Əріп Тəңірбергенов (1856-1924). Аягөз өңірінде туып-өскен.
Өз тұсындағы алуан қырлы əлеуметтік оқиғаларға араласып, сан
түрлі қызмет атқарған. Мұсылманша да, орысша да білім алған.
Өз кезіндегі өрелі жанның бірі ретінде бағаланып, көп тілді игер-
ген (орыс, түрік, араб, фарсы, қытай). Шығыстың классикалық
əдебиетінен де, орыс əдебиетінен де нəр алып өсуіне байланысты
шығармашылығында осы əдебиеттер əсері алмасып көрініс тауып
отырады. Өлеңдерінде өз дəуірінің өзекті мəселелерін көтере білген.
Бірақ жалпы шығармашылығында қарама-қайшылықтар кездесіп
қалатын кездері бар. Бірқатар өлеңдері поэзиялық тұрғыдан жатық,
ұйқасы келісімді, ой ағыны айқын болып келеді. Кейбір өлеңдері
табан астында суырып салмалылықпен шығарылғандықтан да
мағынасы жағынан шашыраңқы шығып жатады.
Əріп шығыс əдебиеті үлгісінде қиссаларда жазған (“Зияда-Шамұ-
рат”). Абай мен Əріп арасында ұстаздық, шəкірттік қарым-қаты-
настар болған. Жалпы шығармашылығын тақырыбына, көтерген
мəселелеріне орай шартты түрде төрт салаға бөлуге болады:
Сатиралық өлеңдері, ағартушылыққа үндеген өлеңдері, адам бала-
сына тəн сезім күйлерін жырлауы, өмір жайлы өсиет-өнеге сөздері.
Ақын отаршылдық саясат зардаптарын тұспалдай айтып, ел
басқарған əкімдер мен надан байлардың елге істеген қиянатын
ашық сынға алған (“Найман Секікбай қожаға”, “Тұрғали болысқа”,
“Тəуірбек болысқа”, “Қабділдə биге айтқаны” жəне т.б.). Бұл
өлеңдерінде сатиралық сипат басымдау жатады жəне тапқыр əжуа,
сықақ, əзілге де толы болып келеді.
Əріп біраз өлеңдерінде еңбекті ардақтап, ғылым-білімнің пайда-
сы жөнінде ой толғайды (“Еңбек туралы”, “Замандасқа”, “Ғылым
туралы”, “Шəкірттеріме”, “Шұғбанға”, “Орыстың муссанифы
Пушкин дана”, “Халқыма”, “Ғанидің тірлігі” жəне т.б.). Достық,
махаббат жайлы өлеңдері де (“Сараға”, т.б.) кездеседі. Ақынның
өнеге-өсиетті негіз еткен дидактикалық сарындағы өлеңдері де
бар (“Ақыл”, “Дүние туралы”, “Өлім туралы”, “Нəпсіге”, “Иман
туралы”, т.б.). Бұл топтағы өлеңдерінде Əріп тақырып ретінде
алынған мəселелер туралы өзіндік көзқарасын танытады. Онда діни
тұжырымдар басымдау шығып жатады.
Əріптің “Біржан мен Сара айтысына” қатысы бар. Кейбір
зерттеушілер осы айтысты шығарған немесе əдеби өңдеген Əріп де-
ген пікірді ұстанады. Оған дəлел ретінде Қазандағы баспаға 1898
жылы Зайсаннан жіберілген қолжазбаны айтады. Қанша дегенмен-
137 де Сара мен Əріп арасындағы адамгершілік, достық қатынастар
болғандығы рас. Бірақ айтысқа Əріптің қатысы туралы пікір-талас
əлі бір жақты шешіле қойған жоқ. Əріп Кеңес тұсында да бірді-
екілі өлеңдер жазған. Бірақ шығармашылықпен толыққанды күйде
айналыспаған.