Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет75/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
 Ұранға алаш деген атты аламын.
 Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
 Мен неге қазақтықтан сақтанамын.
Қала ақыны өз еліне сын көзімен қарап, неғұрлым оның 
бойындағы кемшілікті қаза көрсетуге құмарлау көрінеді. Қала 
ақыны жалпы оң-солын таныған, түйгені мол, көргені көп жан 
секілді боп көрінгенмен, өскен еліне, туған жеріне, өз ұлтына, оның 
тұрмыс-тіршілігіне, дəстүрлі өмір салтына, тəлім-тəрбиесі мен 
өнеге-өсиетіне тым биіктен қарайтындай. Кей сөз саптасына қарап 
оны – шыққан ортаны төмен санап, өзге елдің өркенниетін жоғары 
қоюға əдеттенген, өзі озық санайтын мəдениеттің сойылын соғуға 
дағдыланған көзі ашық, көкірегі “ұйқыдағы” көп оқығанның бірі ме 
деп қалғандайсың. Ə дегеннен – ақ қала ақыны сөзін екпінді бастап, 
мінез адуындылығын танытады.
Сен кімсің семіз, толық тəн жағынан?
 Өгіздей бар шығарсың əл жағынан.
 Көрінген, көрнегіңнен, жүрісіңнен, 
 Топастығың білінген əр жағыңнан, – 
деп сөзін дала ақынының жеке басына тиісуден бастаған ол 
қарсыласының ұлан даланы мекен еткен аруақты елдің ұлымын, гүл 
жайнаған даланың, өркен жайған ұлтың ұланымын деген жауабын 
місе тұтпай, сөз кезегі тиген бір сəтте маң далада мəңгіп жүрген 
қазақта қазақпын деп мақтанатындай қандай қасиет бар деген 
күйдіргі сұрақ қояды: 
 Қазақта не бар еді сүйетіндей? 
 Кетуіне қайғырып күйетіндей. 
 Сөйлеші, қане маған не бар еді, 
 Соншама жүрек сүйіп иетіндей?
15–853


226
“Көрмес – түйені де көрмес” деген осы емес пе?! Міне дала 
ақынының ашылар да шалқыр тұсы осы. Саф таза ауасын жұтып
мөлдір суын ішіп, төсінде ойнап, төскейінде өскен, жанына нəр, 
тəніне əл берген жазира жерін, тəлімін алып, тəрбиесін көрген туған 
елін ақынның таныстыруы шынайы сүйіспеншілік пен мақтаныш 
сезімнің тоғысынан жаралған. Он үш бөліктен тұратын ақын моно-
логында қазақ деген халық болмысы бар қырынан ашылып, елдік 
асыл қасиеттері шалқар ой, шабытты жыр болып төгіледі.
Дала ақынының ұлтының абыройын асырар асыл қасиет деп 
білетіні не? Ең алдымен, ол – халықтың өзіне ғана тəн дəстүр-
салты. Дала ақыны қазақтың қанына сіңген адамды жатсынбас, бар 
жұртты өз бауырындай көріп келген, қонағының көңіліне кірбің 
ұялатпай, «жатып жастық, жайылып төсек» болып күтетін, сай-
ын даланың дархандығынан жұққан кең мінезін артық бағалайды. 
Сұлтанмахмұттың ақындық пайымында кісілік келбет – рух 
биіктігінің кепілі.
Келесісі дала халқының тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру салты. 
Мұндағы ақынды қызықтыратыны ел бірлігінің негізіне санала-
тын татулық пен береке көрінісі. Ұлы Ахаң – Ахмет Байтұрсынов 
1919 жыл жазған «Қазақтар жəне революция» деген мақаласында 
қазақтарда социалистік революция алға тартқан əлеуметтік теңдік 
өмір салтынан бұрыннан-ақ орын алғанын атап айтқан болатын. Қазақ 
зиялыларының көбі осы пікір жағында екені даусыз. Өз поэмасында 
Сұлтанмахмұт осы бір ойды өлең сөздің өзегіне айландырады. Ауылы 
қатар, қотан бір, қойы қоралас, қазаны ортақ, “Төскейде малы, төсекте 
жаны” дегендейін ен даланы еркін жайлаған қазақтың туыстық 
бірлік –берекесінің, “Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған” 
ағайынгершілігінің қадыр-қасиетін, байларының жарлысына септе-
скен, жарлысының бай ағайынға қол көмек көрсеткен ынтымақты 
жарастығын ақын келісті жырдың көркемдік кеніне айландыра алған. 
Болады қазақ малын ортақ деуге,
Бізде жоқ жамбасына жатып жеуде. 
 Кедейдің еңбегін жеп миллионер боп,
“Мен сенің құдайың” деп қағып кеуде.
Біздіңше ақын қазақ халқы арасындағы əлеуметтік қатынастың 
шынайы сырын аша алған. Қазан төңкерісінен кейінгі “бай мен 
молданы бір шыбықпен айдайық” деген ұранның уытына елітіп, 


227 
қазқты тек бірін-бірі езу үшін жаралған халық көргеніміз өтірік 
емес. Əрине, ел ішінде ала да, құла да болады, бірақ байын тұқым-
тұқиянымен түгел қиянатшылға санап, кедей біткенді əділетшіл 
көруіміздің ақылға сыиымсыз екендігін уақыт дəлелдеп отыр емес 
пе?! Бүгінгі ұрпақ – мына біздер оның байыбына енді-енді ғана бара 
бастасақ, Сұлтанмахмұттар көзбен көрген, жан-жақты зерттеп, жете 
білген. Ендеше поэмадағы дала ақынының ұқтырары бай – ел құты, 
шаруа – мал құты.
Сұлтанмахмұттың осынау беймарал тірліктен қаупі де жоқ емес. 
Сондықтан ол дала ақынының аузына күмəні мол сөздер салады. 
Оның сезігінің негізі дала жақтан емес, қала жақтан. Бейқам далаға 
біртіндеп еніп, өңмеңдеп келе жатқан қала салтының өлермендігінен 
қорқады ақын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет