Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет35/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

…Жұрттың тыныштық бүтінін ойламаймын,
Саламын бас қосылған жерге бүлік, –
дей келе, артқан жүгінің сипатын өзі саралап береді.
Артқаным бір есекке ылғи жалған,
Жалғанда өтірік жоқ мұнан қалған.
…Жүгім бар бір есекте мекер-хайла,
Мұнымен келтіремін үлкен пайда.
…Күншілдік бір есекке тиеп артқан, 
Жібек кендір арқанмен буып тартқан.
Базарға мұнан бұрын көп барғанмын,
Жерім жоқ бұл саудадан залал тартқан.
Артқаным бір есекке өңкей зорлық,
Көрінген бір жерім жоқ ешкімге жек.


127 
Мастанып артқандықтан тəккапарлық
Жүре алмай бара жатыр мынау есек.
Мəшһүр адамдар арасында жаман қасиеттердің белең алған си-
патын “шайтаннан қылды сауда көтерме алып, орнына бұлар жүрді 
шайтан қалып” деген жолдармен аша түскен. Мысал-өлең соңында 
ақын діни-ағартушы ретіндегі ақындық салтымен: “Дін қайда, 
осы күнде ғылым қайда?” – деген сұрақты тағы алға тартады. Осы 
өлеңде Мəшһүр Жүсіп өз жайына қатысты мынандай ой айтады:
Хақылықта, туралықта тұрамын деп,
Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай.
Мұны Абай да айтқан жоқ па еді?! “Моласындай бақсының, 
жалғыз қалдым тап шыным”. Өлеңдегі жалпы айтар ойдың мұндай 
ұқсастығы Мəшһүр пен Абай поэзиясындағы мазмұндық бірлікті
идеяластық жақындастықты танытады.
Мəшһүр Жүсіптің мысал өлеңдерін қарастыра келе түйгеніміз – 
бұл жанрда да ақынның діни-ағартушылық бағытынан алшақтамай, 
қайта сол бағыттағы ой-идеясын өрістете түскендігін аңғарамыз. 
Мұнда ол мысал жанрының табиғатына сай діни-ағартушылық 
идеяларын тікелей емес, жанамалай, пернелей жеткізеді. Ақынның 
бұл мысалдары Мəшһүрдің шығармашылық ізденістегі шеберлігі 
ұшталып сөз өнеріндегі өрісі ашылып, биікке көтерілген кезінде 
жазылған. Бұған ақын мысалдарының жоғарғыдай тұщымды ой, 
толғамды пікірге толы болып келуі дəлел бола алады.
Мəшһүр-Жүсіп – бірнеше ірі дастандар да жазған ақын. Бірақ 
олар кезінде жарияланбай қолжазба күйінде тараған. Оның кейбірі 
жеке адамдардың өмірін өзек етсе, енді бірі құран сюжеттерінен
Шығыстық сюжеттерден алынып, солардың негізінде жазылған. 
Алғашқысына “Жантемір қажы”, Шонтыбай қажы” “Нүсіпхан” 
т.б. қиссалары жатса, соңғысына “Жер мен көк”, “Хаятбақшы”, 
“Миғраж”, “Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы”, “Гүлшат-
Шеризат” тəрізді туындылары жатады.
Айтпаймын мен бұл сөзді тіпті тектен,
Келеді бір жел гулеп аспан көктен.
Ішіме сақтауыма сөз сыймады,
Жүйрік боп озғаннан соң Сүйіндіктен, –


128
деп басталатын “Жантемір қажы” дастаны Мəшһүрдің екі 
томдығының бірінші томында өлең деп берілген. Мəшһүр шөбересі Г. 
Жүсіпова оның дастан екенін дəлелдеп, толық нұсқасын баспасөзде 
жариялады. Бұл шығарманың көлемді туынды екені, ақын оны да-
стан ретінде жазғаны мына жолдардан айқын байқалады:
Ісіне бұл заманның болдым құса,
Бозбала шамаң келсе маған ұса.
Ерігіп мен үйімде ішім пысып,
Бір Сақы, бір сараңды қылдым қисса.
“Жантемір қажыға” қиссасы өмірден алынып жазылған, нақты 
деректерге құрылған шындықты дастан. Мұнда ақын өзінің көзі 
көрген өз елінің ардақты азаматы Жантемір қажының өмірінен үзік 
сыр ала отыра, адамзатты мəртікке, жомарттыққа, азаматтыққа
адалдыққа шақырады. Жалпы дастан сарыны ел қамын жеген айту-
лы тұлғаның азаматтық істерін насихаттау. Пəни жалғаннан қызық 
таппай, “Бір құдайдан басқаға сиынбаған” Жантемірдің қажыға са-
пары ұлы мақсатымен сабақтас. Ол өз ойын былай білдіреді:
– Байтулла келіп едім сенің үшін,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет