253
сыйғызып, өз жанынан бір шумақ қосқан, жəне де ой салмағы осы
жолдарда жатыр:
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сыртынан пəлен деу тəуір емес.
Жүк бірақ əлі күнге орнында тұр,
Бірыңғай тартпаған соң бəрі тегіс.
Крылов жүктің қозғалмауын олардың
іс-қимылын көрсетумен
ғана білдірсе, Ахмет “бірыңғай тартпаған соң бəрі тегіс” деп қадай
айтып, себеп-салдарына оқырманның назарын аударуға күш сала-
ды. Содан соң барып бұдан шығар қорытынды – моральды соңғы
шумақта оқырманға өзіндік көзқарасын айқындап отырып жеткізеді:
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас,
Əуелі бірлік керек болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, –
деп, елді тұтастыққа, ынтымақ туының астына шақырады. Осы
соңғы шумақтан басты идея айқындала түседі.
“Қырық мысалдың” үлкен тобы
адамдардың бойындағы көре
алмаушылық, іштарлық, күншілдік туралы мəселелерге арналған.
Бұларды
зер сала отырып оқығанда, өз халқын осынау жаман
қасиеттерден
арылтуды арман етіп, мақсат тұтқан азаматтың
жан
толғанысын, үздіксіз ұмтылысын айқын сезінеміз. Мұндай
Мысалдарға “Жүргіншілер мен иттер”, “Маймыл”, “Үлес”, “Ағаш”,
“Өгіз бен Бақа”, т.б. жатады. “Жүргіншілер мен иттер” мысалында
күншілердің сөзіне, іс-əрекеттеріне бола кібіртіктемей, ілгері басу-
ды уағыздайды. Ахаң бұл мысалды сол түпнұсқадан ауытқытпай
аударған. Мысалдағы оқиға мазмұны түгелдей сақталып, ғибратты
тұжырымы да Крыловпен ұштасып жатады.
Ахмет қазақ өміріне қатысты ділгір де дертті мəселелерге кел-
генде өзіндік ой ұстанып, негізгі сюжеттік желіні дамытып немесе
жаңғыртып, өз заманына сай мысалдың өткірлігін арттыра түсуді
мақсат ететінін аңғару қиын емес. Ал жеке адамдар арасындағы əр
түрлі жағдайларға, адам бойындағы жаман əдеттерді көрсетіп, одан
арылуға уағыздауда ұлы мысалшы салған аңғардан ауытқымайды.
Өйткені ол жаман əдеттер адамның ұлтына, қоғамдық қатынастарға
254
тəуелді емес. Адамзат баласының кейбірінің
бойында бар ортақ
дерттер.
“Шымшық пен көгершінде” торға түсіп, сорлап отырған
шымшыққа көмек берудің орнына, жығылған үстіне жұдырық деп,
көгершін оны былай деп табалайды:
“Не қара басты торға түсіп? –
Тал түсте торды көрмей, соқыр ма едің?
Есалаң, ақылың жоқ, күшік”.
Осылайша ақылгөйсіп отырып, өзі торға түсіп қалады.
Крыловта
бұл мысал тоғыз-ақ жол, Ахметте – 32 жолдық то-
лымды, өзіндік шығарма. Ахаң түпнұсқадағы оқиғаны өз ойына
тиек
етіп қана алып, оқиғаны қара өлең үлгісіне түсіріп, əсерлі
етіп, ұзағырақ баяндайды. Крылов бұл мысалының оқиға желісін
Федрдің “Торғай мен Қоян” (“Воробей и Заяц”) мысалынан алған.
Крылов мысалының толық нұсқасы мынандай:
Чижа захлопнула злодейка-западня;
Бедняжке в ней и рвался, и метался,
А голубь молодой над ним же издевался,
“Не стыдно ль – говорит, – средь бела дня
Попался!
Не провели бы так меня,
За это я ручаюсь смело”
Ан смотришь, тут же сам запутался в силок.
Достарыңызбен бөлісу: