Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет33/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Түтіннің не болатынын көрдің бетін.
Қайыр, ықсан, сауапты жарты қылмай,
Қыла гөр күні бұрын соны бүтін!
Ақын адамзатқа бақилық өмір жолы – өлімді ескерту арқылы пəни 
жалғанның қызығына елітіп, бақиды ұмытуға болмайтынын еске са-
лады. Оның “өлім бетін көрмей күтін” деуінде үлкен мəн жатыр. 
Мұндағы “Күтін” өз санасынан биік, өресі жетіп, анықтай бермейтін 
құпиясы мол əлемге барар екі аралық аз ғана ғұмырда адамның са-
налы өмір сүріп, ізгілікке толы іс-əрекет жасауына жөн сілтейді. 
Адам түсінігіндегі “тозақ” пен “жəннаттың” адам ойындағысынан 


123 
мүлдем бөлек, сананың шектеулігінен ұғыныла бермейтін əлем 
болмысы екенін ескертеді. Соңғы шумақтағы “Түтін” өз бойына та-
лай мазмұнды арқалап тұрғандығын аңғару оп-оңай. Ол адамның 
адамгершіліктен ауытқыған алғашқы адымынан-ақ қылаң берер 
жамандық атаулының нышандарының символдық белгісі іспетті. 
Қорыта айтқанда, “Жарты нан хикаясы” – қысқа болғанмен айтары 
мол, құнды туынды.
Мəшһүрдің “Мəшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы”, “Мəшһүр 
Жүсіптің ала қарғамен айтысы”, “Аңқау адам туралы”, “Сəйгелді, 
сона, бөгелек туралы”, “Шайтанның саудасы” жəне т.б. өлеңдерінде 
мысал жанрына жатқызуға болады.
“Мəшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы” құрылымдық жағынан 
айтыс үлгісіне жақын. Мұнда ақын тарапынан қойылған мəнді 
сұрақтарға ауыл үстін айналып ұшқан тырна толымды жауап 
қайтарады. Айтыстағы қарсыласы тарапынан өзіне деген жайсыз 
емеурін байқала бастағанда, яғни оның айтқанының ақиқаттан 
аулақтығын бетіне басқан сəтте тырна-кейіпкер Сүлеймен пайғамбар 
мен тоты құс жайындағы оқиғаны əңгімелеуге бұрылады. Бұл сюжет 
алдыңғы сюжеттік желімен іштей мағыналық байланыста. Мұнда 
ақын аңыз арқылы өз тұсындағы қоғамдық өмірдің өзекті мəселесін 
қозғайды.
Мен торға түспейін деп аспанға ұштым,
Сізбен емес, баламен ерегістім.
Жер жүзін өрт алыпты тегіс күйіп,
Көздей жер сау көрінеді, келіп түстім.
Көрінген өрт боп маған сор екен сол,
Бір тосу хақтан даяр тұр екен сол.
Сау жер болып көрінген титтей ара,
Балалар құрып қойған тор екен сол.
Бұл – еркіндіктің бақытын сезіне алмай торға түскен Тоты құстың 
Сүлеймен алдына келгенде торығып айтқан зары. Ақын қазақ 
тарихының 18 ғасырдағы жағдайына меңзеп тұрғандай. Өзі келіп 
торға түскен Тоты жайы – осы ойға жетелейді. Бала – сол тұстағы 
сана көрінісі іспетті. Тырна бүкіл мысал бойында отты тілді, терең 
ойдың иесі болып көрінеді. Мұны Мəшһүрдің: “Не көрдің бұл 
жалғанда, нені білдің?” – деген сұрағына тырнаның қайтарған жау-
абынан көреміз.


124
Біз келдік шөбі тəтті жерлер бар деп,
Жұртқа айттық: “Қыс келеді, күзем ал!” – деп.
Үстінен əр ауылдың бір айналып,
“Қазағым, жаман болма, жақсы бол!” – деп.
Тырна бейнесі ел басына төнген ауыртпалықтарды жеңілдетпек 
боп, еліне емірене үндеу айтқан халық зиялыларының бейнесін та-
нытатын сияқты. “Жақсы бол” деген тіркеске ақын сол қоғамдағы 
туған халқының ұлттық болмысына, тұрмыс-жағдайына ауа-
дай қажет маңызды құндылықтарды сидырған. Жақсы болудың 
негізі – көзі ашықтық, көкірегі ояулық, надандық құрсауынан 
босанып, білім-ғылыммен сусындау, адамдық асыл қасиеттерді 
жоғалтпау. Бұның өзінен ақынның азатшылдық, діни-ағартушылық 
көзқарастарының мысал өлеңдерінің де өнбойынан орайын тауып, 
көрініс беріп жататындығын аңғара аламыз. Ал енді замана келбеті 
Мəшһүрдің өз тарапынан былайша білдіріледі:
Халайық: аманы бар жаманы бар,
Көп малдың жүйрігі бар шабаны бар.
Біреу жылап, біреулер күлген заман,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет