерін бөлісе алатын
және балаға байланысты оларға көмектесе ала-
тын негізгі адамды анықтауына көмектесіңіз.
Қарапайым тапсырманы орындай алатын
қабілеттерін көрсете отырып, олардың өздерін
сенімді сезінуіне мүмкіндік беріңіз.
егер анасының немесе әкесінің баланы белгілі бір уақытқа біреумен қалдыруына тура келсе: Балаға жылуы мен ықыласын төгіп, үнемі
қамқорлық жасай алатын, кем дегенде бір адам
табыңыз.
Балаға оның жаңа адамның қасында қалу
қажеттілігіне бірте-бірте үйрену мүмкіндігін
беріңіз.
Баламен мүмкіндігінше көбірек уақыт өткізу
қажеттігіне анасы мен әкесінің көзін жеткізіңіз.
егер тәрбиешілер баламен ойнап, қарым- қатынас жасауға уақыты жоқ екенін сезінсе: Оларға ойын мен қарым-қатынас жаса- уды балаға қамқорлық көрсетудің басқа элементтерімен қосуды ұсыныңыз. Басқа отбасы мүшелерінен балаға қамқорлық
жасауға немесе ата-аналарға үй шаруасын
істеуге көмектесуді сұраңыз.
егер балаға қатал қарайды деген пікір пайда болса: Баламен қарым-қатынас жасаудың неғұрлым
дұрыс әдістерін ұсыныңыз.
Отбасын баланы жақсы мінез-құлқы үшін мақтауға
мүмкіндік іздеуге итермелеңіз.
Баланың сезімін сыйлаңыз. Баланың жабырқау
және ашулану себептерін түсінуге тырысыңыз.
Балаға тек «болмайды» деп айтпай, немен айна-
лысатынын таңдау мүмкіндігін беріңіз.