Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет111/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Қараңғы түн, сар дала,
Көрінбейді айнала.
Боран соғып тұр борап,
Жолды басқан құр сорап,
Астымдағы жануар
Құлағын қайшыландырып,
Зорға борт-борт желеді, –
деп, сол кездегі қазақ халқының басына түскен ұлы нəубеттен 
ұлтының аман шығарына Мағжан көңілі күдікпен қарайды. 
Лирикалық қаһарман мінген Қаракөк “Зорға борт-борт” желеді. 
Борт-борт желіп келе жатқан ақынның көңіл күйі, ақынның ғана 
емес, тарихтың айрық жолы тағдырын шешпек халықтың көңіл 
күйі. “Ашуы ашыған у, ойы кермек” болған ақын бұдан əрі:
Боранын тəңірі ашпады,
Жол білінбей бастады
Көрінген бір жарық жоқ,
Босаңсиды Қаракөк…
Сар далада адасып,
Суық кебін жамылып
Қаларын, кім біледі? –
деп, қазақ халқының алған бағыты, бет бұрған күрес жолы дұрыс 
па, деген сұрақ қояды. Ақын жаны жауап таба алмайды, күмəні көп. 
“Суық кебін жамылып, Қаларын кім біледі?” деген күдікті көңілде 
күңіренген күрсініс бар.
“Мағжанның сарыуайымға салынған, өмірден түңілген өлең дері” 
деп айдар тағылып, қазіргі кезеңде де біржақты қа ралып келген 
өлеңдерінің түпкі мақсаты мен мəн-мағынасы терең. Олай болары 
қазақ халқы тарих доңғалағының табанында тапталып, отаршылдық 
озбырлығының арқасында санасы сартап болып, қаншама адасып, 
жарық күнге ұмтылған үміттері қаншама кесілді. Бірақ Мағжандар 
жаққан шырақтар сəулесін ешкім де өші ре алмады.


342
Жүрегі сезімтал, ойы жүйрік ақын қазақ халқының алдында 
тұрған сан тарау жолдың қиындығын ерте сезгендей. “Жазғы жол-
да” деген өлеңіндегі:
Айнала – өлім, ешбір үн,
Жапан түзде жалғызбын.
Перісі неге келмейді.
Немесе:
Жол жыландай иіріліп,
Шаң ерініп үйірілген,
Ешбір леп жоқ, тып-тынық.
Аңсап есім жия алмай,
Көзімнің жасын тыя алмай, 
Өлсем екен тұншығып, –
деген өлең жолдарынан ақынның нəзік жанымен астасып жатқан 
түйіткіл мұңды танимыз. Жаздың жадыраңқы суретінен де, қыстың 
қытымыр түрінен де ақын жаны тыншу таппайды. Табиғат суреті 
мен ел тағдырын салыстыра бейнелі де бедерлі сурет жасайды. 
“Қараңғылық қоюланып келеді” деген өлеңінде:
Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді,
Сөнген шоқты үріп бала күледі.
Ой басты ма? Əлде көзім талды ма?
Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді, –
деп, қазақ халқы үшін қараңғылықтың бұрынғыдан бетер қоюланып 
келе жатқандығына, қазақ елін жарық таңға жеткізер сəулелі үміттің 
алыстығына налиды.
Осы өлеңде Мағжан сан рет айтып келгеніміздей “сары уайымға 
салынып зарлап” тұрған жоқ, ақын елінің ертеңіне ой жіберген адал 
перзент ретінде шынайы ақындық сезімін жырға қосып отыр. Ол – 
өз өмірін халқы үшін құрбан еткен, барлық саналы ғұмырын елінің 
келешегін ойлаумен өткізген арлы азамат. Бостандықтың бозала таңын 
түрмек болып жүргенде шығармашылығы да өзі де қайғылы қасіретке 
тап болған ақын. Мағжан поэзиясындағы өршілдік пен оттылық 
оның ақындық жанының нəзіктігімен тығыз байланысты. Қазақ по-
эзиясында сыршылдығы жөнінен Мағжан өлеңдері деңгейіндегі 
биікке көтерілген ақын кемде-кем. Кезінде С. Мұқановтың Мағжанды 
«ақынның ақыны” деуінде осындай бір сыр жатса керек.


343 
Біз Мағжан туралы, оның символистік (бейнешілдік) ағым-əдіс 
əсерінде жазған өлеңдерін батыс халқының əдебиетіндегі декаденттік 
ағымның ықпалы деп айтып та жазып жүрміз. Осы пікірдің негізгі 
болғанымен, тым жалпылама, бір жақтылау көрінеді. Олай дейтініміз 
қазақ ауыз əдебиетіндегі, ежелгі əдебиет үлгілеріндегі “Асан қайғы” 
немесе “Қорқыт” туралы аңыз-əңгімелер мен қазақ жырауларының 
торығу, өмірден түңілу сарындағы өлең-жырларын неге естен 
шығарамыз. Осыған байланысты қазақ əдебиетіндегі түңілу, торығу 
сарында жазылған өлеңнің бой көрсетуі біздің əдебиетіміздегі то-
сын жайт емес. Ежелгі əдебиетімізде бар, бірақ белгілі бір көркемдік 
əдіске айнала қоймаған құбылыс.
Жалпы Ж. Аймауытов айтқандай, “сыртқы түрі бейнешілдік, ішкі 
түрі күйректік, жылауықтық, (сентименталдық)» əдісте жазылған 
Мағжан өлеңдерін шартты түрде солай дегеннің өзінде екі топқа 
бөліп қарастыру қажет сияқты. Бірінші топқа Мағжанның жоғарыда 
талданған “Қысқы дала”, “Жазғы дала”, “Қараңғылық қоюланып 
келеді” жəне т.б. өлеңдері жатады. Бұған басты себеп – бұл 
өлеңдердің тақырыптық, сарындық ұқсастығы, халқының мұңын 
жоқтау көрініс тапқандығы, оны бейнелеп де бедерлеп бергендігі. 
Бұларда жинақтық, жалпылық мұң басым. Екінші топқа Мағжанның 
өз басындағы қайғы қасіретпен ұштасып жатқан өлеңдер жатады. 
Бұлар: “Мені де, өлім əлдиле”, “Ой”, “Күзді күні”, “Алдамшы өмір”, 
“Альбомына”, “Жел”, “Сағындым”, “Сарғайдым”, “Түс”, “З-ға”, 
“Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі” т.б. жатады.
Мағжанның “Пəниден байыз таппай, бақидан бақыт күту» 
тəрізді күңгірт ұғымда жазылған өлеңдерінің бірі деп жүрген туын-
дысы – “Мені де, өлім, əлдиле”. Мағжан шығармаларын жинап, ба-
стырушылар: “Бұл өлең сүйген жары Зейнеп, оның соң сүйікті ұлы 
Граждан мезгілсіз қайтыс болғаннан кейін жазылған болса керек, 
өйткені өлеңде періште күйінде о дүниеге аттанған жас нəресте, 
жасқа тұншығып өлген, “Бетінен алма қан тамған” жас сұлу образ-
дары бар”, – деп, өлеңнің шығу тарихына түсінік береді. Осыған 
сүйене отырып ақынның жеке басындағы қайғыдан туған десек те, 
əйгілі Бальмонттың “Əлдиле, өлім, əлдиле” деген өлеңінен бағыт 
алғандығын жоққа шығаруға болмайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет