154
“Бостандық таңы атты”, “Бостандық туы жарқырап” деген топта-
ма өлеңдер тобын жазады. Онда ақын алдыңғы өмірден үлкен үміт
күтеді.
Бостандық таңы атты қазағым көріңдер,
Арға ие басшының соңынан еріңдер,
Таң артынан хақихат күн шығады,
Еріншек, жалқаулық əдеттен безіңдер.
Өлеңнің өн бойынан ақынның болашаққа деген сенімі есіп тұр.
Бірақ ол – құрғақ қиял емес, шынайы сенім. Осы тұста Шəкəрім по-
эзиясына тəн азаматтық сарын тағы алға шығады. Тағы да тұлға мен
халық бейнесі сабақтаса өріледі. Халық сонда ғана бостандыққа қол
жеткізеді, егер “Арға ие басшыны” таба білсе. Ақынның лирикалық
кейіпкері болашақ өмірді сол “арға ие басшылармен” тығыз байла-
ныстырады.
Шəкəрім шығармашылығында
таза ағартушылық тақырыптың
да орны ерекше. Шəкəрім жəй оқуға шақырушы емес, Шəкəрім
үшін оқу-білім, ғылым жолы. Оның бұл ойлары “Сен ғылымға”,
“Сынатарсың өзіңді”, “Ғылымсыз адам хайуан” т.б. өлеңдерінда
анықта, нақты көрініс тапқан. Ол – əйтеуір оқудың жоқшысы емес,
сол оқу апарар танымның жол басшысы.
Ғылымсыз адам – айуан,
Не қылсаңда ғылым біл.
Ғылымға да керек жан,
Ақылсыз болса ғылым тұл.
Шəкəрімнің ғылымға үндеудегі мақсаты тым алыста. Ол -
алдыңғы толқын қалыптастырған ағартушылық бағытты одан да
əрі жетілдірмек ниетте жүрген “Жаңа жолдың басшысы”. “Оқу
білім бұлағы, білім өмір шырағы”
деген қағиданы ұстанған,
білім шырағының таным шамшырағына айналуын аңсаған ұлы
ағартушы.
Үш-ақ түрлі өмір бар: бəрі де мас,
Бір рəуішті болады шал менен жас.
Ең керекті дегенің – ортаншы өмір,
Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.