109
Бостандық боп қағусыз берілсе де.
Шариғат низамменен қатарласып,
Бірдей боп келсе екен теңбе-теңге.
Осындағы “дін“, “шариғат“, “бостандық“, “низам“ деген ұғымдар
өлеңнің идеялық мақсатын айқындап тұр. Ақын ұлттық заңның
негіздері шариғат қағидаларынан алынуын қалайды. Бұл оның орыс
“закондарының“ ұлттық жүйеге сай келмейтінін көрсете отырып,
сан ғасырлық қалыптасқан жүйесі бар қазақ ұлтының билік заңдары
мен шариғат заңдылықтарын бірлікте жүзеге асыруды қалаған игі
тілегін, соған деген ұмтылысын байқатады. Ақын қазақ жастарын
зорлап орысша оқытуға қатты алаңдаушылық білдіреді. Туған тілді
шетке теуіп, еріксіз орыс тілді меңгертуді талап еткендерге қасқайып
қарсы тұрады. Бүкіл өлең бойынан біз Мəшhүр Жүсіп Көпеевтің елі
үшін елжіреген жүрек лүпілін сезінеміз. Халқымен бірге күңіренген
ақын жанының терең қайғысын түйсінеміз. Елін бостандық күнге
жеткізуді аңсаған Мəшhүрдің азаматтық тұлғасын танимыз. Елге
деген ерекше сүйіспеншіліктің нышанын Мəшhүр Жүсіп Көпеевтің
кез келген өлеңінен табуға болады.
Мəшhүр Жүсіптің ел жайына, ұлт мəселесіне арналған өлеңдері
азатшылдық, бостандық, тəуелсіз тəрізді еркіндікке көшбасшы
ұғымдарды алға шығарады. Ол еркіндік пен əділдік үстемдік құрған
елді аңсап қана қоймай, сол еркіндік пен тəуелсіздікке жеткізер
əділетті жолбасшы да іздейді. Өлеңінде солардың өз көкейіндегі,
өз ойындағы бейнесін сомдайды. Ондай тұлғаларға тəн асыл
қасиеттерді атап-атап айтады. Бұл туралы “Қазақ жұртының осы
күнгі əңгімесінде“ былайша жырлайды:
Достарыңызбен бөлісу: