Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет119/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

“Қанайым, ойың ұдай, тілің шаян,
Амал не, келген жоқ қой батыр Баян.
Көп жаудың албастысы, ел еркесі,
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның аруақты құр атынан
Көп қалмақ болмаушы ма еді қорқақ қоян?
Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат,
Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,
Келмесе қандыбалақ батыр Баян!”
Хан Абылайдың жорыққа аттанар қолын тоқтатып тұрған Баян -
ның орны осылай айқындалады. Бұл – оқырманды дайындау шар ты. 
Бұның артын ширыққан шиеленісте күтіп тұрғаны кəміл. Осыған 
орай, авторлық баяндау шегініс жасап себептің мəнін ашады. 
Бір жорықтың нəтижесі, қолға түскен қалмақ қызының тағдыры, 
Баян інісі Ноянның қызға ғашық болып қалып, уəделескен қызбен 
қалмақ еліне қашуы, Батыр Баянның ашу үстінде екеуін де өлтіруі.
Мағжан шеберлігінің бір қыры – тарихи шындық пен көркемдік 
шындықты жымдастырып жіберуі. Ел аңызы мен ақын қиялы бірін-бірі 
толықтырар бірлік тауып, шығарманың шыншылдығын бекіте түседі.
Баян – артына аңыз да, тарихи дерек те қалдырған тарихи тұлға. 
Ол туралы деректің қайнар көзі – Шоқан жазбалары. Поэманың ба-
сталуы мен аяқталуындағы оқиғалар өрісі осы Шоқан деректерінен 
желі тартады. Ал батыр Баянның інісін өлтіруі ел аңызымен байла-
нысты өріледі. Ол аңыздардың бірі Баян қалмақ қызымен қашқан 
інісін өз қолымен өлтірді дегенді растаса, екіншісі жоққа шығарады. 
Қалай дегенде де, Мағжан алғашқысына тоқталған. Өйткені Баянның 


360
ел қорғаны батыр ретіндегі бейнесін сомдауда, оның тұлғасын 
көркемдік тұрғыдан толықтыруда аңыздық алғашқы желісі ұтымды. 
Сонымен бірге Отаншылдық атты ұлы идеяны биікке көтеруде 
алғашқысы ойға дөп.
Ноян бейнесі – шығармаға негіз болған ұлы идеяны өрлетудің 
алтын арқауы. Тарихи шындығы күмəнді осы бейненің 
көркемдік шындығы өте сенімді. Əңгіме Ноянның өмірде болған
болмағандығында емес, осы көркем образ арқылы Мағжанның 
драмалық тартысты дамытып, Баян тұлғасын даралауда оған өзгеше 
жүк артуында. Баянның психологиялық портреті, ішкі мінездемесі 
осы Ноянға қатысы арқылы терең ашыла түседі. 
Ақшамаңдай, толқыншаш қалмақ қызына Нояннан бұрын ғашық 
Баян жауапсыз қалған сырлы сезімді ішке бүккенді. “Болмасын жас 
сұлудың білгеннен соң//Ер Баян қарындас қып ерік берген” деген 
жолдар – осының айғағы. Баянның да, өзінің де сорына орай “Сұм 
сұлуға” Ноянда ғашық болады. Он бес жасар Ноянның хас сұлуға 
ес-түссіз ғашық болмауы тіпті мүмкін емес. Мұны Мағжан сөзбен 
кестелеген қыз келбетінің өзі-ақ айқындап тұр:
Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай.
Торғын ет, шақпақтай бет, тісі меруерт,
Сөздері су сылдырлап құйылғандай
Бір улап көзқарасы, бір айнытқан,
Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай.
Лебізі – жібек лебі, жұмақ желі
Кəусардай татқан адам қалар қанбай.
“Бар ақылы білегінде” жүрген, ғашықтықтан естен танған 
жас Ноянның көзсіз көбелектей сұлу қыздың “сиқыр” сөзіне 
елітіп, елінен безіп соңынан еруі, қай жағынан болсада нанымды. 
Шындықтан еш алыс емес. “Сұм сұлудың” осы бейнесі Ноян түгіл 
Баянның жүрегіне шоқ түсіріп, ақылын ашуға жеңдіртеді.
Баянның қашқындар хабарын естіген сəттегі сезім күйі былайша 
сипатталады:
Боз үйде жалғыз қалып Баян енді, 
Жаралы жолбарыстай күңіренді.


361 
Қорғасын миын, ойын төмен басып,
Ақылға алғыр құстай ашу төнді.
Бір көк сұр түс енгізіп бар денеге,
Сұм жүрек қанды өзіне жинай берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет