Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет29/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Қараңыз бұлбұлдардың сайрасына,
Бұлақтай тастан аққан қайнасына.
Баста азат, орында азат, порымда азат,
Еркімен жүрсе əркім пайдасына…
Халық қылып атандырды бізді қазақ,
Еркелі көп жұрт емес, өзі де аз-ақ.
Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз,
Барасың көрінгенге болып мазақ.


112
“Қазақтың жұртының осы күнгі əңгімесі” өлеңінен алынған 
бұл үзіндіден ақынның азаттықты аңсаған үмітті тілегі мен 
отаршылдықтың басты себебін айқындаған көзқарасын танимыз. 
Еркіндік идеясын насихаттайтын төмендегі екі шумақ ұзақ өлеңнің 
тақырыптық негізін айқындап, айтар ойдың түйінін береді.
Бар құдай бізге жарық таңыңды атыр,
Болар-ек, атса таңың біз де батыр.
Қазаққа құлақ пен көз болған ерлер,
Тұтқында білесіз бе, неге жатыр…
Жолыңнан сыбағалы құры қалма,
Жақсыны аты естілген естен салма.
Жұртыңның қамы үшін қайрат қылып,
Айдалып, атылсаң да арман бар ма?!
Осында жоғарыда біз айтқан Мəшhүрдің азатшылдық ойларының 
өзегіне айналған тамырлас тақырыптар тоғысын тапқан.
Қазір “Оян, қазақ“ деп алғаш үн көтергендер Ақаң, Жақаң деп 
жүр генімізбен, Мəшhүр Жүсіп Көпеевтің кітабы шыққан тұста олар 
саяси-əлеуметтік өмірге енді ғана белсене араласып келе жатқан-
ды. Олардың алғашқы кітаптары 1909 жылы шыққанын еске алсақ, 
оған əлі екі жыл бар болатын. Мəшhүр кітабы – азатшыл ойды алғаш 
оятқан кітап. Сондықтан да ол патша жандармдарының қудалауына 
ұшырап, қуын-сүргін көрді. Мəшhүрден соң барып патша жандарм-
дары Əлихан, Ахмет, Міржақып сынды арыстарымызды түрмеге жа-
уып, жер аударып, туған жұртынан аластай бастады. Ендеше Мəшhүр 
Жүсіп қазақ поэзиясына азатшыл сарынды алғаш алып келген ақын 
деуге толық хақымыз бар. Сонау əрідегі (ХІХ ғасырдың бірінші 
жартысы) Дулат, Шортанбай, Мұрат поэзиясындағы “замана зары“, 
өкініш пен мұңға толы ел басына түскен қасіретті жырлау сарынын 
азатшылдыққа алғаш ұштастырғандардың бірі Мəшhүр Жүсіп Кө-
пеев. Мəшhүр поэзиясымен бірге қазақ поэзиясына күрескер рух 
келді, ұмытыла бастаған ұлттық намыс келді. Дулат, Шортанбайлар 
отаршылдық торынан құтылар жолды таба алмай зар илесе, Мəшhүр 
оның жолы Ресейдегі мұсылман дүниесінің, түркі дүниесінің 
бірлігінде деп білді.
Мəшhүр Жүсіп поэзиясының үлкен бір тақырыптық саласы – 
ғылым, білім, өнер жайы. Ел өміріндегі білім-ғылымның алар ор-
нын оның адамға берер мол пайдасын ақын терең пайымдайды.


113 
Ғылым біл, жұмыс істе оған серік,
Жарлыға мал – бұл ғылым – болар көрік.
Ғылым, білім өнерсіз, қадірсізді,
Өлік біл, оны жан деп білме тірік, –
дейді ақын «Қалмады ойлай-ойлай басымда ми» деп атала-
тын өлеңінде. Мұнда ғылымның адамды көркейтер, қадірін 
арттырар ғажап қасиетін тілге тиек ете отырып, ел аза-
матына 
айландырар 
болашақтың 
тірегі 
асқарлы 
өнер-
білім екендігін көрсетіп, оны үйренуге, ғылым игеруге шақырады.
Жастықта ұмтылып бақ ілгері өтіп,
Жұмысың жабдықталсын ерте бітіп.
Қолыңа қарманғанмен түк түспейді,
Қалған соң жастық қуат бойдан кетіп, –
деген Мəшhүр ойы кезінде ұлы Абай айтқан:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, –
деп келетін озық оймен үндесіп-ақ кетеді. Уақытында білім-ғылым 
іздеп еңбектенбей кеш қалған соң, қанша ұмтылсаң да қолыңа түк 
түспей, тауың шағылатынын айта отырып, ақын жастықтың жалын-
ды қайратын өнер-білім табуға арнауға шақырады. Білім-ғылымды 
қарабастың қамы үшін жимай, сол жиған-тергенді игілікті іске 
жұмсай білу, халыққа пайда келтіру керектігін айтып, “жұртына 
білгеннен тисе пайда, ойлайтын халық пайдасын əрбір жайда“ – 
деп, оқығандарды шынайы азаматтық жолға салғысы келеді. Ақын 
үнемі “Жігіттер өнер алды ғылым-білім” деген ғибратты шеге-
лей айтып отырады. Жəне де зиялы жасты дүниеге қырағы көзбен 
қарап, өзіндік ой түюге, одан өзіндік пікір қалыптастырып, өзгеше 
жол іздеуге үндейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет