98
ә) әлемнің тілдік бейнесіндегі ұғым, идея концептісін қоса алғандағы
когнитивті деңгейі;
б) мақсат, уәж, қызығушылық, интенциямен анықталатын
прагматикалық деңгейі.
Демек, тілдік тұлға дегеніміз
өзі ұлттық тіл ортасында, ұлттық
құндылықтар арасында тәрбиеленген, ұлттық рух пен ұлттық тілді толық
меңгерген жеке адам, бүкіл ұлттық болмысты бойына жинақтаған индивид.
Зерттеу
жұмысының
өзегіне
айналып
отырған
Д.
Исабеков
шығармаларынан автордың тұлғасын тануға әбден болады. Себебі жазушы
тілдік білімі, аялық білімі, таным мен мәдениеті арқасында көркем туындыны
өмірге әкелді. Туындыдағы әрбір тілдік бірлік автордың түйсігі мен санасын,
танымы мен талғамын толық аралап барып сыртқа шықты. Авторды жанды
десек, шығарма да автормен бірге өмір сүріп келе жанды тірі құбылыс.
Көркем шығарма авторының тұлғасын анықтауда мынадай мәселелер
қарастырылады:
1. Мінез-құлықты феномендік сипаттау мен ажырату мәселесі.
2. Зерттеушінің алдында тұрған міндеттердің кез келген шартына сәйкес
мінез-құлықтың жекелік типологиясының мәселесі.
3. Мінез-құлықтың жекелік бірліктерін талдау мәселесі.
4. Мінез-құлықты қалыптастыру және оның сыртқы ортамен қатынасы
мәселесі [130].
Автор тұлғасын анықтауда зерттеушілер шығармадағы кейіпкерлер тілін
негізге алады. Автордың кейіпкерді сөйлетуі, түрлі әрекеттер жасатуы арқылы
өзінің ұлттық мәдениетінен хабар береді. Себебі кейіпкерді сөйлететін де,
оқырманды мәтін тануға шақыратын да автор. Бүгінгі ғылымда бұл мәселені
«автор – кейіпкер – оқырман» үштағаны деп атайды.
Кейіпкер тілі арқылы оқырман автордың ұлттық мәдениетін бағалай
алады. Д.Исабековтің тілдік білімі негізінде көркем мәтін көркем болмақ, ал
ұлттық таным мен мәдениеті арқылы терең мазмұнға ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: