мақта терім сияқты диалектизмдер мен кәсіби сөздер шығарма оқиғасы
оңтүстік өңір адамдарының тұрмыс-тіршілігін суреттейтінін бірден аңғартады.
«Арада біраз күн өткен соң шаң сорып түтіккен жүздерге қан жүгіріп,
диланып алған еркектер қорадағы малдарының астын тазалап болған соң қуыс
құлақ күректі дуалға сүйей салып, үйдегі қайнап тұрған шайға да қарамай
көптен хабарсыз кеткен қоңсысының үйіне барып, әуліден мойнын созып ішке
қарайды. Осы кез әулі ішінде әйтеуір сол үйдің бір адамы жүреді, тым
болмаса иті үреді» [104, 250 б.].
Автор көп сөзділікке салынбай, оқиғаға қатысты кейбір қосымша
ақпараттарды нақты тілдік бірліктердің бойына еркін сыйдыра білген. Оның
жазушылық шеберлігі де осында. Көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік
мәселесін сөз еткен Ө.Әбдиманұлы бұл категориялардың Д. Исабеков
шығармаларында көрініс табуы туралы мынадай пікір білдіреді: «Дулат
Исабеков шығармаларындағы болып жататын оқиғалар кеңістік жағынан әдейі
тиянақталмаған. Оқиғаның қандай жерде, қай уақытта болып жатқанын тек
адамдар қатынасынан, анда-санда бір көрініп қалып жататын тұрмыстық
суреттерден, кейіпкерлердің сөз саптау ерекшеліктерінен ғана жобалай аламыз»
[105].
Жалпы
диалектизмдердің
қолданысын
антропоөзектік
бағытпен
байланыстыра қарастырып жүрген ғалым Ж.И. Мұхамбетов жергілікті тіл
ерекшеліктерінің эстетикалық мәні олардың контекстегі қолданысы мен ішкі
уәжділігі негізінде айқындалатынын айтады. Ғалым өзінің «Диалектизмдердің
қолданысын антропоцентристік бағытта зерттеу мәселелері» атты мақаласында:
64
«Шығарма авторы жергілікті тіл ерекшеліктерін қолданғанда кейіпкер бейнесін
аша түсу мақсатымен сол жерге, аймаққа тән лексикалық, морфологиялық,
фонетикалық ерекшеліктері бар сөздерді қолданады. Бұл – мақсатты қолданыс,
яғни шығарманы жазбас бұрын автор болашақ туындысына қажетті сюжет,
фактілерді, деректерді жинаумен қатар сол аймақтың тұрғындарының тіліндегі
жергілікті ерекшеліктерді де сұрыптап пайдалануға тырысады», – дей келе,
осыған байланысты С. Аманжоловтың пікірін келтіреді: «Диалектілік лексика
шығарманың көркемдік құрылымының ішкі заңдарына бағынады және оның
түрлі деңгейлерімен күрделі әрі жүйелі қатынаста болады. Сондықтан оның
контекстуалды-көркемдік мақсатын туындыны құрудың ішкі заңдарының
ұстанымдары туралы осы қарым-қатынас анықталған кезде ғана ашуға болады»
[106, 185 б.].
Сонымен қатар автор кейіпкер сөзіне экспрессивті-эмоциялы реңк беру
мақсатында дөрекі сөздерді кейіпкер сөзіне қосып, оның болмысын, танымын,
білім деңгейін танытуды да көздейді:
«
Оңбаған, жер жыртуды әлі үйретемін мен саған,
депті.
Әй, бригадир болмақ түгілі, құдай болсаң да, әлгі сөзіңді қайталап
айтсаң, айтпады деме, сойып саламын,
дейді Шойекең.
Сен кімді соясың, мына мені ме? Кімге шамаң келеді, оңбаған
Шойынқұлақ!
деп анау өзеурейді. Онда Шойынқұлақты бәріміз де Алданыш
деп шыға атымен атайтынбыз. «Оңбаған Шойынқұлақ» деген сөзді алғаш
есіткен ол, бригадирге бүркіттей төніп:
Әй, не дедің? Қайта айтшы!
дейді.
Несі бар? Оңбаған Шойынқұлақсың!
дейді анау қайталап. Бірақ
айтарын айтса да, түрі бұзылып кеткен Шойынқұлақтан сескеніп, атына міне
салып қашпақ болады. Шойынқұлақ оны жұлып алады да, біраз мыжып-
мыжып, ерге теріс қарай отырғызып, шылбырмен әбден шандиды да,
қалтасындағы темекіден атының құйрығына құйып, жүгенін сыпырып қоя
береді» [93, 9 б.]. Бұл үзіндіде жазушы кейіпкерді сипаттау мақсатында
Алданыш есімді ерге Шойынқұлақ деген лақап ат беріп, оны дөрекі «оңбаған»
сөзімен тіркестіреді. Мұндай сөздер «Ақырамаштан наурызға дейін»
әңгімесінде де жиі ұшырасады:
«Иесін көрген соң есіріктене түскен төбетті «Жат, әтәңә нәлет» деп,
жәшік ұясына қуып тығып, «Ойбай-ау, кірсеңші. Әбдешім бригад құсап
қораның сыртынан айғайлап тұрғаның қалай? Үй-ішің аман ба? Ой, аузыңды
ұрайын!» – деп жалбақтап қуанып қалады»;
– Өшір! Осы иттің баласы-ақ өлтіретін болды-ау адамды, – деді сонау
Киевтегі баласын кінәлап»;
«– Қап, қап мына қызталақты-ай, ә?
– Ақсақал, боқтамай сөйлеңіз.
– Боқтағаны несі, кім сені боқтаған?
– Сіз боқтадыңыз. Ол сөзіңіз үшін жауап бересіз» [104, 263 б.].
Жоғарыда келтірілген мысалдардан ауылдың қарапайым, аңғал
адамдарының боямасыз бейнесі көрінеді. Автор кейіпкерлерді оңбаған, әтәңә
65
нәлет, аузыңды ұрайын, иттің баласы, қызталақ сияқты бейәдеби тілдік
бірліктермен сөйлету арқылы олардың ішкі сезімін, адуынды тұлғасын, қатты
ашу-ызасын әсерлі, шынайы жеткізеді.
Автордың тілдік қолданысында бұдан басқа әптің құрғыр, көргенсіз,
боқмұрын, енеңді ұрайын, есалаң, оттама, иттің күшігі сияқты дөрекі сөздер
көптеп кездеседі. Жазушының бұл тіркестерді пайдаланудағы негізгі мақсаты –
оларды экспрессоид (эмоциялық бояуы күшті, әсерлі сөз) ретінде қолдану болса
керек. Дөрекі сөздерді көңіл-күй лебіздерін білдіретін сөз орамдарының
қатарына жатқызып жүрген ғалым С.Бизақов тіліміздегі қарғыс, зеку, ескертпе
жасау, кею мен кекесін, лағынет пен назалану, боқтау, ғайбаттау мәнді сөздерді
жинақтай келе: «Ғайбаттау – жеке адамның, белгілі бір топтың жақсы
қасиеттерін көре алмаушылықтан туындайтын ашу-ыза мен қызғаныш сезімінің
жағымсыз көрінісі. Балағаттауға адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін
әдепсіздікпен, анайы түрде кемсіту жатады» деп тұжырым жасайды [107, 270
б.]. Дегенмен бейәдеби элементтер әрдайым ашу-ыза, қарғыс пен наза
мағынасында айтыла бермейді, контексте автордың стильдік мақсатына
байланысты өзінің тура мағынасынан ауысып қолданылатын кездері де болады.
Мәселен, жоғарыдағы мысалдағы «әтәңә нәлет», «аузыңды ұрайын» тіркестері
еш зілсіз, кексіз, кекесінсіз айтылып, әзіл-қалжыңы жарасқан құрбы-
құрдастардың бейнесін шынайы жеткізу үшін мақсатты түрде алынған.
Қалай десек те, қазақ тілінің сөздік қорынан айрықша орын алатын дөрекі
сөздер өзінің сыр-сипаты жағынан да, стильдік қолданысы жағынан да,
эмоционалды-экспрессивті реңкі жағынан да шығарманың ұлттық қасиетін
айқындайтын тілдік бірліктер болып табылады. Көркем шығармада дөрекі
сөздерді қолдану арқылы жазушы адресат пен адресанттың кейпін, сипатын
оқырманға ұсынатынын Р. Сыздық былайша түсіндіреді: «Дөрекі, қарапайым
элементтер, бөгде тілдік сөздер, әсіресе макаронизмдер кейіпкердің мінез-
құлқын, алған тәлім-тәрбиесін, білім, мәдениет дәрежесін көрсету үшін
келтіріліп, оның образын жасауға көмектеседі. Көркем шығарманың
«көркемдік» шарттарының бірі де – осында. Бұл шарт – тәсіл, стильдік тәсіл.
Тәсілдің дұрыс қолданылуы – жазушының сөз құдіретін тану шеберлігіне алып
барады» [60]. Десек те, бұндай қарапайым сөздерді орынсыз қолдану көркем
шығарманың сапасына әсер етіп, көркемдігінен айырады. Қарапайым сөздер
қашан да тілді көркемдемеген, олар тілге экспрессивті-эмоционалды бояу ғана
берген.
Адам мен қоғамның өзгеріп, өсіп, дамуына сәйкес тіл де үнемі толығып,
әртүрлі ішкі-сыртқы факторлардың әсерінен өзгерістерге ұшырап, кемелденіп,
жетіліп отырататыны белгілі. Сондықтан тілді уақыт факторынан тыс
қарастыру, танып-білу мүмкін емес. Уақыт факторы арқылы тілдегі кейбір ішкі
өзгерістердің себеп-салдарын, сол өзгерістер арқылы тілімізге енген
лексикалық, грамматикалық бірліктердің қолданылу аясы мен ерекшеліктерін
анықтауға болады. Өткен ғасырларда халық өмірінде орын алған кейбір саяси-
тарихи оқиғалардың көркем шығармаларда көрініс тауып отыруы да уақыт
факторының белгілі бір деңгейдегі көрінісі болып табылады. Тарихи оқиғалар
көркем шығарманың тақырыбы мен идеясына арқау болып қана қоймай, оның
66
ішкі тілдік сипатына да әсер етеді. Мәселен, Д.Исабековтің Ақпан, Қазан
төңкерістері жылдарындағы немесе Кеңестік кезеңдегі өмір шындығын
суреттеген шығармаларынан («Социализм зәулімі», «Дермене», «Тіршілік»,
«Ескерткіш», т.б.) автордың сол заманға тән тілдік бірліктерді жиі қолданғанын
көруге болады. Автор кейіпкер тілі немесе баяншы сөзі арқылы оқырманды
сендіру мақсатында сол заманға сай терминдерді шығармасында әдейі
пайдаланған.
ХІХ ғасырдың бас кезінен ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақ
тілінің лексикалық құрамында орыс сөздерінің актив қолданыста болғаны
белгілі. Бұл құбылыс әкімшілік, сауда-саттық, сот-заң, ел билеу салаларынан
бөлек, күнделікті өмір тіршілігіне, яғни тұрмыстық лексикаға да өз әсерін
тигізбей қоймады. Д. Исабеков халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі осындай
өзгерістерді шынайы көрсете білген. Автор қолданысында кірме элементтер,
соның ішінде орыс тілінен енген сөздер екі түрлі тәсілмен берілген. Бірі –
сыртқы түпнұсқа қалпын сақтап қалған кірме сөздер. Мысалы: Ол кезде
Тоқсанбай қарттың жалғыз ұлы совхоз директоры еді; Тоқаңның ұлының
Достарыңызбен бөлісу: |