126
деген өлең жолдары осындайдан туғаны анық. Осындағы Абайдың
“Жақсы менен жаманды айырмадың” деуінде елінің “өз басындағы
шоқты көрмей, өзгенің басындағы отты көрген” кері кеткен мінезі
мен ездігіне қайғырып, ел қамын ойлаған асыл азаматтың арман-
тілегі жатқан жоқ па?! Сол секілді Мəшһүр Жүсіпте қазақ елін
тұмшалаған бүкіл қараңғылық қыспағынан шығып, болашақтың
жарық күніне ұмтылуға шақырады.
Мəшһүр Жүсіптің тəлім-тəрбиеге бағытталған мысал-өлеңінің
бірі – “Шайтанның саудасы”. Оқиға Ғайса пайғамбардың базарға
бара жатқан керуеннің басында бес есек пен он қашырға толы жүк
артқан шайтанды кездестіруінен өріс алады. Оқиғаға негіз болған
образдардың бірі – Ғайса пайғамбар, екіншісі – құдайдың қарғысына
ұшыраған тылсым жауыздық пен зұлымдықтың бейнесі ретінде
таныс, діни кітаптардағы Ібіліс, Лағын деген аттарымен белгілі
– Шайтан. Ақын мұнда жақсылықты жасаушы мен жамандықты
жақтаушы арасындағы сөз қақтығысы арқылы шығарманың ай-
тар ойы мен идеялық мақсатын айқындай түскен. Шайтан бейнесі
арқылы Мəшһүр Жүсіп Көпеев адамдар бойына үйір еткен қастық
пен жауыздық т.б. жамандықтарды таратушы тылсым күш иесін
көрсетеді. Сол арқылы адамдар арасындағы алауыздық, зұлымдық,
қызғаншақтық, өтірік, ғайбаттық өркен жайғандығын меңзеп жəне
ел ішінде соны таратушыларды, əзəзілдің тіліне ергіштерді өткір
сынға алады. Онысы мысал жанрының табиғатына сай, орынды
шыққан. Ақын зұлымдықтың сипатын зұлым күш иесінің өзіне
айтқызады. Шайтан:
Достарыңызбен бөлісу: