67
талғамсыз жұмсауы емес, керісінше оның сауаттылығы мен талғампаздығының,
әр кейіпкерді жіті бақылауында ұстай білетіндігінің көрінісі. Көркемдік
мақсатқа орай алынған мұндай бөгде стильдік элементтер оқиғаның қай дәуір,
қандай ортада өтіп жатқандығын, соған тән бояуларды көрсетеді.
Кейіпкер
тіліне әлеуметтік-типологиялық мінездеме береді [33, 60 б.]. Дегенмен,
көркем
шығармада бөгде тілдік сөздерді қолдану уәжі әрқашан бірізді бола бермейді.
Алдыңғы мысалда автор қазақ азаматтарын орысша сөйлету арқылы олардың
жеке ерекшеліктерінен ақпарат берсе, «Ескерткіш» әңгімесінен алынған мына
мысалда ағылшын сөзі таза коммуникациялық функцияда жұмсалған:
«Олар комбинат алдына келгенде өз көздеріне өздері сенбей тұрып қалды.
Бәрі тұр, тіпті, тұғыр да орнында, тек ескерткіш жоқ! Аудармашы мен
шетелдік бір-біріне қарады. Сонан соң көздерін уқалап тұғыр үстіне қайта
үңілді.
SOS! – деді Джонс айғайлап,
SOS! Ескерткішті біреу ұрлаған».
Адам лексиконындағы әрбір сөз – оның өткен тарихы мен бүгінгі өмірінің
айқын көрінісі, нақты куәгері. Тілдің сөздік құрамы қоғам өмірінің саяси,
материалдық және басқа да салаларында тұрақты болып жататын өзгерістерді
барынша жылдам бейнелейді. Осындай экстралингвистикалық факторлардың
әсеріне байланысты тілде сөз мағыналарының тарылып, кеңейіп, ауысу немесе
мүлдем жойылып кету үдерістерінің болуы заңды құбылыс. Ал көркем
шығарма – сол көнерген сөздерді оқырман санасында қайта жаңғыртып, жаңа
мағына берудің бірден-бір көзі болып табылады. Әсіресе тарихи тақырыпқа
жазылған шығармаларда мұндай сөздер айрықша мәнге ие болады. Д. Исабеков
шығармаларының тілдік ерекшеліктерінің бірі – көнерген, қазіргі күн
тұрғысынан қарағанда мағынасы көмескіленген атаулардың жиі қолданылуы.
1. Айталық, бір әңгіменің тақырыбына арқау болған
«ақырамаш» сөзін басқа
шығармалардан да жиі кездестіреміз:
Қызыл топырақтың астынан қос құлақ
Достарыңызбен бөлісу: