237
8 ТАРАУ
ҰЛТ-АЗАТШЫЛ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР
8.1 Бағыттың басты сипаты
Ұлт-азатшыл бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығының
басты міндеті ұлт-азаттығының тірегі ұлттық сананы ояту бол-
ды. Олар өз шығармашылығында отаршылдыққа қарсы ашықтан-
ашық
пікір айтып, азатшыл күрес идеясын өркениетті елдердегі
саяси күрес тəсілімен ұштастыруды мақсат тұтты. Ағартушылық,
өнер-білім барлығы ең алдымен ұлт-азаттығы үшін қызмет етуі ке-
рек деген берік байламдағы ой-идеяны насихаттады. “Мақсаты тіл
ұзстартып, өнер шашпақ” болған Абайдың ағартушылық бағыттағы
ой-толғамдарын жаңа арна – азаттықпен ұштастырды. Тапшылдық,
жікшілдік мүдделерді көздемей, ұлт тұтастығын сақтауға ұмтылды.
“Елім”, “Жерім” деген ұрандарды ұлттық сананы ояту жолындағы
негізгі ұстындарға айналдыруды көздеді. Яғни бұл бағыттағы ақын-
жазушылар шығармашылығында “елшілдік” (М. Əуезов) сипат ба-
сым болды.
Бұл бағыттың қалыптасуына ХХ
ғасырдың басында жаңа
əлеуметтік саяси күш – ұлтжанды зиялы топтың пайда бо-
луы жан-жақты əсер етті. Олардың көбі шығармашылықпен
айналысқандықтан
да,
өз
шығармаларында
бостандық,
теңдік, азаттық идеяларын ту етіп көтерді. Ал
өздерінің са-
яси көзқарастарында елдің жігін ажыратпай, біртұтас етіп
біріктіруді көздеді. Сондықтан ең басты мəселе
ретінде сая-
си тəуелсіздікті нысана етіп қоя білді. Ұлттың жан-жақты да-
муы, өркендеуі ұлттық салт-дəстүрлерді сақтай отырып, өзге
өркениетті елдерден үйренер еркіндік
салтымен жетілуде деп
білді. Оқу-ағартуды, өнер-білімді ел тəуелсіздігі жолындағы са-
яси күреске пайдалануға əрекеттенді. Əдеби шығармаларында
ұлттық сананы оятуды, күрескерлік рухты көтеруді басты мақсат
тұтты. Сондықтан да олардың шығармаларындағы көркемдік
əдіс-тəсілдер азатшыл оймен ұштасып жатты.
Ұлт-азаттық
əдебиет бағытының өкілдері қандай да бір əдеби шығарма бол-
масын, оған ұлттық мұрат тұрғысынан талап қойды. Сөйтіп,
қазақ əдебиетіндегі өзінен бұрынғы Дулат,
Шортанбай, Мұрат,
238
Махамбет дəстүрлерін жаңа арнада дамытты. Халықты саналы
іс-əрекетке үндей отырып, таптық қайшылықты емес,
ұлттық
бірлікті жырлап, ұлт тұтастығын сақтауды көздеді. Бұл бағыттың
негізін қалаған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан
Жұмабаев шығармашылығында Ресей империясы отаршылдық
езгісінің бүкіл сипаты толыққанды ашылды.
Ахмет Байтұрсынов өзінің И. Крыловтан алған мысалдарында
қазақ қоғамының өткір мəселелерін қозғайтын мысалдарды таңдап,
оларда ұсынылатын түйін-тұжырымдар арқылы ел санасын оятуға
баса күш салды. Ал өзіндік төл өлеңдерінде ұлт-азаттығына үндеп,
тəуелсіздік мəселелерін айбынды рухпен жырлай алды.
Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!»
деп азаттық жырын алғаш
ту етіп көтерген ақын. Оның отты өлеңдері ұлттық сананы оятуға
айрықша қызмет етті. Ақын поэзиясына өмірдің күйкі тірлігі жат.
Оның поэзиясы азаматық асқақ үнге толы болып келеді. Ол жазған
алғашқы қазақ романында да бас бостандығы жолындағы күресте
мерт болған қазақ қызының бейнесі сомдалып, күрескерлік рух
алдыңғы қатарға шығарылды.
Мағжан Жұмабаев поэзиясы ХХ ғасыр басындағы қазақ
əдебиетінің алтын айдары десек, еш қателеспейміз. Поэзия əлеміне
өзгеше өркенді жаңашылдығымен келген ақын қазақ лирикасын тың
көркемдік сапамен байыта алды. Мөлдір сезім мен нəзік лиризммен
қауышып жатқан тұнба тұнық ой-таным ақын поэзиясына əлемдік
əдебиеттің төрінен орын бергізді. Мағжан поэзиясындағы азаматтық
сарын өлең-жырдың өн-бойында өріліп түсетін рух қуатымен аста-
сып жатады. Оның өлеңдерінде азаттық пен тəуелсіздік идеясы ба-
сты белгі ретінде бейнелі көрініс тапты.
Достарыңызбен бөлісу: