А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет57/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (3)

Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары: 
1. Талдауға жататын құрамды элементтерді атаңыз. 
2. Әдебиетті оқыту әдістемесі оқулықтарында сипатталған талдау түрлері 
қандай? 
3. Талдаудың әдіс-амалдарын атаңыз, ӛзіндік ерекшеліктерін саралаңыз. 
4. Әдебиеттану саласындағы қолданылып жүрген қандай талдау түрлерін 
білесіз, ӛзіндік белгілерін атаңыз? 
5. Әдеби мәтінді талдау жұмыстарында интербелсенді әдістерді қолдану 
мүмкіндіктерін баяндаңыз? 
Әдебиеттер тізімі:
1. Голубков В. В. Методика преподавания литературы. – М., 1962. – С. 69. 
2. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985. 
3. Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1969. 
4. Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –А., Білім, 2009 
5. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.– А., Рауан,1997
Қосымша: 
1. Богданов О.Ю., Леонова С.А., Чертова В.Ф. Методика преподавания 
литературы Москва, 1999 
2. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасының очерктері. Алматы, 
1962. 
3. Рез З.Я. Методика преподавания литературы. М., Просвещение, 1985. 
4. Ақшолақов Т. Шығарманың кӛркем айшықтарын таныту /әдістемелік 
құрал/ А., Рауан, 1994 
ІІ. 5. КӚРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
1. Білім беру жүйесіндегі жаңа технологияларды әдебиет пәнінде 
тиімділікпен пайдалану. 
2. Педагогикалық технологиялар ұғымы. 
3.Оқытудың жаңа технолгияларының философиялық негізі. 
4.Әдебиет пәнінде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды 
дамыту» (RWCT) жобасын қолдану арқылы оқушылардың ой белсенділігін 
арттыру жолдары.
Білім беру жүйесіндегі жаңа технологияларды әдебиет пәнінде 
тиімділікпен пайдалану.– Бүгінде білім беру жүйесінде түбегейлі ӛзгерістер 
жүріп жатыр. Білім мазмұнын жаңалау, құзырлылыққа бағытталған, ұлттық 
құндылықтар негізінде білім, тәрбие бере отырып, тұлға қалыптастыру 
ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктеп отыр.


122 
Мұғалімдер қауымын бүгінде педагогикалық технологияларды 
пайдалану жолдары кӛбірек мазалайды. Бұл заңды да. Себебі бүгінгі күні 
білім беру үдерісінде пайдаланылып жүрген технологиялардың ӛзіндік 
философиясын зерделеп, әр пәнге лайықты бейімдеу, оқу материалдарының 
жүйелі кешенін әзірлеу, оны сараптамадан ӛткізу ісі қажетті дәрежеде 
жүргізіле бермейді. Сондықтан да мұғалімдер қауымына белгілі бір 
технологияны кешенді пайдалану қиындықтар туғызады. Себебі әдістеме 
ғылымының ӛзінде педагогикалық технологиялар әр пәннің ӛзіндік ерекшелігіне 
қарай қолданудағы тиімділік толық зерделенді деуге келе бермейді. Мәселен, 
модульді оқыту технологиялары кӛп пәндерге қатысты қолданылып жүр. Қазақ 
тілі пәніне біршама ыңғайлылық танытатын аталған технология әдебиет пәніне 
пайдалануда қиындықтар туындатады. 5-9 әдебиеттік оқу сыныптарында оқу 
материалы әдеби жанрларға қатысты да шығарманың кӛлемі мен формасы 
жағынан да әралуан болып келеді. Оның үстіне бұл сыныптарда кӛп автордың 
шығармалары қамтылып, оқылатын шығарманы терең қабылдату мақсатында 
автор
туралы шағын мәлімет беріледі. Сонда оқу бағдарламасы бойынша бір 
сыныптың ӛзінде оқу материалы 2-3 сағаттан бірнеше бӛліктерге бӛлінген.
Сондықтан оқу материалын модульдеуге еш мұқтаждық тумайды. Ал 
модульді технологияны қайткенде де әдебиет пәніне қолданамыз деген 
мақсат қояр болсақ оқу бағдарламасын орта буын сыныптар бойынша қайта 
сұрыптау қажет болады. Модульді технологияның ӛзі белгілі бір ғылым 
саласына байланыста жүйеленген білімді тиімділікпен меңгертуді кӛздейді. 
Ал оқу материалын жүйелеу бағдарламадан, тіпті білім стандартынан 
басталуы керек. Бұл жерде айтылмақ ой білім стандарты мен бағдарламаның 
сапасына қатысты емес. Әрине, кӛп жылғы білім берудің тәжірибесі сапалы 
маман даярлауға бағытталып келе жатқаны анық. Айтпағымыз – білім 
стандарты мен бағдарламасындағы мазмұнды ішкі үйлесімділікпен 
топтастыра отырып модульдеу қажеттігі туралы. Сондықтан әдебиет пәнінің 
қолданыстағы бағдарламасымен модульді технологияны кез келген уақытта 
пайдалана 
қою 
оңайға 
түспейді. 
Мәселен, 
М.М.Жанпейісованың 
авторлығымен жарық кӛрген «Модульді оқыту технологиясы оқушыны 
дамыта оқыту құралы ретінде» атты әдістемелік кітабында (Алматы, 2002) 
«Қазақ әдебиеті» бойынша оқу модульдері (5-сынып) Ж.Тӛлегенова, 
Г.Қожанова, О.Шатанова әзірлеген әдістемелік нұсқаудан делініп, 7 сағатқа 
жіктелген оқу модулі берілген. 
1
Бұл ұсынылып отырған модуль ӛз тұсындағы оқу бағдарламасына 
сәйкес жасалғаны белгілі. Одан беріде бағдарламада ӛзгерістер болды. Әйтсе 
де оқу материалына қарай орта буын сыныптарға, соның ішінде 5-сынып 
бағдарламасына сәйкес жасалған оқу модулінің бірнеше олқылықтары 
байқалады. Біріншіден, аталған сыныптардағы білім мазмұны мен мақсаты 
тарихи кезеңді, оның ерекшеліктері туралы білім беруді мақсат етпейді. 
Әдебиеттің тарихи курсы арнайы 9-11 сыныптарды қамтиды. Тӛменде 
берілген кестеге назар аударып кӛрелік: 
1


123 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет