239
шешен болған соң, кішкене күннен қасына ере жүріп, көп нəрсе
үйренген. Өзі де шешендік өнерімен көзге түсіп, болыс болған кісі.
“Тобықтының
шегір көз, сары шешені” деген даңқы бар. Нарман-
бет 1918 жылы Қарқаралы қаласында уездік сот болып істеп жүрген
кезінде ауыр науқастан қайтыс болады. Нарманбет өлеңдері Қазан
төңкерісіне дейін толыққанды күйде басылып шықпаған, баспасөз
беттерінде ғана жарық көрген. Ең алғашқы ақын таңдамалысын 1939
жылы Есмағамбет Ысмайылов жинастырып, бастырып шығарған.
Е. Ысмайыловтың айтуы бойынша, Нарманбет Орманбетов
өзінің алғашқы өлеңін 14 жасында шығарған. Бар ақынға тəн жайт,
Нарманбет басынан да өткен. Оның алғашқы өлеңдері жастық өмір,
махаббат тақырыптарына арналған (“Бірінші хат”, “Екінші хат”,
т.б.). Бірақ Нарманбет бұл тақырыптарға көп тұрақтай алмаған.
ХХ ғасырдың басында саяси-əлеуметтік
тақырыптарға кеңінен
барып, əлеуметтік мəселелер туралы азаматтық сарындар толғантқан
ақынның бірі – Нарманбет Орманбетов. Ақын шығармашылығының
басты тақырыптары ағартушылық, азаматтық, ел тəуелсіздігі, саяси
күрескерлік.
Ақынның ғылым, білімге, ағартушылыққа үндеген өлеңдері өте
көп. Мұндай тақырыптағы өлеңдерінде («Ғылым туралы», «Ақыл
бір алтынға ұқсас доп-домалақ» т.б.) оқу-білімнің, ғылымның,
білімділік пен ақылдылықтың адам
өміріндегі орнын өте жоғары
қояды.
Нарманбеттің өмірдің түрлі құбылыстарын саралай оты-
рып, өзінің ішкі толғаныстарын арқау еткен сан алуан өлеңдері
(«Қасіретті деген бір тау бар», «Көпті көрген көнемін» т.б.) бар.
Ақын өлеңдерінде көбіне өмірдің нақты шындығын көркем бей-
нелеуге жəне оны философиялық ой-тұжырымдармен түйіндеуге
ұмтылады («Балалық күй», «Шал қайғысы», т.б.). Нарманбет
поэзиясының басты жетістіктерінің бірі – онда
отаршылдыққа
қарсы үн көтерген азатшылдық сарынның көрініс табуы. Ол орыс
отаршылдығының кесір-кесапатын терең ұғып, еркіндік жырын
жырлаған ақын.
Отаршылдық тұмшалаған сананың оянуын тілеп, «Оян, қазақ!»
деп алғашқы ұран көтергендердің бірі – осы Нарманбет ақын. 1900
жылғы Дума сайлауы тұсындағы еркіндікте «Талап етер күн туды,
Кел, ұйқыдан тұрайық» («Сахараға қарасақ») деп, ол алғаш боп сөз
бастады.
Азатшылдық
тұрғысынан келгенде, Нарманбеттің мақсаты
240
айқын, бағыты анық. Ол – азаттыққа қол жеткізу. Кей-кейде
ақынның бұған күмəнмен қарайтын тұстары да бар. Ондайда қайғы-
мұңға беріліп, зар-заман ақындарының сүрлеуіне түсіп кетеді. М.
Əуезовтің Нарманбетті зар заман
ақындарының өкіліне санауы
осыған байланысты болса керек. «Өтті-ау дəурен, Аңдып сырт,
кетті-ау көңіл тына алмай» деген өлең жолдары осының куəсі. Бірақ
бұл сарын Нарманбетте өте аз кездеседі. Ол – мұң-зардың емес,
күрескерліктің ақыны. Өйткені, ақын ел басындағы қасіретке кім
кінəлі екенін тап басып тани біледі. «Айырылып қалдық қоныстан,
Бекініп низам шықпай тұр, əлі бізге орыстан («Аждаһаның аузын-
да») деген өлең жолдарында Нарманбет отаршылдық тұтқасы кімнің
қолында екенін ашық та анық айтқан.
Нарманбет – шығармашылық
болмысы терең, өнерпаздық
өрісі кең ақын. Алуан түрлі тақырыптар ішінде ақынның жаны-
на жақыны – азатшылдық, күрес тақырыбы. Жалпы,
ұлт-азаттық
идеяны жырлаудың бастау көзінде осы Нарманбет сынды ақындар
тұрғаны анық.
Достарыңызбен бөлісу: