УДК
ББК ??.?. (5 Каз
ISBN ?????????
© Жұмақаева Б.Д., 2015
© «Қыздар университеті» баспасы, 2015
3
КІРІСПЕ
Қазақстанның Білім беру туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты
міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың
жетістіктері негізінен жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті
жағдайлар жасалуы керек», - деп атап кӛрсеткен. Демек, осы бағыттағы
жұмыстарды, яғни білім мен тәрбие берудегі әдіс-тәсілдерді жетілдіру, оларды
жүйеге келтіру, оқу үдерісін жаңа технологияға құру, инновациялы оқытуды
ұйымдастыру сол арқылы жан-жақты жетілген қоғамның жаңа адамын
қалыптастыру – уақыт күттірмейтін ӛзекті мәселе. Осы айтылғандарды шешуде
ұсынылып отырған оқулық қазақ әдебиетін оқыту саласындағы ізденістер,
әдебиетті оқытуды педагогика, психология, әдебиеттану жетістіктеріне сүйене
жүргізу, сол арқылы білімгерлердің кең дүниетанымын қалыптастыру бағытын-
дағы жұмыстарға зор үлес қосады деген сенімдеміз.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылыми пән ретінде оқу жоспарына ерте
ілінгенімен, оқу материалдық базасы жағынан кенжелеп келе жатқандығы
жасырын емес. Осы сала бойынша 60-жылдарда жарық кӛрген Ә.Қоңыратбаев,
А.Кӛшімбаев сынды әдіскер ғалымдар жазған «Әдебиетті оқыту методикасы»
оқулықтарын, 1997 жылы жазылған әдіскер Қ.Бітібаеваның «Әдебиетті оқыту
әдістемесі» мен 2009 жылы жазылған әдіскер-ғалым Т.Қ.Жұмажанованың
«Әдебиетті оқыту әдістемесі» оқулығын атауға болады. Аталған оқулықтар оқу
мақсатында уақыт үдесінен шыққандығы даусыз. Бүгінде оқу пәні ретінде
әдебиетті оқытудың әдістемелік жүйесі жаңа әдіс-тәсілермен толыға түсуде.
Білім беру жүйесіндегі жаңа ізденістер мен оқытудың технологиялары әдебиетті
оқытуға тың серпіліс әкеліп отыр. Ендеше әдебиетті оқытудың жүйесін
қалыптасқан дәстүр арнасында кеңейте қолдану, жаңа пайымдаулар мен психо-
педагогикалық интеграцияда жаңа технологияларға негіздеу қажеттігі айқындала
түседі.
Оқулықта әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсат, міндеттерінен бастап,
әдебиетті оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихы, әдістер жіктемесі, сабақ
үдерісін жоспарлау, талдау түрлері,әдебиетті жанрлық ерекшелігіне қарай оқыту,
басқа да әдебиетті оқыту әдістемесі пәні аясында қарастырылатын мәселелер
жаңаша пайымдалып, әдебиетті оқытудың жүйелі ғылыми негізі тұжырым-
далды. Барлық әдіс-тәсілдер жүйесі жаңа оқу материалында түсіндірілді. Оқулық
құрылымында әр бӛлімде қарастырылатын мәселелердің жоспары, оқу ма-
териалының соңында ӛзін-ӛзі тексеру сұрақтары, әр бӛлім бойынша қажетті
әдебиеттер ұсынылып отыр.
Оқулық мазмұны жалпы білім беретін оқу орындарының міндетті білім
мазмұны минимумы тұжырымдамасына, білім стандарты мен бағдарламасына
сәйкес құрылған. Оқулық мазмұнының материалдары ғылым мен техниканың
жаңа бағытын қамту деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес келеді деп айта
аламыз.Оқулықта Отандық әдебиетті оқыту әдістемесі саласындағы жетістіктері
мен жаңалықтары сарапталып, әдебиетті оқыту әдістемесінің тиімділігін арттыру
мақсатында жаңа әдіс-тәсілдер кешенімен толықтырыла ұсынылып отыр. Кітапта
оқу материалынан кейін берілген сұрақ-тапсырмалар студенттердің оқу
материалын қорытуы мен ӛздігінен ізденуіне кӛмектеседі деген сенімдеміз.
|