Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Ағартушы-демократтық бағыттың басты ерекшеліктері.
2. Ағартушы-демократтық бағыт өкілдері көтерген басты та-
қырыптар.
3. ХХ ғасыр басындағы көрнекті ағартушы-демократ шы-
ғармашылық тұлғалар.
4. Ағартушы-демократтар жəне батыс əдебиеті.
5. Ағартушы-демократтық əдебиеттегі дəстүр мен жаңашылдық.
141
6 ТАРАУ
ШƏКƏРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ
(1858-1931)
6.1 Шығармашылық ғұмырнамасы
Шəкəрім шығармашылығы – қазақ əдебиетінде Абайдан кейінгі
ірі құбылыс. Ол – Абайдың жақын інісі болумен бірге, тікелей Абай
мектебінен өткен нағыз шəкірті. Шығыс, Батыс классиктерінің
шығармашылығын жете танып, мұсылмандық ілім-білімді де еркін
меңгерген. Түркі халықтарының тарихын терең білетін, діни, тари-
хи тақырыптарға еңбектер жазған (“Мұсылмандық шарты”, “Түрік,
қырғыз, қазақ һəм ханылар шежіресі”, “Үш анық”) ғұлама ғалым.
Ұзақ жылдар бойы солақай саясат кесірінен ескерусіз қалып,
əдебиет тарихына енбеді. Шəкəрім – əдебиеттің көптеген жанр-
ларында туындылар жасаған қаламгер. Шығармашылығының
басты тақырыптары сол кездегі қазақ қоғамының бар саласын
қамтыған. Ол, əсіресе, Абай үлгісін шашуда елеулі еңбек етті.
Сондықтан Абай дəстүріндегі көркемдігі жоғары, мазмұн, түр
жағынан сонылығы басым, үлкен қоғамдық-əлеуметтік мəні бар
лирикалар туғызды. Абай ұстанған ағартушылық, гуманистік
көзқарасты қатты қолдады.
Алғашқы жинағы “Қазақ айнасындағы” (1912) өлеңдері қам-
титын тақырыптардың бастысы – адам тағдыры, адам өмірінің
мəні, адамгершілік тəрізді философиялық ой-таным. Жанға, тəнге,
көңілге, өлім мен өмірге байланысты өлеңдер (“Өзіме”, “Өмір”,
“Талап пен ақыл”, “Адамшылық”, “Адам немене”, “Көңіл”, “Тəңірі
мен жан”, т.б.) Шəкəрім поэзиясының негізгі желісі. Өлеңдерінде ой
тереңдігі мен ақындық танымның кеңдігі (“Өлген көңіл – ындынсыз
өмір”, “Тіршілік, жан туралы”, “Жан менен дене, һəм көңіл”) көзге
айқын шалынады.
Шəкəрім халқының санасын тұмшалаған отаршылдық қасіретін
ашып көрсететін, елім деген жүрек бұлқынысын танытатын
өлеңдерді де көптеп жазды. Оларда азаматтық сарын басым болып
келеді. “Қазағым”, “Қазақ”, “Тағы сорлы қазақ”, “Партия адамдары”,
“Бостандық туы жарқырап”, “Бостандық таңы атты” өлеңдерінде ой
тереңдігі арқылы замана шындығын ашудағы ізденістері байқалады.
142
Шəкəрім лирикасын шартты түрде көңіл-күй жəне ой-толғаныстар
деп екі салаға бөлуге болады.
Ш. Құдайбердиев 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде,
қазіргі Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысының Абай ауда-
нында дүниеге келген. Шəкəрімнің əкесі Құдайберді – Құнанбайдың
Күңке дейтін бəйбішесінен туған жалғыз ұлы. Құдайбердінің
Дəметкен (Төлебике) дейтін бəйбішесінен Омар, Мұртаза, Шаһ-
маржан, Шəкəрім туған. Ол – Абайдың немере інісі.
Шəкəрім бес жасында ауыл молдасынан хат таниды. Əкесі
Құдайберді 1866 жылы отыз жеті жасында дүниеден өтіп, Шəкəрім
жеті жасында жетім қалады. Бұған оның мына өлең жолдары куə:
Бесімде оқу білсін деп,
Ата-анам берді сабаққа.
Жеті жаста жетім боп,
Түскендей болдым абаққа..
Шəкəрім əкеден жастай айрылғанымен, жетімдік көрмеген,
Құнанбайдың ерке немересі болып өскен. Өзі “Қажы марқұм мені
жетім деп аяп, қысып оқыта алмай, ғылымнан мақрұм қалып, ой-
ыма не келсе соны істеп əдепсіз, ғылымсыз өстім. Əйтсе де түркі
танып, орысша хат танып қалдым”, – деп жазады “Түрік, қырғыз,
қазақ һəм ханлар шежіресі” атты туындысында. Сөйтіп білім-
ғылымның қадір-қасиетін кештеу болса да терең түсініп, өз бетімен
оқып-үйреніп, рухани қазыналарға көп үңіледі. Қазақ халқының
бай əдеби мұрасына қоса, өзге жұрттың да əдебиетін жетік білген
Шəкəрім көп тілді (араб, парсы, түрік, шағатай, орыс) меңгерген.
Шəкəрімнің азамат ретінде қалыптасуында Абай тəрбиесінің
өзіндік орны бар. Оның өз заманының білімді де, парасатты аза-
маты дəрежесіне көтерілуіне Абай ерекше əсер еткен. Бұл туралы
жоғарғы еңбегінде Шəкəрімнің өзі былай дейді: “Əкеміздің бір
шешесінен туған Ибраһим мырза – қазақ ішінде Абай деп атайды –
сол мұсылманша һəм орысша ғылымға жүйрік, һəм алланың берген
ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден
тағылым алып, əр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз
ғана ғылымның сəулесін сездім. Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ
болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Алай болмағанда дəнішман,
хаким, философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті”.
1904 жылы ұлы ұстазы Абайдың дүниеден өтуі Шəкəрім сана-
143
сына, оның өмірге деген көзқарасына, шығармашылық болмысына
ерекше өзгерістер əкеледі. Өзінің Абайға арнаған “Жастарға” деген
өлеңінде ендігі ұлы мақсатын:
Достарыңызбен бөлісу: |