7
5-9 сыныптарда әдебиет теориясынан түсініктерді мақсатты түрде
игеруге және кӛркем шығарманың поэтикасын қарастыруға зер салынады. 5-6
сыныптарда оқушылар мәтіндегі кӛркем сӛз айшықтарын (теңеу, метафора,
эпитет, метонимия т.б.) тауып қана қоймай, олардың мәнін, кӛркем мәтіннің
табиғи ажарын келтірудегі қызметін ажыратып тануға ден қояды. Әртүрлі
суреттерді сӛзбен бейнелеуді үйренеді, жанр ұғымын ашады, белгілі бір
сӛздердің
мағынасын, композиция мағынасын және оны құрайтын компо-
ненттерін түсінеді. Осыған әңгімелесудің нәтижесі, мазмұндау, іскерлік
ойындар жазбаша шығармашылық жұмыстар арқылы қол жеткізеді.
5-6 сыныптарда ауыз әдебиетін оқып үйрену арқылы оқушылар ха-
лықтың ұлттық рухын, дүниетанымын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін мәдени
мұра ретінде танып біледі. Халық ауыз әдебиетін оқып-үйрену оқушының
рухани жетілген әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына, халқының ӛткені
мен бүгінін салыстырып, ой елегінен ӛткізе алуына жәрдемдеседі.
Орта буын сыныптарда әдебиет пәнін оқытуда оқушылардың ӛзіндік
ерекшеліктерін, қызығушылықтарын дамыту, оқушының танымдық ой-
ӛрісін, эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлауын жетіл-
діру, коммуникативті құзірет жетілдіру басты назарға алынады. Оқушының
ізденімпаздығын,
белсенділігін, ӛз бетімен жұмыс істеу қабілетін, шығар-
машылық ойлауын қалыптастыруда олардың ӛзіндік ерекшеліктері, қабілет-
қарымдары ескеріледі.
10-сыныпқа арналған білім мазмұны ХІХ ғасыр әдебиетіндегі қазақ
елінің болашағын ағартушылық идеясымен байланыстыратын, саяси және
рухани тәуелсіздік рухы біріктіретін ақын-жазушылар топтамасынан
құрылған. Тәуелсіз елдің ӛз мұраларын жаңа заман идеяларына сәйкес танып
білу мақсатынан әдеби білім мазмұны толыға түсті. Осыған орай әдебиеттің
кӛрнекті ӛкілдерінің мұраларын дербес сипатта оқыту жоспарланған.
Қазақтың сӛз ӛнері мен музыкалық мұрасының дамуына елеулі үлес қосқан
сал, сері, әнші, сазгер ақындар шығармашылығы қамтылған.
Ал 11 сыныпта берілетін білім мазмұны ХХ ғасырдың басынан бүгінгі
күнге дейінгі уақытты қамтиды. Осы орайда Х.Есенжолов, І.Есенберлин,
Қ.Аманжолов, Ж.Молдағалиев, Ә.Тәжібаев, Ә.Нұрпейісов, Ӛ.Бӛкей,
Ш.Мұртаза,
М.Мақатаев,
Қ.Мырзалиев,
С.Жүнісов,
Ә.Кекілбаев,
Т.Молдағалиев, С.Мауленов, Т.Ахтанов, М.Шаханов, т.б. қаламгерлердің
шығармалары оқытылады. 11 сыныпта ХХ ғасырдың басынан бүгінгі күнге
дейінгі қазақ әдебиеті туралы білім қалыптастыру кӛзделген.
Бағдарлы сыныптарда тақырыптық жүйеге орай
әдебиет теориясы мен
әдебиеттану ғылымынан түсініктер беріледі. Орта буында басталған әдеби-
теориялық ұғымдар тереңдетіле отырып, әдебиеттiң тектерi мен жанрлары,
авторлық стиль, туындының композициясы, тiлдік ерекшелігі, әдеби ағым
туралы ұғым тереңдетіледі.
10-11 сыныптарда әдеби мәтінді оқыту әдістемесі орта буын сынып-
тарға қарағанда ӛзгеше. Орта буын сыныптарда кӛлемі шағын әдеби мәтіндер
сыныпта не үйде оқытыла отырып, тұтастай талдауға бағытталса, жоғары
сыныпта ұсынылатын әдеби шығармалар үзінділер емес,
бұл сыныптардағы
8
ақын-жазушылар шығармашылығы монографиялық тұрғыда оқытылады. 10-
11 сыныптарда шығарманы мүмкіндігінше тұтастай оқыту кӛзделген. Әдеби
талдау жоғары сыныптарда да жүзеге асырылады. Дегенмен, орта буын
сыныптарға қарағанда әлдеқайда күрделі құрылыммен, белгілі бір ӛзекті
мәселеге орайластыра талданады. Қаламгер шығармашылығы монографиялы
түрде оқытылуына байланысты қаламгердің белгілі бір әдеби жанрдағы
ерекшелігі (егер шағын кӛлемдегі эпикалық түр болса) бірнеше шығарма-
сымен не осы саладағы ӛзге қаламгер шығармашылығымен салыстырыла
талдануы мүмкін. Сондай-ақ талдауға нысан болатын кӛлемді туындысы
(роман, роман-эпопея т.б.) әр тарапты проблемалық ұстанымда талдануы
қажет. Орта буында бір ғана шағын шығарманың ішкі құрылым жүйесі,
образдары талданса, жоғары сыныпта талдау нысанына кӛлемді шығарма-
ның
тұтас құрылымы, әлеуметтік, саяси мәселенің кӛрінісі, образдар
галереясы, әдеби үдерістегі орны т.б. ауқымды мәселелері алынады. Кӛбіне
белгілі бір кӛтеріліп отырған мәселе тӛңірегінде оқушының ӛзіндік
кӛзқарастары, дәйектемелері, жеке ұстанымдары есепке алынуы керек.
Жасыратыны жоқ кӛбіне, бүгінгі мектеп практикасында жоғары сынып
оқушыларының ӛзі шығарма тӛңірегіндегі баяндаумен шектеліп жүр. Оқушы
тарапынан оқиға желісін баяндау ағаттық емес, тек бұл тәсіл орта буынның
5-6 алғашқы сыныптарына тән оқу әрекеті. Оқушының сӛйлеу тілін дамыту
мақсатында жүзеге асырылатын тәсілдің бірі. Ал жоғары сыныпта оқырман
ретінде, әдеби мәтінді ӛнердің бір перзенті ретінде танып, талғаммен қарау,
шығармадағы кӛтерілген мәселеге азаматтық ұстанымын білдіру, шығарма-
дағы кейіпкерлер әлемін тануда типтік бейне, шынайы ӛмірмен
байланыс
тұрғысында баға беру басым болғаны абзал. Сол себепті жоғары сынып оқу-
шыларына әдебиеттің сыны, оқулыққа енген шығармалар жайлы әдебиет-
танушылардың пікірлері де қоса ұсынылған.
Тәуелсіздік жылдарда жарық кӛрген қазақ әдебиеті бағдарламасынан
бері (1997 жылы 5-9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті бағдарламасының
жобасы)
1
орта буын болып етептелетін 5-9 сыныптар екі салаға жіктеліп
беріліп жүр. Авторларымыз әдебиеттік оқудың ұстанымдарын 5-7 сынып-
тарға топтастырып, 8-9 сыныптан бастап ежелгі дәуір әдебиеті, ХІХ-ХХ ға-
сыр әдебиетін ұсынып келеді. Ал 9 сыныптан басталатын әдебиеттің тарихи
курсында ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап ежелгі дәуір әдебиеті кезеңіндегі
мұралар, хандық дәуір әдебиеті, ХІХ-ХХ ғасыр әдебиет ӛкілдері қайта
ұсынылып келеді. Психолог мамандардың
оқушы дамуының кезеңдеріне
қатысты зерттеулері негізінде қалыптастырылған әдеби білімнің екі кезеңі:
5-9, 10-11 сыныптардағы әдеби білім мазмұны сақталғаны дұрыс деген
пікірдеміз. Себебі әдебиеттің тарихи курсын белгілі бір әдеби білім кезеңіне
ғана (10-11сыныптар) топтастырмау салдарынан, оқу материалының
қайталануына жол берілген.
Достарыңызбен бөлісу: