Жалпы білім беретін мектептердің орта буынында оқылатын
эпикалық шығармалар, олардың тақырыптық, идеялық қырлары. Жалпы
білім беретін қазақ мектептеріндегі Әдебиет пәнінің ең ауқымды бӛлігін
эпикалық шығармалар құрайды. Эпикалық шығармалардың алғашқы легі
ертегі, аңыздардардан басталады. Оқушы жасына лайықты бұл жанрдағы
шығармалар 5-сыныптан басталған. Ертегі, аңыздар бастауышта да оқы-
латыны белгілі. Әдеби білімнің алғашқы сатысында (5-7 сыныптарда) оқу
міндеттері бастауыш сыныптардан ӛзгеше. Ертегі, аңыз ендігі жерде әдеби
жанр ретінде оқылады әрі оқушы шығармашылығына мол мүмкіндік туғыза-
ды. Аталған сыныпта ертегілерді оқытуға берілген сағат саны да айтарлықтай
мол. Мәселен: «Ер Тӛстік», «Керқұла атты Кендебай», «Қырық ӛтірік», «Аяз
би», «Сырттандар» ертегісін оқуға 15 сағат ұсынылған. Бұл аталған тақы-
рыптардың мазмұны, құрылымдық ерекшеліктері, образдар жүйесі, тілдік
ерекшеліктерін меңгертуге, ертегінің жанрлық сипатын, ертегілерден кӛрі-
нетін халықтың арман-тілегін танытуға үлкен жағдай туғызады.
Сонымен қатар осы сыныпта әдеби ертегілердің де оқытылуы аталған
жанрды кең кӛлемде тануға мол мүмкіндік береді. Әдеби ертегілердің халық
ертегілерінен айырмашылығын таниды. Осы орайда ӛз бетінше ертегі
құрауға да бағыт-бағдар алады. 5-сыныпта берілетін Әбділда Тәжібаевтың
«Толағай» ертегісі ерлік туралы аңыздан туындайды. Ертегіде Толағайдың
ерекше сипаты, ерен іс-әрекеті танылады. Шығармадағы кейіпкердің
патриоттық іс-әрекеті ұлы істерге деген оқушылардың кӛзқарастарына ықпал
етеді. «Толағай» – ерлік жайлы аңызға негізделген әдеби ертегі. Ертегідегі
романтикалық образ – Толағай. Толағайдың дүниеге келуі, күн санап ӛсуі,
алып күш иесіне айналуы қазақ ертегілерінде кездесетін дәстүрлі мотивпен
ӛрбиді. Шығарма сюжеті екі бӛлімге топтастырылған. Алғашқысында
Толағайдың дүниеге келуі мен қалыптан тыс ӛсуі сипатталса, екінші бӛлім-
де ел басына түскен қиыншылықтағы Толағайдың ерлік ісі баяндалады.
Автор Айсұлу мен Толағайдың образдарын жасауда ертегіге тән элементтер
мен жазба әдебиет үлгісін қатар қолданады. Шығармада кездесетін кӛркем
тәсілдің басым кӛпшілігі – теңеулер. Толағай мен Айсұлудың портретін жа-
сауда автор «Туған айдай, ақ меруерттей, қос жұлдыздай, жанған ӛрттей», «ақ
маралдай, Ақша беті айменен тең», «Айналады, толғанады, Кӛбелектей от
айналған» деген теңеулерді қолданады. Шығарма сюжеті қарапайым, тілі
жеңіл. Ертегіде ел мүддесі үшін жанын қиған ерен ерлік дәріптеледі. Халық
үшін жанын қиған ердің ерлік ісі ел есінде мәңгілік сақталатынын айту ар-
қылы жастарды ел мүддесіне қызмет етуге шақырады.
Бұдан ӛзге Асан қайғының Жерұйықты іздегені, «Ақсақ құлан»,
«Жошы хан», «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу», «Жиреншенің хан
185
сынағына түсуі». «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?»,
«Тайкелтірдің тӛрелігі», «Байдалы бидің кӛңіл айтуы», «Қазыбек би мен
Бұқар жырау», «Сырым мен Малайсары», «Кет-Бұғаның естіртуі» сияқты
аңыз-әңгімелер, шешендік сӛздер ұсынылып, оны оқытуға 8 сағат берілген.
5-сынып бағдарламасында ертегі, аңыздардың молынан берілуі оқу-
танымдық, әдістемелік мақсаттардан туындайды. Орта буын кӛшкен кешегі
бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттің кӛркем әлеміне тартуда ӛздерінің
жасына, ұғым-түсініктеріне етене жақын жанрдан бастап әдеби-шығарма-
шылыққа бірте-бірте үйретуге үлкен жағдай жасалған. Ертегі тілі жеңіл,
оқиғалары қою, пейзаж, портреттік сипаттаулары жоқ болғандықтан оқушы-
ның түсінуіне үлкен қиындық туғызбайды.
Орта буын сыныптарда оқылатын мәтіндерді жанрына, тақырыбына
топтастырып кӛрсетуге болады. Жалпы орта буын сыныптарда оқылатын
шығармалар, шығармашылық тұлғалар ӛмір сүрген дәуіріне тәуелсіз таңда-
малы түрде алынған. Орта білім стандарты бойынша 5-9 сыныптар әдеби
білімнің негізін құрағандықтан қазақ әдебиеті классиктерінің ең таңдаулы
шығармалары, қазақ әдебиетінің, соның ішінде ауыз әдебиетінен бастап
қазіргі әдебиетке дейін оқушы ұғымына, танымына, тұлғалық дамуына
қажетті эпикалық мәтіндер таңдап алынған.
5-сыныпта қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнында оқылған шы-
ғармадағы ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты, кейіпкерлері,
ондағы халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер кӛрінісі, табиғат суреті шығар-
мадағы адамгершілік мәселелер, сӛз қолданыстар зерделеніп, оқушыны
қызықтыратын оқиғалар жайлы пікір алмасуға кең орын берілген. Сол
арқылы оқушылардың ӛзіндік ой-толғамдарын айтуға, шығармашылық
жұмысқа тартуға, жазба тілін дамытуға жол салынады.
Ауыз әдебиеті үлгілерін беруде жүйелік сақталған. Мәселен, 5-сыныпта
ертегілерден басталып, жазба ертегілермен, аңыз әңгімелермен ұласады. 6-
сыныпта батырлар жыры беріледі.
Орта буын сыныптардағы әдеби материалдарды жанрына қарай жіктеп
айтар болсақ, 5-8 сынып аралығында қамтылатын шығармалар:
1.Ертегілер;
2.Аңыз әңгімелер,
3.Жырлар: батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, тарихи жыр
(Күлтегін);
4.Мысал ӛлеңдер;
5.Әңгіме жанры (кӛбіне классик жазушылардың роман, повестерінен
алынған үзінді әңгімелер)
6.Повестен үзінді;
7.Поэма;
8.Баллада ұсынылған.
Мысал ӛлеңдер әңгіме жанрынан бұрын берілген. Белгілі бір дәрежеде
сюжетті шығармалардың ерекшелігін таныту үшін мысал ӛлеңнің бұрын
оқылуы тиімді. Мысал – кӛбіне ӛлең түрінде жазылатын сюжетті, шағын
жанр. Мысал ӛлеңді оқу барысында сюжет ұғымын қалыптастыру мүмкіндігі
186
мол. Мәселен, 5-сыныпта Ахмет Байтұрсынұлының «Ӛгіз бен бақа» мысал
ӛлеңі берілген. Ахмет Байтұрсынұлы «Ӛгіз бен бақа» мысалын 36 жол ӛлең
түрінде И.Крыловтан аударған. Қазақ әдебиетінде алғаш мысал жанрында
жазған Абай «Ӛгіз бен бақаны» 40 жол ӛлең түрінде аударған болатын. Екі
аударманың да тақырыптық, идеялық мазмұны жақын. Автор «Ӛгіз бен
бақа» мысал ӛлеңінде адам бойындағы кӛрсеқызарлық, күншілдікті сынға
алады. Мысалда күншіл бақаның әрекеті екінші кейіпкер (жолдасының)
тарапынан да сынға алынады. Ӛлеңнің жеті шумағында кӛл басындағы ӛгізді
күндеген бақаның іс-әркетін оқиға желісінде ӛрбітіп, соңғы екі шумақта
автор оқырманына қорытынды ғибраттық ой түйеді.
Мысалда мінез-құлық, қасиеттерді әжуа ету, астарлы сынға алу,
дидактикалық ӛсиет айту қалыпты жайт. Мысал жанрында қолданылатын
кӛркем тәсілдің бастысы аллегория (пернелеу). Аллегория – нысанға алынған
құбылысты, не адам қасиетін тура суреттемей, ӛмірде ӛзіне ұқсас басқа бір
нәрсемен, құбылыспен құпия теліп, бүкпелеп, ойды тұспалмен беру тәсілі.
Мысалдың құрылысы әдетте екі бӛліктен құралады: бейнелі әңгіме, оқиға-
сурет және дидактикалық ӛсиет болып келеді. Аталған шығарманы оқыту
барысында эпикалық тектің шағын кӛлемді түріне жататын мысал жанрының
осындай ерекшелігін таныту мақсат етіледі.
5-8 сыныпта оқылатын шығармалардың келесі бір үлкен тобы –
әңгімелер. Қысқа кӛлемді әңгімелер ӛте аз, кӛбі роман, повестен алынған
үзінділер. Яғни әңгіме жанрының табиғатына ұқсас бір шағын бӛлігі.
Әңгіме – оқиғаны қара сӛзбен баяндайтын шағын кӛркемді шығарма
жанры екені белгілі. Әңгіменің жанрлық ерекшелігі оқиғаны баяндау тәсілі,
композициясы, сюжеттік құрылысы, кӛркемдік жүйесі арқылы айқындалады.
Әңгіменің кӛлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын
оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі балады. Онда адам, оның
ӛмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Әңгіме жанры
туралы толық түсінік берілген соң, оның авторы туралы мәлімет беріледі.
Әңгіме жанрын оқытқанда оқушылардың қабылдау, сезіну қабілеттерін
дамытумен бірге оларға әңгімені ғылыми негізде талдай білу үйретіледі.
Бұның ӛзі жазушының эстетикалық және тарихи кӛзқарасымен, ӛзіндік ерек-
шеліктерімен тығыз байланысты болып келеді.
Бағдарлама бойынша 5-8 сыныптарда оқылатын шығармалар алуан
тықырыпты: ӛмір құбылыстарын әр қырынан танытарлықтай, кең тынысты
шығармалар деуге толық негіз бар.
Атап айтқанда, Мұхтар Әуезовтің «Ақын қонақтар» әңгімесі берілген.
«Ақын қонақтар» – ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі саналатын
«Абай жолы» роман эпопеясынан алынған үзінді. Абай шығармашылығында
ерекше орын алатын тақырыптың бірі – ӛнер. Ӛнер тақырыбына М.Әуезов те
ерекше ден қояды. Абай ӛмірі мен ӛнерінің мән-мағынасын бар ынта-ықы-
ласымен, асқан сүйіспеншілікпен терең зерттеген автор ӛз кейіпкері
Абайдың ӛнер-білім арналарын саралап кӛрсетеді. Абайға халық мұрасының
тиізген әсерін нанымды жеткізеді. Тумысынан зерделі баланың рухани алтын
бұлағы – халықтың ауыз әдебиеті, бай әдеби мұрасы екендігін әңгіме
187
барысында айқын аңғаруға болады. Әңгіме сюжетінен жас Абайдың қонақ-
тарына деген ықыласы, түптеп келгенде, халықтың сӛз ӛнеріне деген
ӛлшеусіз махаббаты екендігі байқалады. Абайдың қонақтарына жасаған
тартуы қазақ ӛнеріне жасалған сый-құрмет екендігі анық. Жас баланың іс-
әрекет, мінез-құлқынан ертеңгі кемел тұлғасын таныған қырағы кӛз Барлас
ақын Абайға бата береді. Қазақ халқында бата – жақсылықтың жаршысы
болып есептеледі. Ақын батасы Абай ӛмірінің ақ тілеу серіктесіндей болып,
жолын шұғылалы еткендігін әңгіме барысынан түсіну де қиынға соқпайды.
Мәтіннің мақсаты: Зере мен Ұлжан сияқты аналардың рухани байлы-
ғынан сусындаған жас Абайдың қалыптасу жолын кӛрсету. Ақын қонақтар-
дың жас Абайға әсерін, оның ӛнер адамдарымен достастығы астарынан
танылатын халықтың сӛз ӛнеріне деген ықылас, ниетін байқату. Болашақ ұлы
ақын нәр алған арналарды бағалауға үйрету.
7 сыныпта оқылатын «Абай жолы» романынан алынған келесі бір мәтін
«Біржан сал Абай ауылында» әңгімесі арқылы да ӛнер тақырыбын ӛрістете
оқыту мақсат етілген.
Ӛнер тақырыбын, оның ішінде қазақтың саят ӛнерін таныту Сәбит
Мұқановтың «Лашын» («Ӛмір мектебі» романынан үзінді) әңгімесін оқыту
арқылы мақсат етіледі. «Лашын» әңгімесі «Ӛмір мектебі» романындағы
автордың ӛмір сабағының бірі. Әңгімеде қазақ халқының саятшылық ӛнері
байыпты баяндалады. Құсбегілік – қазақ халқының ертеден келе жатқан
кәсібі. Кезінде күнкӛріс кӛзі болған бұл ӛнер халық ішінде атадан балаға
мирас болып сақталған. Құсбегіліктің кәсіптен ӛзге азаматтың ер болып
қалыптасуына да зор ықпалы болған. Саятшылық ӛнер бір қатар таным мен
білім, білікті қалыптастырады: құс баптау ӛнері, табиғат жағдайын, әр құстың
мінез ерекшелігін тану, әр құбылыс, қимылдың сырын тану, ер баланы шы-
дамдылық пен тӛзімділікке, сән-салтанатқа баулу, сол арқылы ӛмір тәжі-
рибесін жинауға мүмкіндік жасайды. Әңгімеде автор халықтың салт-
дәстүрін, әдет-ғұрпын кӛркем баяндайды. Әңгіме жазушының Балтабай
ауылындағы мұғалімдік қызметінен басталады. Әңгімеде Ахметтің құс салу
шеберлігі, құстардың ерекшелігі кең суреттелген. Шығарма тілі жеңіл.
Соғыстан кейінгі жылдардың ауыртпалығын сипаттау, адамдардың бір-біріне
деген мейір-шапағатын таныту автордың идаялық мақсатын айқындай
түседі. Әңгіменің танымдық, тағылымдық мәні зор. Сәбит Мұқановтың
«Ӛмір мектебі» романынан алынған «Саятшы Ораз» әңгімесі саятшылық
ӛнер тақырыбын кеңіте түседі.
Аталған тақырып бойынша таным, түсінік 7 сыныптағы Абайдың
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» ӛлеңін оқыту арқылы да толығады.
Белгілі бір тақырыпты әр жанрда қамту арқылы сабақтастырып отыру
бағдарламының ұтымды тұсы екенін атап ӛткен орынды.
5-сыныпта оқылатын Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесі де
ӛнердің қасиетін тануға ықпал етеді. Автор шығарма желісі арқылы ӛнерге
деген үлкен құрмет пен Шоқан бойындағы адамгершілік қасиеттерді ӛнеге
етуді кӛздеген. Жазушының «Бала Шоқан» повесі балалар әдебиетіне қосқан
елеулі еңбегі болып есептеледі. Семейде оқып жүрген кезінен Шоқан ӛмірі
188
туралы естіп ӛскен қаламгер кӛптеген тарихи деректерді зерделейді.
Жазушы ӛз естеліктерінің бірінде: «...Шоқан ӛміріне қатты құмарттым. Мен
Шоқан ӛмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол – Шоқанның
кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсін
жасағанын кӛріп, талабын танып, оны ӛзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе,
осы оқиға маған қатты ұнап, хикаят жазуға жұмылдырды. «Бала Шоқанды»
осылай жаздым» – дейді. «Бала Шоқан» повесінен алынған үзінді күзекке
Шыңғыс ауылының келгеніне аса қуанған сары бала әрекетінен басталады.
Кейіпкерлері: Шоқан, Мысық, Шоқанның анасы, әкесі, інісі Жақып.
Әрқайсысының мінез ерекшеліктері әңгіме барысында олардың іс-әрекеті
арқылы ашылып отырады. Автор бала Шоқанның барлық әрекетінен жасы-
нан ақылды, мейірбан, байсалды болғанын аңғартады. Автор Мысықтың іс-
әрекеті мен портретінен шағын ғана ӛз әлемінде жетіліп келе жатқан шебер
баланың секемшіл, үркек мінез-құлқын нанымды жеткізеді. Шығарма тілі
жеңіл, баяндау стилі басым.
Ӛнер тақырыбы 5-сыныптағы С.Жүнісовтің «Ақырғы бәйге» әңгімесі-
мен де толыға түседі. Ӛмірі мен ӛнері ӛзінің кӛзі тірісінде аңызға айналған
Ақан сері – 1843-1913 жылдары ӛмір сүрген ірі тұлға. Ақынның ӛмірі мен
шығармашылығы туралы алғаш сӛз қозғаған Мағжан Жұмабаев: «Ақанның
ӛмірі – ертегі ӛмір. Судай сұлу, желдей екпінді, жалпақ жұртқа жат, жұмбақ
ӛмір» деп жазады. Ақан серінің қасіретті тағдыры жайлы Ілияс Жансүгіров
«Құлагер» поэмасын жазды. Ақан серінің ӛмірі туралы жазылған ең кӛлемді
шығарма Сәкен Жүнісовтің роман-дилогиясы. «Ақырғы бәйге» «Ақан сері»
роман-дилогиясынан алынған.
Әңгімеде Ақан сері ӛмірінің бір кезеңі баяндалады. Ақан ӛнері мен
ӛміріне жасалған үлкен опасыздық Құлагер трагедиясы еді. Әңгімеде
Сағынайдың асының салтанаты, Құлагерге берген Күреңбай сыншының
бағасы арқылы жүйрік аттың сұлу сипаты, Кӛкше ӛңірінің сұлу табиғаты
кӛрінеді. Автор әңгімеде қазақтың ұлттық ӛнерінің бағасы, атбегілік ӛнердің
сыры туралы сүйсіндіре сипаттайды. Шығарма идеялық мазмұнында ӛнерге
деген халықтың құрметі мен сүйіспеншілігі танылады. Сонымен қатар оза
шыққан жүйрікті аяғынан шалатын, ӛнерімен ерекшеленген жанға іштарлық
жасайтын қиянатшыл топтың бейнесі айқын танылады. Автор Құлагер
тағдыры арқылы жүйріктерін тұсаулаған кер заманның шындығын кӛрсетеді.
Сӛздің кӛркемдік қуатын пайдалануда Сәкен Жүнісов қазақ әдебие-
тіндегі ӛзіне дейінгі үлгі, дәстүрді ұтымды қолдана отырып, ӛз тарапынан сӛз
мағынасын кеңейтіп, түрлендіріп, ерекше айшықтап қолданған. Шығармада
қазақ тілінің сӛздік қоры еркін пайдаланылған.
Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» әңгімесі де сол дәуірде ӛмір
сүрген қазақтың белгілі тұлғасына арналған. Шығарма қазақ халқының
тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың ӛмірінен жазылған
автордың осы аттас повесінен алынған. Қажымұқан – қазақ топырағынан қуат
алып, ӛзінің ерен күшін қажырлы еңбегі мен азаматтық намысына жаныған,
жоқшылық ӛмірдің қазанында құрыштай қайнап шыныққан орасан күш иесі.
Ол күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған. Аты аңызға айналған
189
балуан 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль иеленген. Қалмақан
Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесінде балуанның бала күннен күрескер
кезіне дейінгі қалыптасу жолы танылады. Орыс саудагерінің шаруасына
жалданған «Қар күреген баланың» тосын әрекетінен қазақ сахарасының
тылсымындай жойқын күштің бала бойына даруы табиғат берген куат пен
қасиет екендігі байқалады. «Жаяу сүйреген шана» бӛлімінде ауқатты
ортаның әділетсіз, ӛзімшілдігі де қылаң береді. Әңгіменің келесі бӛлімінде де
Қажымұқанның еңбекқорлығы, тӛзімділігі, қажымас қайраты танылады.
Әңгіме желісі тартымды әрі ғибратты, қызғылықты баяндалған. Әңгіме
жанрында кең қамтылатын тақырыптың бірі адамгершілік мәселесі.
5-сыныпта классик жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты»
романынан «Жаңа достар» әңгімесі алынған. Роман 1945 жылы «Қазақ
батыры» деген атаумен жарық кӛрген. Кейін ӛңделіп қайта жарияланады.
Романда бас кейіпкер Қойрош Сарталиевтің түп тұлғасы Совет Одағының
батыры Қайырғали Смағұловқа негізделіп жазылған. Ұлы Отан соғысына
қатысқан мыңдаған қазақ азаматтарының жиынтық образын сомдау уақыт
талабынан туындаған маңызды шешім саналатын. Қаламгер ӛз кейіпкерінің
балалық шақтан бастау алатын ӛмір талқысын шығармада кӛркем бейнелейді.
Адамның Отанға деген ыстық сезімі балғын шақтағы достықты қадірлеу, ӛз
сеніміне мығым, сертке берік болудан басталатынын автор кейіпкерлердің іс-
әрекеті арқылы аңғартады. Әңгіме басында жағалауда жолыққан үш кейіпкер
арасындағы оқиға бірден дамып, тағдырлас балалардың бір-біріне деген ниет
кӛңілдері шешіліп жүре береді. Бас кейіпкерді ӛз жағында сӛйлету арқылы
оқиға мен кӛңіл толқынысын жеткізетін автор кейіпкердің психологиялық
жайын терең ашады. Кейіпкерлердің жанды бейнесі арқылы шығарманың
идеялық астары танылады. Шығармада адамгершілік, достық тақырыбы еркін
ашылады.
7-сыныпта Ғ.Мүсіреповтің мұнан ӛзге екі әңгімесі оқытылады. Ол
«Ананың анасы» мен «Боранды түнде» әңгімелері.
Автордың «Ананың анасы» әңгімесі – ананың типтік образын сомдаған
кӛркем туынды. Қазақтың жаугершілік заманының шежіресінде кӛркем ӛріл-
ген ана махаббаты арқылы әлеуметтік теңсіздікті, қоғам бейнесін, адамдар
тағдырын, адамзат ӛміріндегі ана рӛлін автор мейлінше кең арнада танытады.
Әңгіме бірнеше адамның баяндауында ӛрбиді. Әңгімедегі уақыт пен
кеңістік те бірнешеу. Әңгіменің алғашқы баяндаушы кейіпкері шәкірт-бала
қарт Әйтілестің әңгімесіне құлақ түрсе, қазына кеуде қарт та кезінде «іргеде
отырып ойына тоқи беретін» құйма құлақ бала болғанын әңгіме ауанында
байқатады. Қазақта кӛркем дүниенің мираскерлік сипаты да аңғарылады.
«Қызды сатып алсаң да қатын, тартып алсаң да қатын» дейтін қоғамның бет-
бейнесін автор мейлінше риясыз ашық кӛрсетеді. Басы бәйгеге тігіліп, бес
қолдан ӛткен байғұс әйелге мұқалмас күш беретін де бір-ақ дүние. Ол –
перзент тағдырына деген ананың байыз таппас жүрегі мен шексіз махаббаты.
Ана парасаты мен ӛр рухына кез-келген сұрапыл күш қарсы тұра алмайтыны
оқиға барысында анықталады. Ана қай ғасырда, қай жағдайда болсын ең биік
тұлға. Егер қоғамда әйелдің рӛлі тӛмен болса, ол анаға берілген баға емес, ол
190
сол қоғамның әлеуметтік жағдайының тӛмендігін аңғартатынын автор ашық
кӛрсетеді. Шығарма тілі кӛркем. Шығармада кӛркем образдар типтік сипатта
кӛрінеді.
Жазушы «Боранды түнде» әңгімесінде ауыл үй, ағайын арасында
болатын ӛкпе-назды оқиғаның бастапқы түрткісі ретінде ала отырып, тосын
жайлы, қызықты сюжет жасайды. Оқиға бірінші жақта баяндалады. Автор
кейіпкерлер әлемін баяндаушы «боқмұрынның» сәби кӛңілі мен дүниетаны-
мы шеңберіне сыйғызып, бала танымына лайық, шынайы суреттейді. Ӛзі
қатарлы қыз қылығынан ұялып, үлкендерден тосылған баланың «кӛл
жағасында кездессе, қоғажаймен ышқындырып-ышқындырып алатын қыздың
ӛзі екен» деп кіжінуі балаға тән мінез-құлықты аша түседі. Шығармада бала
мінезі, іс-әрекеті нанымды суреттеледі. Автор сомдаған Қайсар бейнесінде
сал-серілерге тұлғалық ұқсастық бар. Қаламгер шағын шығарма желісінде
барлық кейіпкерлерінің образын бермей, кей кейіпкерлерінің болмысын:
«...қол іске бара алмайтын адам», «...шалқып сӛйлейтін, есіп отыратын адам»
деген сияқты бірер сӛзбен-ақ мінездейді. Күреңтӛбел ат пен құмай тазы
Кӛкдауыл арқылы қазақ тұрмысындағы аңшылық кәсіптің бағасын танытады.
Әңгімеде ұлттық салт-дәстүрдің кӛріністері қазақ ауылдарының тұрмысына
сай кӛрсетілген. Әңгіме желісінен зілсіз, жеңіл юмор байқалады. Оқиғаның
күтпеген арнаға бұрылуы, оқырманын қызықтырып, жетелеп отырады.
Достық, аламгершілік мәселелер Қабдеш Жұмаділовтің «Қозыкүрең»
әңгімесінде де кӛркем ӛріледі. Әңгімеде халықтар достығы тақырыбы, туған
жерге сүйіспеншілік мәселесі кӛтеріледі. Автордың «Сәйгүліктер» повесінен
алынған үзіндіде кӛршілес қоныс тепкен қазақ пен қырғыз елінің достық
қарым-қатынасы баяндалады. Екі елдің бір-біріне ықылас-пейілі айнымай,
ынтымақ, бірлік әкеден балаға жалғасты салтанат құрғаны аға буын Ералы
мен Жұманның, кейіндеп Ағыбай мен Тӛреқұлдың қарым-қатынасынан
айқын кӛрінеді. Әңгімеде адамдар қарым-қатынасы үшін аса зәру жақсы-
лықты бағалау, әке аманатына адал болу сияқты ізгі қасиеттерді дәріптейді,
адамгершілік тұғырына кӛтереді. Автор адамзат ұрпағы үшін қастерлі ұғым
Отан, ынтымақ екендігін шығарманың ӛн бойына ӛзек ете отырып, сыналап
жеткізеді. Кӛршілес екі елдің түрі, тілі, салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары
да бір-біріне ӛте жақын. Автор шығарма кейіпкері Ержанның пайымы арқы-
лы шығарманың идеялық астарына жол салады.
Шығармада екі уақыт кеңістігі кӛрінеді: алғашқысы, Ағыбай отба-
сының қырғыз досының үйіне қонақ болып келуі болса, екінші уақыт
кеңістігінде Тӛреқұлдың әңгімесі арқылы Қозыкүрең басындағы жайт баян
етіледі. Жылқы – текті мал. «Айшылық жолды алты аттап, ... елсіз-сусыз
шӛлдерден, асу бермес белдерден ӛтіп, туған жерге» сүлдері жеткен
Қозыкүреңнің әрекеті, елім, Отаным деген әр азаматқа ӛнеге екендігі анық.
Туған жерге мал екеш малдың да шексіз махаббаты Саяқбай әңгімесіндегі
Қозыкүреңнің іс-әрекеті арқылы әсерлі ӛріледі. Қазақ халқының жылқы
малына деген сүйіспеншілігі танылады. Қозыкүреңнің жершілдігін, табиғат
перзенті жылқы малына деген сүйіспеншілік кӛзқарасты талдау барысында
191
таныту кӛзделеді. Шығарманың тілі кӛркем, идеялық мазмұны терең, сюжет-
тік желісі қызғылықты.
5-сыныптағы Нәсіреддин Сералиевтің «Аңсау» әңгімесінде қоғамдағы
ұрпақ тәрбиесі сӛз етіледі. Ата мен немере арасындағы қарым-қатынастар,
атасын аңсап жүрген бала сағынышы – бүгінгі ӛмір ӛзгерісінде таныс дүние.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қала ӛміріне ӛзгеріс әкеліп,
ауыл мен қаланың ара жігін алшақтатқаны жасырын емес. Ӛмір-тірлігі ауыл-
мен байланысты аға қауым ауылды жайлап, жас буынның қалаға тартылуы
да заңдылық сияқты. Бұл екіге жарылу қазақ қауымының әкеден-балаға жал-
ғасты болып келген үлгі-ӛнегесіне, тәрбиесіне де сызат түсірмей қоймағаны
мәлім. Автор қоғамдағы осындай күрмеуі қиын күрделі мәселені шағын ғана
әңгіме сюжеті арқылы шебер ӛрбітеді. Қалада туған баланың ауылмен бай-
ланысы сиреген сайын тағылым тамыры тартылып, ұлттық тәрбиенің солғын
тартатынын қарияның немерелері жайлы ойлары арқылы байқатады. Ата мен
немере арасындағы сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына
дарытатын аға буынның тәрбие-тағылымдық, отбасылық орны деген мәселе-
лер шығарманың идеялық ӛзегіне арқау болады. Сүйіспеншілігі мен махаб-
баты берік отбасында ғана ұлттық құндылықтар салтанат құратынын автор
Ермектің атасына деген сезімі арқылы, келіншектің қария алдындағы ізет,
құрметі арқылы шынайы жеткізеді. Әңгіме тілі жеңіл, кейіпкерлер әлемі
шынайы. Үш кейіпкердің арасында ӛрбитін шағын сюжет арқылы автор
үлкен қоғамдық-әлеуметтік ойларды туындатады. Шығармада автордың
ӛзіне тән («балапан тал», «даланың жілік майындай таза ауа», «саяжол»,
«күлбіреу» сияқты) сӛз қолданыстары мен диалект сӛздер («қоналқы бӛлме»,
«талмау», «зәңкиген») де кездеседі.
Дәл осындай қоғамдық-әлеуметтік мәселе Тӛлен Әбдіковтің «Қонақ-
тар» әңгімесіне де арқау болған. Екі әңгімені сабақтастыра оқыту жас буынға
аға ұрпақ тағылымы мен тәрбиесінің бағасын тануына септігін тиігізеді.
Лирикалық шығармаларда кең қамтылған оқу-білім тақырыбы әңгіме
жанры арқылы ба берілген. Бұл тақырыпқа 2013 жылғы оқу бағдарламасына
қайта оралған (аталған әңгіме 75-90 жылдардағы әдебиет бағдарламасында
оқытылған) Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесін атауға болады. Б.Майлиннің
ағартушылық кӛзқарасы «Алғашқы сабақ», «Ауыл мектебі», «Бақберген
мектебі», «Түйебай» әңгіме, пьесаларында еркін танылады. Жазушы кӛбіне
оқудың мән-мағынасын қарапайым сюжетпен адамдар тағдырының шынайы
кӛрінісі арқылы шебер жеткізеді. «Түйебай» әңгімесі әлеуметтік жағдайға
тәуелсіз балалықтың бал дәуренін еркін кешкен ауыл балаларының сол
жылы молдаға оқуға баруынан басталады. Ескіше оқуының мағынасыздығын
танытқысы келген автор молданың портретін беруде жағымсыз кӛніл-күй
қалыптастырса, іс-әрекеті арқылы әділетсіз қоғамның бет-бейнесін ашық
кӛрсетеді. Ӛздері жалшылықта, жоқшылық тауқыметін тартып жүрсе де, ата-
анасы Түйебайды молдаға оқуға береді. Қай заманда болмасын болсын оқуға
деген кӛзқарас жоғары. Дегенмен, молда оқуының балаға берері аз,
мағынасыз. Молданың қатал тәртібі мен талабының астарында әлеуметтік
теңсіздік мәселесі бой кӛрсетеді. Автор «Сен бақыттысың ғой» деген сӛзді
192
Түйебайдың «әлденеге телміріп, қызығып қараған» кӛзімен айтқызады. Сол
арқылы Түйебайлардың тағдырының ауырлығын тереңдете түседі. Кейіпкері-
нің бірінші жақта баяндауы түрінде жазылған әңгіме оқырманның «аяушы-
лық сезімін оятып, кӛзіне жас үйіреді».
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», М.Әуезовтің «Кӛксерек»
әңгімесі, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Балықшылар» тақырыбымен «Қан мен
тер» романынан үзіндісі, Шерхан Мұртазаның «Тұтқын бала» тақырыбымен
«Қызыл жебе» романынан үзіндісі, Сәбит Мұқановтың «Есіл бойында»,
(«Ӛмір мектебі» романынан) әңгімесі, Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі»,
Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады», Оралхан Бӛкейдің «Тортай
мінер ақ боз ат» әңгімелері әңгіме жанрын тақырып, құрылым ерекшелігі
жағынан да еркін ашуға мол мүмкіндік береді.
Эпикалық тектің орта кӛлемді түрінен мектеп бағдарламасында поэма-
лар берілген. Повестер қаламгер шығармашылығын монографиялы оқитын 11
сыныпта ұсынылған.
Поэма жанрында алдымен 5-сыныпта І.Жансүгіровтің «Күй» поэмасы-
нан үзінді беріліп, 8-сыныпта Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-
Мамыр» поэмасы, Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы оқытылады.
«Батыр Баян» поэмасын оқыту барысында әдебиет теориясынан поэма
туралы түсінік қалыптастыру кӛзделеді. 8-сыныпта Мұқағали Мақатаевтың
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқыту арқылы поэма жанры туралы
түсінік еркін ашыла түседі. Жалпы білім беретін қазақ мектептеріне аралған
2013 жылғы бағдарламада Иса Байқазовтың «Құралай сұлу» поэмасы
ұсынылған. Кӛркем сӛз зергері Иса Байзақовтың аталған поэмасы оқу
бағдарламасына алғаш енгізіліп отыр.
«Құралай сұлу» поэмасы – ел аңызына құрылып, романтикалық
сарында жазылған кӛркем туынды. Поэма ең алғаш «Қызыл Қазақстан»
газетінде жарық кӛріп, бірден елдің зор ықыласына бӛленеді. Поэманың
идеялық құндылығы халық кӛкейіндегі мәселені кӛтеруінде. «Құралай сұлу»
поэмасында бірнеше тақырып қатар ӛріледі. Отанға, туған жерге деген шексіз
махаббат, қайсар рух Келден батыр мен Құралай образдары арқылы нанымды
беріледі. Шығармадағы батырды: «Үш-ақ күн ӛмір сүрдім үш мың жылдық,
Не керек жазылмайтын дертте қалдым» дегізген ӛксікті махаббаты оқыр-
манына сезімнің асқақтығын байқатады. Поэмада жазба әдебиеті мен халық
поэзиясының дәстүрі тоғыстырылған. Ол шығарманың сюжетінен де, сурет-
теу тәсілдерінен де айқын аңғарылады.
«Құралай сұлу» поэмасын саф алтындай асыл, жауһардай мӛлдір ететін
ерекшеліктің бірі – оның тілдік астарында. Ақын поэмада пейзаж, суреттеу
құралдарын үлкен шеберлікпен ӛрген.
«... Ой ӛліп, ӛмір сӛніп кӛп соғылған,
Суреті ӛткендердің алдымда тұр».
«Шаңқанда шағалалы құстар ұшып
Шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп.
Қызғыш-қызық, шәуілдек жағын безеп,
193
Аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып» – дегендей сӛзден кӛркем сурет
жасайды. Ақынның суреткерлік шеберлігімен қатар сӛз таңдаудағы ӛресі де
ӛрісті. Бір поэманың ӛзінен ел ішінде афоризмге арналған: «Ер туып, жоқ
елді бар қыла алмайды, Ел болса ер туғызбай тұра алмайды» немесе «Елден
де ер арманы күшті» сияқты мол тіркестерді ұшыратуға болады. «Құралай
сұлу» поэмасы – кӛркем сӛздің қуаты мен ақындық шеберлікті танытатын
бірегей туынды.
Поэма жанрын оқытуда шығарманың жанрлық ерекшелігін таныту,
композициялық құрылым жүйесін талдату, образдар әлемін сараптаумен
қатар кӛркемдік-эстетикалық сипатын танытуға да ерекше ден қойған абзал.
Ӛлең үлгісінде жазылған шығарманы мәнерлеп оқу, рӛлге бӛліп оқу,
сценарий жасау шығарманың кӛркемдік сипатын танытуға үлес қосады.
Оқушыларға «авторға хат», «қос жазба күнделігі» «эссе», «рецензия» жазу т.б
тапсырмалар беру оқушыларды шығармашылық жағынан дамыта түседі.
Жалпы 5-8 сынып аралығындағы мәтіндер оқушыға танымдық,
тәрбиелік, дамытушылық мақсат-міндеттерді орындауға лайықты алынған.
Мәтіндердің тынымдық дәрежесі жоғары. Оқушыларға адамгершілік-эстети-
калық, мәдени-тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді
танытуға, оқушылардың тілдік қорын байытуға мол мүмкіндіктер туғызады.
Эпикалық тектің орта, кең кӛлемді түрлерінің басым бӛлігі жоғары
сыныптарда оқылады. Әдебиеттің қысқаша тарихи курсын оқитын 9-11
сыныптарға оқушылар белгілі бір дәрежеде әдеби жанр ұғымын қалыптас-
тырып, кең кӛлемді әдеби түрлерді ӛздігінен игере алатындай дәрежеде
келеді. Сондықтан болар, жоғары сынып оқушыларына әдебиетті оқытудың
формасы кӛбіне шолу бағытын ұстанады.
Достарыңызбен бөлісу: |