Оқу-әдістемелік құрал 56 5.6. БалалардЫ ұрЫП-сОҒу ЖәНе ОларҒа ЗОрлЫқ-ЗОмБЫлЫқ кӨрсету ЖаҒдаЙларЫН аНЫқтау БОЙЫНШа ұсЫНЫмдар Баланың қандай да бір сыртқы белгілері мен мінез-құлқына қарап балаға зорлық-зомбылық
жасалғанын болжамдауға болады. Бірақ ол үшін қандай да бір жалғыз белгі емес, бірнеше
белгінің болуы маңызды.
Бірлесіп келгенде адамның назарын аударып, сақтандыратындай жалпы және нақты белгілерді
атап көрсетелік:
1. Бала нашар дамиды: оның психикалық және физикалық дамуы жасына сәйкес келмейді.
2. Бала күтім көрмеген, ұқыпсыз, үстінен күлімсі шығады. Ол сүлесоқ, жиі жылайды немесе
керісінше, агрессивті, ызалы мінез танытады.
3. Бала өзгермелі мінез-құлық танытады: ол үнемі тыныш қалыптан күрт қозған немесе
керісінше жағдайға өтіп отырады. Мұндай мінез-құлық көбінесе баланың басқа балалармен
нашар байланысқа түсуіне себеп болады, оның оқшаулануына, топтан бөлінуіне алып келеді.
4. Бала өзінің денесіне жиіркенішпен қарайды, тіпті өзіне дене жарақатын салуға дейін барады.
5. Ол шешінуден бас тартады, ыңғайсыз жерлеріндегі көгерген орындар мен жараларды
көрсетпеуге ұмтылады.
6. Оған сырқаттанғанын айтып, басының ауырғанына, ішінің ауырғанына, зәр шығару органда-
ры айналасындағы қабынуларға байланысты қайта-қайта шағымдану тән.
7. Бала таныс ер адамға (әкесіне, ағасына, көршісіне және т.б.) немесе анасына қатысты анық
өштестік немесе қорқынышты сезінеді.
8. Қол көтерілген жағдайда қалшылдап, дірілдейді (соққыдан қорқып, жиырылады).
9. Басқа балалардың басында болған секілді етіп зорлық-зомбылық немесе сексуалдық
тұрғыдан емексу жағдайлары туралы айтады.
10. Жоғарыда аталған белгілерге сондай-ақ ұйқымен қараңғылықтан қорқумен, шыжыңдықпен
байланысты мәселелер де қосылуы мүмкін.
Физикалық зорлық-зомбылықты сыртқы түріндегі белгілер мен жарақаттардың сипатына
қарап тануға болады.
сыртқы түрі: ерекше сипаты бар көптеген жарақаттар:
1) таяқпен немесе шыбықпен ұрғаннан кейін қалған қанталаған сызықтар; 2) сыммен, бел-
беумен, арқанмен ұрғаннан кейін қалған іздер секілді тұзақ түріндегі қанталаған іздер; 3)
арқанмен немесе белбеумен байлаған немесе қысқаннан түскен іздер; 4) темекімен күйдірген
іздер; және түрлі деңгейдегі ескілігі (жаңадан болған және жазылып келе жатқан): физикалық
дамудың тежелуі (салмағының жетіспеуі және бойының өспеуі), судың кетуі, құрғау (емшектегі
балалар үшін); нашар күтімнің белгілері (гигиеналық тұрғыдан қараусыздық, сыртқы түрдің
ұқыпсыздығы, бөртпе).