Мәнерлеп оқудың негізгі шарттары, әдіс-тәсілдері.
Енді мәнерлеп оқуға тӛселдірудің бірнеше шарттарына тоқталайық.
Біріншіден, оқуға байланысты әрекет болғандықтан мәнерлеп оқу үшін
оқушының тыныс алу, ауаны жұту және сыртқа шығару, еркін дем алу
дағдыларын қадағалағаны жӛн. Оқу барысында дем алуын басқара алмаған
оқушының мәнерлеп оқу дағдысы оңайлықпен қалыптаспайды. Қалыпты
тыныс алу жағдайында адамның дем алуы мен дем шығаруы бірдей. Ал
сӛйлеу, оқу, ән салу сияқты вербальды әрекеттерде демді алу мен сыртқа
шығару ұзақтығындағы тепе-теңдік ӛзгереді. Демді ішке алу жиілейді, не
демді іште ұстау уақыты ұзарады. Осы әрекеттерді оқушылардың білгені
және жаттыққаны мәтінді мәнерлеп оқуда ӛз әсерін тигізеді.
99
Екіншіден, мәтін графикалық белгілерден құралғандықтан орфогра-
фиялық заңдылықтармен таңбаланады. Ал мәтінді оқу орфоэпиялық қалып-
тарға сәйкестендірілуі керек. Осы заңдылықтар жете меңгерілмеуі кӛбіне
мәнерлеп оқуда нұқсан келтіреді. Қазақ тілінде орфоэпиялық заңдылықтар
сингармонизм, ассимиляцияға сүйенеді.
Сӛйлеу үдерісінде бір сӛз екінші сӛзбен немесе бір буын екінші
буынмен ӛзінің екпіні, буыны жақтарынан қиюласып, үндесіп тұрады. Осы
үндесулер дауыстыларда сингармонизм заңдылықтарына бағынса, дауыссыз
дыбыстарда ассимиляцияға негізделеді. Бір дыбыс екінші дыбысқа ықпал
етіп, дәл ӛзіндей ӛзгеріске жуықтатады. Сондықтан сӛздерді оқығанда жазы-
лу қалпымен емес, айтылу ережелерін сақтау қажет. Мысалы: шаш+са//
шашша; кӛз сал//кӛс сал; торы ала ат//торалат; ақ ешкі//ағешкі; қара қой
//қара ғой; ала кӛйлек //ала гӛйлек; «сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» //
«сембе жұртқа тұрса да ғанша мақтап»; «жаннан қымбат оларға ар»//
«жаннан ғымбат оларғар» т.б.
Мысалда кӛрсетілгендей ассимиляцияның прогрессивті (алғашқы
дыбыстың кейінгі дыбысқа ықпал етуі), регресивті (кейінгі дыбыстың
алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан ӛзіне ұқсата ықпал етуі) түрлері
мәнерлеп оқу үдерісінде сақталуы маңызды. Дыбыстардың сӛз ішінде де
ӛзіндік әсер, ықпалы болады. Дыбыстың буын басында, ортасында, соңында
айтылуының ӛзінде ӛзге дыбыстардың аздаған ӛзгерісі байқалады. Мысалы,
бақыт, абай бол үш сӛздегі «б» дыбысының айтылуы үш түрлі. Бірінші сӛзде
ұяң «б» дыбысы анық айтылады, ал екінші сӛзде «б+в» дыбысына жуық,
үшінші сӛзде алғашқыдан сәл ұяңдау естіледі. Мұның бәрі дыбыстардың
ӛзіндік әсерінен туындайды.
Мәтінді мәнерлеп оқу орфоэпиялық заңдылыққа негізделетінін
оқушылардың түсінуінің ӛзі жұмысты біршама жеңілдетеді. Сӛйлеу
дағдысы ана тілінде қалыптасқан балалардың дыбыстарды айтуында
айтарлықтай қиындықтар туындай бермейді. Алайда кейбір ӛлкелік
айырмашылықтар да кездеседі. Шығыс аймақтардың кейбір оқушыларының
«ң» дыбысының орнына «н» дыбысын айту мүкісі орын алған. Оңтүстік
шығыс аймақтарда «ш» дыбысын қатқыл айту ерекшеліктері байқалады. Ал
оңтүстік облыстарда сӛздерді қалыпты дыбыстаудан тезірек айту басым.
Мәнерлеп оқуда орфоэпиялық нормалардың сақталмауы сӛйлеу
дағдысы орыс тілінде қалыптасқан оқушыларда кӛбірек кездеседі. Қазақ
тілінің тӛл дыбыстарын қалыпты дыбыстай алмауынан ӛзге «е» дыбысын
айтқызу, ассимиляциялық заңдылықтарды меңгерту қиынға түседі. Оқушы-
ларға орфоэпиялық заңдылықтарды меңгерту аса маңызды. Жаттығу мақса-
тында орфоэпиялық сӛздікпен жұмыс жүргізу, оқитын мәтіндегі орфогра-
фиялық таңбаларды орфоэпиялық сӛздікпен қайта жаздыру, оны жат-
тыққанша оқыту жұмыстары нәтиже берері анық.
Үшіншіден, сӛзге дұрыс екпін түсіре білуге дағдыландыру керек.
Мәтіндегі әр сӛздің ӛзіндік логикалық, грамматикалық синтаксистік, дискурс-
тық қызметі, мағыналық салмағы болады. Сӛздердің қызметі автордың
100
идеялық мақсатына тәуелді. Мәтіндегі авторлық ойды түсіну, сӛздің қызметін
тану оқушының мәтін оқудағы екпінді дұрыс түсіруіне кӛп кӛмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |