БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014


Жарақаттардың негізгі түрлері денеде



Pdf көрінісі
бет48/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Публикация на каз

Жарақаттардың негізгі түрлері денеде 
– көгеру, сыдырылу, жара, заттармен, ыстық 
сұйықтықтармен, темекімен күйдіргеннен немесе белбеумен ұрғаннан қалған іздер; ішкі 
органдардың немесе сүйектердің жарақат сипатында зақымдануы. Бүлдіршін жастағы 
балаларға физикалық зорлық-зомбылық көрсетудің ерекше нысаны зақымдану белгілері сырт-
тай білінбейтін ретинальды геморрагиялармен және субдуральды гематомалармен (бастың ми 
қабының айналасына қан құйылу) сипатталатын ми шайқалу синдромы болып табылады. Есінен 
тану, құсу, бас ауыру түрінде көрінеді. 
Cексуалдық зорлық-зомбылық салдары деп күмәндануға мүмкіндік баланың сыртқы түріндегі, 
жарақаты мен ауруы сипатындағы ерекшеліктер: 
• генитальды, анальды немесе оральды жолдардағы зақымданулар, оның ішінде қыздық
перденің бүтіндігінің бұзылуы, кеуде немесе мықын терісінің зақымдануы; 
• анустың кеңеюі;


57
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ 
• киімдегі, терідегі, анальды және генитальды органдардағы шауһат іздері;
• жыныстық жолмен берілетін аурулар;
• жүктілік;
• зәр шығару жолдарының қайталама немесе созылмалы инфекциялары;
• салмақтың күрт өзгеріу (жоғалту немесе қосу);
• қынаптан қан кету; психосоматикалық бұзылыстар.
Баланың мұқтаждықтарын елемеу 
– ата-аналардың немесе оларды ауыстыратын 
адамдардың тарапынан балаға қарапайым қамқорлықтың болмауы, соның салдарынан баланың 
эмоционалдық жай-күйі бұзылып, оның денсаулығына немесе дамуына қауіп төнеді. Баланың 
мұқтаждықтары мен мүдделеріне қатысты күмәндануға болатын белгілер: 
• шаршаңқылық, түрі ұйқылы-ояу, қабағының ісіңкі болуы;
• санитарлық-гигиеналық тұрғыдан қараусыздық, биттеп кету;
• үзбей жеткілікті тамақтанған жағдайда да салмақтың азаюының өсе түсуі (мысалы, аурухана-
да немесе сәбилер үйінде болған кезде); 
• бойдың өсуінің тежелуі немесе физикалық дамудағы жалпы артта қалушылық;
• баланың жағдайы жақсарған және оған қамқорлық жасаған кезде жоғалып кететін тілдік және
моторлық тежелу; 
• айқын білінетін жергөктік бөртпе және денеден су кету;
• баяу жүретін созылмалы инфекциялық аурулармен байланысты жиі аурушаңдық;
• қауырт және жедел көмек бөлімдеріне үзбей жату;
• кездейсоқ жарақат алудан немесе уланудан қайталап зақым алу.
Балаға қаталдық көрсетеді деп күмәндануға мүмкіндік беретін ата-аналар мен қорғаншылардың 
мінез-құлқының ерекшеліктері: 
• баланың жарақат алу себептерін түсіндірудегі қарама-қайшылықтар, шатасулар және болған
оқиғаны анықтай түсуге құлықсыздық; медициналық көмекке кеш жүгіну немесе көмек сұрау 
бастамасы басқа адамның тарапынан болуы; 
• жарақат үшін баланың өзін кінәлау;
• ата-аналардың келтірілген зақымның ауырлығына барабар жауап қайтармауы, оны асыра
көрсетуге немесе азайтып көрсетуге тырысуы;
• баланың тағдырына алаңдамау;
• баламен қарым-қатынас жасаған кезде мейірім мен эмоционалдық қолдаудың болмауы;
• балалық шағында өздерін қалай жазалағаны туралы әңгімелер;
• мінез-құлықтағы психикалық бұзылыстар немесе мінезде патологиялық белгілердің
байқалуы (агрессивтілік, қозу, ауытқушылық және т.б.); 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет