340
өкілдері К. Бальмонт, В. Брюсов, Д. Мережковский, Ф. Сологуб,
жас А. Блок өз туындыларына символизм айдарын тақты. Симво-
листер ақиқат ауылын реальды дүниеде іздеу адасқандық деп жар
салды.
Олардың пікірінше, көркем шығарма шындықтың құпия
сырын ашуға тиісті. Ол үшін мистикалық о дүниені ой көзімен
елестету керек. Жалт берген тылсым түйсіктерді ұстап, тілін тау-
ып сөз кестесіне түсіре алсаң, міне, нағыз поэзия сол. Шындықты
интуициямен, емеурінмен сезіп, белгілі символмен жеткізе алатын
суреткер ғана нағыз ақын болмақ”. Міне,
Мағжан осы ақындарға
еліктеді. Бірақ оның еліктеуі жалаң емес, жалпы символдық поэзия
өнері атаулыға тəн қасиеттерді ала отыра, оны ұлттық эстетикалық
бейнелеу жүйесіндегі таза сипаттармен тығыз байланыста ұстайды.
Сөйтіп екі арнаның асыл қасиеттерін өз өлеңдерінің табиғатына
терең үйлестіріп, өзіндік үнін таныта білді. Мағжан поэзиясының
сыршылдығы мен сырлы əуезінің бар құпиясы осында жатыр.
Европа ақындарының бейнешілдік ағым-əдісінің ішкі əлемін,
сыртқы түрін тез қабылдап, өзінің
бағытын айқындайтын мектеп
ретінде таныған ақын туған халқының тағдырымен ұштасып жатқан
терең толғанысты, мұңлы сарындағы өлеңдерді көптеп жазды. Көп
ретте ақынның өмірден түңілуі ретінде қабылданған бұл өлеңдер
шындығында ұлтының басына түскен сергелдең кезеңдердің ақын
жүрегінде шемен болып қатып, поэзия арқылы зарлы саз болып
төгілуі еді.
Мағжанның
терең толғаныс, ішкі қайшылықтың толқы-
нысынан туған торығу сипаты мұңлы сарындағы өлеңдеріне: “Мен
сорлы”, “Жар”, “Жаралы жан”, “Алыстағы бауырыма”; “Батқан
күн”, “Атқан таңның жыры”, “Бүгінгі күн өмір, өлім менікі”,
“Сарғайдым”, “Өмір”, “Қысқы жолда”, “Жазғы жолда”, “Жиегіңде
қара орман”, “Алдамшы өмір”, “Күзгі күні”, “Мені де, өлім,
əлдиле”, жəне т.б. жатады. Осы өлеңдердің жазылу себептерін,
ел басына замана əкелген ауыртпалықтарға тоқтала келіп, Ж. Ай-
мауытов Мағжанның түңілу сарынындағы өлеңдерінің мəнісін:
“Бейнеттен қашсаң дөңбекке” дегендей қайда барсақ та,
кімді
паналасақ та “Қорқыттың көрі дегендей” қалың бұқара əркім-ақ
«көй-көйді тартты. Қорқыттың қобызын қолына алып, “көй-көйді”
Мағжанда тартты. Қазақ ашаршылық ауыртпалықты көтере алмай
жоғалып, құрып кете ме деген қауіп туды. Табан тірейтін нəрсе
қалмады. Жалғыз сенетіні – қызмет басындағы қазақ азаматтары
болса, ақын олардың қызметтеріне де қанағаттана алмады” – деп,
341
түсіндіреді. Шындық осы емес пе?! Ұлтым деп жаралы жүрегі зар
жылаған ақынның басқа жолы қалды ма?…
Елінің мұң мен зары кенеуінен асып тұрған кезеңдерде жазылған
“Қысқы жолда” деген өлеңінде жасырын тұрған символикалық
меңзеу бар.
Достарыңызбен бөлісу: